Осыдан бір ғана апта бұрын азаматтық белсенді Даная Қалиева бір істің қатысушысы еді, енді міне қылмыстық істің қатысушысына айналды. Иа, дәл солай!  Аты жұртқа мәлім Қылмыстық кодекстің 274 бабы 4 бөлімі — «таратқаны үшін». Сөз жоқ осыдан 90 жыл бұрын болса, «зиянкестік» деп танылып «халық жауы» аталған болар еді. 

Бұл істің тағы бір қызық жері —  «таратқаны үшін» зардап шеккен жақ  — «билік пен бизнес» екен. Бұл «кісілердің» аты-жөндерін кейін еске түсірерміз, әзірше өз басымнан кешкен бір жәйтті айтайын. 

Осы бір қоғамдық симбиоз жайлы ең алғаш рет таңырқанып 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасы бойынша болған сотта кездестім. Симбиоз дегенді білетін шығарсыздар («екі организмнің бір бірімен ұжымдасып өмір сүруі), мен бұл жерде билік пен ірі капиталдың бірігіп өмір сүруін айтып отырмын, бізде бұл екеуінің жымдасып өмір сүруі қалыптасқан нәрсе. Кез келген ірі капиталды алып қараңыз, артында билікте отырған атақты адамның аты жөні көрініп тұрады. Тағы бір мені  таң қалдырғаны, сарапшы-саясаттанушы, тапсырысшы тергеу жағы оның ақшасын төледі (істі ҰҚК жүргізді), өзінің соттағы ресми сөзінде «билік пен ірі бизнес бір әлеуметтік топқа жатады» деп мәлімдеді. Ал, біз — мұнайшылар және оларды қолдаушылар басқа әлеуметтік топ екенбіз. Дәл осылай мінбеден айтты, жазды, іс қағаздарында қалды! 

Екі мыңға жуық (!) куәларды сөйлетіп менің тарапымнан бірде бір айып таба алмаса да тергеу жағы осылай айтты.  «Сарапшы» ҰҚК үшін қолдан жасанды түрде менің «қылмысымды» жасап берді. Ол қылмыстың аты — «әлеуметтік араздықты қоздыру», менің ереуілге шыққан мұнайшыларды, олардың мұнай бизнесінің қожайындарымен өз құқықтары үшін күресін  қолдағанымды маған айып деп тақты. Бұл бизнестің қожайыны «атақты бизнесмен» Тимур Құлыбаев және билік, оның құрамындағы әкімдер мен қайын атасы, оларды қолдаушылар… Кейін 164 (қазір 174) бапқа «тапаралық араздықты» кіргізді…

 

 Даная Қалиеваның ісіне оралайық: Данаяға Фейсбуктегі «Ақсақалдың жазбалары» деген телеграм-арнада жарияланған материалды қайта басқаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Көпшілік бұл материалды оқыған болар — коронавируспен ауырған науқастарға арналған құрылысы өте қымбат ауруханаларды  «BI-групп» тобының бизнесмені Рахимжанов өткізе алмай отырған тұрғын үй модульдерінен салу қажет пе, жоқ па деп айтқаны.  Телеграмм-арнаның  айтуынша бұл бизнестің артында  премьер-министр МАМИННІҢ мүддесі бар көрінеді. Бұл сөзге ешкім мән бермей отыр, тіпті ешкім оны талқылаған да жоқ. Себебі бізде бәрі «патаму што». Бизнесмен Рахимжановтың аты соңғы атышулы үкіметтен «көмек сұрағандардың»  ішінде де жүр, бұған да ешкім таң қалған жоқ…  «Халқым» деп зарлап жүргендер (халқының қанын ішіп жүргендер десе де болады)  «қайырымды» істерін бюджеттің есебінен жасаймын деп «қиналып» жүр емес пе.. Бір миллионға қайырымдық жасаса,оны бюджеттен жүз миллион етіп қайтарып алуды ұмытпайды.  

Бизнесмен РАХИМЖАНОВты бұл материалдың ашуландырғаны сонша, ашық түрде наразылық жасады, ауруханалар салу мәселесіне ерекше адамгершілік тұрғысынан айналысып жатқанын айтып, бұл сөзіме күмән келтіргендерді міндетті түрде жауапқа тартамын деп уәде берді. Өзін нағыз еркекпін деп санайтын Рахимжанов сөзінде тұрды. Данаяны жауапқа тартып, астаналықтар істі алматылықтарға тапсырды. Қазір Данаядан тұрған жерінде жауап алып жатыр. 

Данаяға қойылып жатқан тергеу сұрақтарының бір-екеуін айта кетейік, мысалы:  «..қандай мақсатта жалған ақпаратты көшіріп бастыңыз..?», «.. карантин мен ТЖ кезінде жалған ақпарат тарату мақсатында ашқан жалған аккаунтыңыз бар ма..?»…   

Дегенмен бұл сұрақтардың артында кез келген минутта қойылуы мүмкін бір басты сұрақ ойларында тұрған болса керек, «.. сіз қалайша Билікке және «BI-групп» (бизнесмен РАХИМЖАНОВ) қарсы (премьер Маминге) негативтік ақпаратты таратуға дәтіңіз барды? Қалған сұрақтардың барлығы майда-шүйда, техникалық, хаттама үшін екені анық.

Иа, біліп қойыңыздар, таптық-әлеуметтік топтың Билік және бизнес деп аталатын тобының жігіттері  кілең мықтылар. Бұл жігіттердің жағында тағы бір тап немесе әлеуметтік топ бар: полиция, сарапшы-саясаттанушылар, прокуратура мен сот». Біз оларға жатпайтын басқа топтанбыз. Біз көппіз, бірақ бұл артықшылығымызды әзірше пайдалана алмай отырмыз.  

Тағы бір ерекшелік, кешегі уақытқа шамалы шегінер болсақ анықталады. Даная ҚАЛИЕВА, Марат ТҰРЫМБЕТОВ, Әлнұр ИЛЬЯШЕВ, Геннадий КРЕСТЬЯНСКИЙ сияқты азаматтық белсенділердің  пайда болғанына екі жылдай болды. Олар ең алғаш рет 32 рет Алматы паркінде митингі сұрап хат жазып бас тарту алғаннан кейін пайда болды. Сосын Алматы әкімдігіне, мәслихатқа қарсы соттар… «Нұр Отан» партиясына қарсы  өрескел сөздер айтып сотта жеңіліп, «Нұр Отанға» борышкер болды, қашан өтейтіні белгісіз. 

Бүгінгі таңда бұл топтың тізімі мынадай:

Әлнұр ИЛЬЯШЕВ – қамауда, жақын соты болады. ҚР ҚК 274 бабы;  

Марат ТұРЫМБЕТОВ, 1 топтағы мүгедек: үш ай тергеу изоляторы, СИЗО-а гемодиализ аппараты болмағандықтан босатылған, оған тұрақты түрде қан құйылуы қажет; 

Геннадий КРЕСТЬЯНСКИЙ – үшінші әкімдік қамауда; 

Даная ҚАЛИЕВА – полицейлерге бейбас сөздер айтқаны үшін әкімдік жауапқа тартылған, оның артынша сол іс бойынша қылмыстық істің 274 бабы, «таратқаны үшін». 

Көріп отырсыздар, «ешкім ұмытылған жоқ».  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.