Просмотреть запись

 Осыдан біршама уақыт бұрын жариялаған мақаламызда, Қазақстанда әлемнің басқа жеріндегі  авторитарлық-диктаторлық елдер сияқты пандемияны, карантин мен ТЖ азаматтық белсенділер мен наразылық жасаушыларға қарсы пайдаланып жатқанын айтқан едік. Бірақ сол пікірлерімізге айқын дәлелдердің соншама көп болатындығын білмеппіз. 

Мақаламызда Қазақстанның түрмелері мен лагерьлеріндегі аурулардың жағдайы шын мәніндегі есеп-қисап бойынша берілетін нақты жағдайдан ауыр болар, себебі біздің Қылмыстық атқару жүйеміз онсыз да жабық, билік осыны пайдаланып шынайы жағдайды жасырып, бұл жайлы аузын ашқандардың аузына қақпақ жабатын болар деп болжам жасаған едік. Айтқанымыз айдай туды, өкінішке қарай. 

 ЛА 155/14  мекемесінің әкімдігі жазасын өтеп жатқан Әсет ӘБІШЕВТІҢ неге мекемеде карантинге қарсы қауіпсіздік шаралары жасалмайды деп сын айтқаны үшін сөгіс жариялап, «қасақана құқық бұзушы» деп 6 айға СУС-а (түрме ішіндегі түрме) қатаң жағдайда ұсталсын деп жазалады. 

БҰҰ өзінің пандемия жағдайына байланысты таратқан директивалық құжаттарында ерекше атап өткен болатын: карантиндік шаралар кезінде сотталған адамдарға арнайы тексерушілердің,  сотталғандарға қарсы азаптау, қаталдық пен аяусыздық әдістеріне қарсы күресетін ұйым өкілдерінің кірулеріне тиым салуға болмайды, әкімдік осы жағдайды пайдаланып сотталушыларға қарсы есеп айырысу, жағымсыздарды жазалауды болдырмауы тиіс деп айтқан еді.  

Бірақ Қазақстандағы БҰҰ қарамағына қарасты азаптауды болдырмауға бағытталған Ұлттық превентивтік механизм (ҰПМ), біздің  тексерілген ақпаратымыз бойынша өз бастығынан қарантин кезінде түрмелер мен лагерьлерге (арнаулы поселениеден басқа) бармайсың деп тиым алыпты.  Ал ҰПМ-ң Қазақстандағы бастығы кім дейсіз ғой. Ол — Қазақстанның адам құқы жөніндегі омбудсмені.  Шынын айтуға тиіспіз, қазақстандық омбудсмен мен оның еліміздегі офисі әлі күнге дейін қазақстандықтардың сеніміне ие болмаған тұлға. Бұл офис баяғыдан бері билік жағында «ойнап» келеді.

Мысалы, ҰПМ-а сотталушыдан арыз түсті делік, ҰПМ-а отырғандар омбудсменге шешім айтыңыз, сотталуға барайық па деп хабарлайды. Омбудсмен екі апта ойланады, бұл мезгілде мекеме әкімдігі «арызқойды»  қысымға алып арызын бас тартуға үгіттейді. Әрине екі аптаның ішінде «арызқойдың» денесіндегі дақ, жарақаттар жазылып қалпына келеді… Авторитарлық ел қандай болса, оның омбудсмені де сондай. Ауыстыру керек… бүкіл жүйені…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.