Биліктің ең жоғарғы коридорындағы бір-бірімен итерісіп жатқан сенатор мен сенаторлар жайлы пікір таластар ақпарат кеңістігін түгел жайлап кетті. Ал осы кезде елімізде назар етуді қажет ететін адам құқына байланысты оқиғалар өтіп жатыр. Сондай тақырыптың бірі  — Әлнұр Ильяшевтің ісі.  Әлнұрдың жеке басына, істеген қылықтарына әртүрлі көзбен қарауға болар,  ол да қажетті нәрсе…

Қазір қоғамдағы көптеген пікірлердің ішінде толыққанды парламенттік республика құрайық, елімізде бір бірімен бәсекелесте көптеген партиялар болсын, мықтылар пікір сайыста анықталсын дейді олар. Бірақ қалай парламенттік партиялы ел боламыз, егер парламент көп партиялы болмаса, парламентте саналуандық плюрализм болмаса.  

Онсыз да парламентіміз көп партиялық емес пе, депутаттардың бір бірімен қырқысып төбелесіп жатқанының несі.. жақсы дерсіз. Қайтадан бас партиялық парламент құрып, қалған партиялар оның одақтастары болса ондай парламенттің не қажеті бар…? 

 

Енді Әлнұр Ильяшев жайлы бастаған сөзіме оралайын.  Еліміздің бас партиясының —  қос президент пен барлық министрлер мен әкімдердің партиясының мүшелерінің айтуынша Әлнұр олардың барлығын сыпыра «сыбап» абыройларын төккен, мұндай «күнаһар» адам жәй ғана ақшалай айыппен жазалануына көнбейміз деп жатса керек.  Сонымен бірге, Әлнұр Ильяшев «ІІМ-ң ешкім білмейтін карантиндік түсініктерін» бұзыпты, сүйтіп  коронавируспен күрес жүріп жатқан кезде еліміздегі жағдайды шиырлатып жіберіпті. Бұл айып ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабына («шындыққа жуыспайтын жалған ақпаратты таратқаны үшін») сәйкес келеді, карантин кезеңінде бұл бап тіптен күрделеніп саяси реңк табады. 

Қос президенттің партиясы бұл оқиғаға еш қатысымыз жоқ деп бас тартып отыр, туғанынан бері тек өтірік айтумен ғана айналысып келе жатқандарға кім сенеді. Бұл сөзімізге сенбесеңіздер, оның басшыларының осыдан он бес жыл бұрынғы сөздерін оқыңыздар, бәрін түсінесіз. 

Ильяшевтің ісі бойынша тергеу істері тез өтті, ол жағы түсінікті  еді, себебі тергеушінің үстелінде дайындалып қойған  айыптау қорытындысы жатты. Дайын қорытындыға тергеуші бір-екі қағазды тігеді, іс дайын. 

Бүгінгі күндері Әлнұрдың адвокаттары айыптау қорытындысымен және іс материалдарымен танысуда. Оған да көп уақыт кете қоймас.  Адамды ұстаудың (..таратты» деп айыппен) негізінен алғандағы басты мақсаты — тергеушілерге өздеріне қажетті көрсетулерді алуға  немесе адамның жасып  «өкінуі, мойнына алуы» қажет. Бұндай  мақсатқа жету үшін біреуге бір күн де жетеді, басқа біреулерге  көбірек уақыт кетеді, кейбіреулер қажырланып күш қосады, сосын сотталады. Әйтеуір, әр адам бұл кезеңде әртүрлі мінез көрсетеді.

«Нұр Отанның» ар-намысын қорғап жүрген жоғары шенді шенеуніктер, әкімдер мен министрлер өздері боққа былғанып отырып, күн сайын жемқорлық пен  парақорлығы үшін ұсталып жүр. Әлде, олар өз қиының иісін өздері сезбей ме? Жарайды мұндай партияға сөз айтып ұялтып қажеті болмас, уақытың бекер кетеді. 

Бұл істің аяғы не болады дейсіз ғой?  «Нұр Отанды» боқтағаны үшін бір жас жігіт сотталатын түрі бар, саяси тұтқын болудың реті келіп отыр. Қос президенттің партиясын боқтағаны үшін сотталса, бұл іс қалайша «саяси іс емес»?  Барып тұрған нағыз саясаттың көкесі. 

Әрине, Әлнұрды әдейі соттап отыр, оны оппозицияның қуыршақ лидері етіп көрсетпек деген қисын да болуы мүмкін. Бірақ, бұл жерде мәселеге басқаша қарайық, адамның құқығы бұзылып отыр, мұндай адам құқығын бұзушылықпен күресуіміз қажет, ешкімнің ата тегіне, басқа жағына қарамай. Ол жағына бостандыққа шыққан соң қарайтын боламыз. Бұл орайда осыдан көп жыл бұрын Серікболсын Әбділдиннің айтқаны еске түседі. ҚДТ-ң (ДВК) өмір сүруіне жанталасып  кедергі жасаған  біреу «үйінен тыс»  жүрген адам жайлы.. «Әуелі оған шығуға көмек берелікші.., сосын анықтасып алармыз..» деген еді. Біз де сүйтелік. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.