Ересек адам, салмағы бар болғаны 29 килограмм… Мұндайды концлагерь суреттерінен көретін едік. 

Дұрыс түсініңіз, біз сотталғандарды лагерьлерде аштықта ұстайды екен деп отырғанымыз жоқ.. Олай емес, бірақ көп жағдайда олардың дастарханына қойылатын кейбір тамақтарды тағам деп айта алмайсың; «Жүз үшінші» лагерьдегі «балықтың сорпасы» деп аталатын тамақты еске аламын… Білетін кісілердің айтуынша, бұл балықты  аяқ су  мен адамның қи қалдықтарды ағызу нәтижесінен пайда болған көлдерден аулайды екен, ондай көлдерді «боқкөл» деп атайды.  Бұндай сорпаның жарты керсенін қатаң жаза бөлмелеріне (СУС) алып келетін, біз сол күйінде қоқысқа төгетінбіз…. 

Бұл жолғы жағдай басқа. Бұл адам науқас, сірә сырқаты өршіп бара жатқан болса керек. Бұл сырқаттың аты уақытынан бұрын босату тізіміне кіреді,  неге екені түсінікті… Бірақ лагерьдің дәрігерлері әртүрлі сылтау мен желеулер тауып, құжаттарын «жоғалтып» өзі әрең жүретін адамды, лагерьдің жағдайында жүріп-тұруы  тіпті қиын науқасты әбігерге салып жүр.  Әрбір «жоғалған» құжатты «қалпына» келтіру үшін «санитарный қалаға» баруы тиіс.  Ол жерде бишара науқасты «ұмытшақ, құжат жоғалтқыш» дәрігерлер тексереді… Бұл сирек кездесетін жағдай емес, лагерьлерде жиі болып тұрады. 

ПыСы. Елена Семенова жазған осы материалдың соңында  дәрігер-психотерапевт, психиатр  «Сергей Молчановтың мынадай комментарийін оқыдым:  «Бір жолы сотталушының төменгі параперез екендігі жайлы  қорытындысына қол қоюдан бас тарттым.  Бірақ оны бас нейрохирург көргендіктен және диагнозын бекіткендіктен, акт жазылыпты. …Біреуді зорлап өлтіргені үшін сотталған.. адам. Сол актіге қол қойылғаннан бір апта өткен соң жаңағының сап-сау, екі аяғымен шауып жүргенін көрдім.. мұны көрген опер: «иа, мұндайларға бәрі болады, аузымызды аңқитып, отырғызып кетті» дегені бар емес пе.  Пікір айтушылар, Құдайдан тілеңдер, ертең өзің немесе қызың осындайлардың құрбаны болмасын…  Мен дәрігер-сарапшымын, жақсы түсінемін, егер сотталушының кішкентай да болса босануға мүмкіндігі болса, ол міндетті түрде оны пайдаланады. Бірақ, мен дәрігер, ғылым кандидатымын, сондықтан ешкімнің жетегінде жүре алмайсын…»  Мен оған былай деп жауап қаттым: Владимир Козлов  «Сіз қандай адамдардың жетегінде жүрмексіз? Иығына погон таққан сілімтіктердің бе? Ол жерде жүргендердің барлығы малғұндар, олар иығында погондары болғаны үшін емес, себебі ол жерге барған кез келген адам малғұнға айналады. Міне, осындай «ешкімнің жетегінде жүрмейтін» дәрігерлер малғұндарға керек. 

Әрине, сотталғандардың арасында неше түрлі азғындағандар бар. Бірақ сол үшін ғана оларға жеккөрінішті көзбен қарауға тиістіміз бе? Мысалы, Менгеле де ерекше категориялы дәрігер болған..»    Қалай ойлайсыздар, кімдікі дұрыс? 

 

Елена Семёнова

  Бүгін УК-161\4  мекемесінен  Алдамасов Сергей деген сотталған мүгедек телефон соқты, өлшенген кездегі бүгінгі салмағы 29 кило болыпты, бұрын салмағы 38 кило болған екен. 

Сотталушы бірнеше рет мерзімінен бұрын науқастығына байланысты босануға сотқа бірнеше арыз берген екен. Бірақ сот құжаттары тиісті ретпен толтырылмаған деп шешім шығарыпты. 

Бірінші жолы судья, сотталушының айтуынша, диагнозды нақты қою үшін тексерулер жүргізілсін деп қызметкерлерге уақыт беріпті, бірақ мекеме қызметкерлері оған асықпаған, өтінішті қайтарып алған. 

Екінші жолы, тексерулер жасалып болған соң сотталушы сотқа арыз беріп сот 9 сәуірде процесс өтеді, сот сотталушының бір кеселі бойынша оның босатуға жататындығын анықтаған, бірақ тағы да құжаттар ұқыпсыздықтан дұрыс жиналмаған. Сот тағы да қысқа мерзім ішінде құжаттарды дайындауға мерзім беріпті. Бірақ сот асығар емес, бір ай өтіп барады. 

Қазір сотталған мүгедектің салмағы 29 кило, қазір үш күннен бері аштық жариялап жатыр, себебі оның арыз-шағымдарын жыртып тастайды, таксофонға телефонға шақырмайды. Осы жолы да оны таксофонға алып келгісі келмепті, апармасаңдар көзімді шұқимын деген соң ғана алып келіпті.  Оны әрлі-бері зембілмен тасиды. 
Өзі ауыр науқас, дәрменсіз, бір ғана қолы қозғалатын адамды осыншама жанкештілік жағдайға жеткізгендерді кім деуге болады?  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.