5 мамырда Петропавлда кезекті саяси сот ісі қаралмақ. Бұл жолғы сот блогер әрі азаматтық белсенді Азамат БАЙКЕНОВТЫҢ үстінен болады.  

Заң тұрғысынан алғанда бұл айыптаудың қисынсыз сорақылығы сонша, тіпті айтуға тұрмайды; өз пікірін айтқан адамды кезінде ЕҚЫҰ-а төраға болған елде соттап жатыр деп айтудың өзі ұят. Ал депутаттарды тағайындайтын елге неге күлмеске. Нағыз сорақылық емес пе. 

Мұндай кезде еліміздегі қалыптасқан дәстүр бойынша, айыптау саяси тапсырма бойынша өрбиді.  Азаматты көрмеген куәгерлер мен сарапшылардың  (сарапшыларға бәрібір, кез келген тапсырманы «негіздеп» береді) қорытындыларына сүйенген. 

Асыранды  «мықты» сарапшылар бізде көп, «тәуірлері» жоқ. Әрине бар, бірақ олардың сараптамалары қабылданбайды.  Қазіргі сот орындарында сот үкімі бір қаулыдан ешқандай өзгеріссіз көшіріліп екіншісіне аударылады, сосын дайын үкімді оқи бер..

Азаматтың айтқан пікірлеріне Қазақстанның  бірнеше азаматтары желіде қолдау білдіргені сол екен, ойбай, ол мына пікірімен азаматтарды елдегі билікті төңкеруге шақырып жатыр деп шыға келді. Иа, мұндай жағдайды талай рет бастан кешкенбіз. Дәл осындай сөздерге 2012 жылы жоғарыдағыдай «мықты»сарапшылар «сараптама» жасап Владимир Козловтың айыптылығы жайлы «қорытынды» жасаған еді. 

Шынтуайтына келер болсақ, бұл сөздерді мрамор тасқа қашап жазып парламент үйіне кіретін есіктің маңдайына іліп қойса еш артықтығы болмас еді. Себебі бұл сөздер кез келген біз сияқты жемқор басқарушылары бар елдің оппозициясының алдында тұрған мақсаты. Биліктің әлсіз жақтарын көрсетіп, оны дәлелдеп отыру кез келген оппозицияның күнделікті жұмысы, өзінің оппозиция екенін көрсетіп халықты жемқор билікті орнынан қууға, ауыстыруға, қайта сайлауға шақыру олардың міндеті. Осылай болуы тиіс, осылай болып келеді де, әлемде. Бірақ ол елдерде депутаттарды тағайындамайды….

 Азамат БАЙКЕНОВ – қарапайым жігіт, оның өз пікірі бар, қоғамда, ортада болып жатқан істер жайлы айтуға құқы бар, неге оны айтпасқа.  Азаматты дәл осы құқығы үшін соттамақшы, әділетсіз биліктің басында көп жылдар бойы отырғандар.   Азаматсың, жігітім!   

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.