«Адамдардың барлығы еркін болып, қадір-қасиеті мен құқығы тең болып туады. Олардың барлығына ақыл мен иман  берілгендіктен бір-бірлеріне бауырмалдықпен қарауы тиіс». Адам құқының  жалпы декларациясы, 1-бап.

  Адамның құқын үкімет, президент немесе басқа біреу бермеген. Адамның құқығы туа бітті оның өз бойында. Конституция және басқа заңдар осы құқықтардың қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Оларды толық күйінде сақтауды қамтамасыз ету үшін, адам оларды жақсы білуі керек және олардың орындалуын өзінен және айналасынан талап етуі қажет.

Қазақстан Республикасының негізгі заңы ҚР Конституциясының 17 бабы бойынша Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Бұл заңның бабы сотталғандарға да қатысты

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиісінше, бекітілмейді және күшіне енгізілмейді.
  2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

Төменде Қазақстан республикасы ратификациялаған халықаралық нормалар жайлы.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 36 дсп бүйрығы:  Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жатқан адамдарды бақылау мен қадағалау жүргізуді және тексеру мен тінту жүргізу істерін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы». Бұл бұйрықтың «дсп» деген белгісі бар, сондықтан заңға жатпайды, ҚР Конституциясының 39 бабына сәйкес адам құқын шектей алмайды.

Іс жүзінде, ІІМ аталған Бұйрығы тікелей адам құқығы мен намысын қорлайды, себебі жаңа ереже бойынша тінтулер адамды тыр жалаңаш шешіндіріп 10 рет түрегелтіп-отырғызады және де оны бейнетаспаға түсіреді.

Тінту кезінде шоқпар байлаған, бронежилет киген қаруланған солдаттар қарап тұрады. Тыр жалаңаш тұрған, мұндай жағдайға онсыз да жәбірленген, үрейі ұшқан адамның көңіліне қаяу түсіреді.

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 ЗРК «Құқықтық актілер туралы» заңының 6 бабы, 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған Халықаралық шарттар оның заңдарына қарағанда басымдыққа ие, тікелей қолданылады, тек қана егер Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару керек деп жазылған болса ғана тікелей қолданылмайды.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының сотталған әйелдер туралы және құқық бұзушы әйелдерді (еркінен айрылмағандар) жазалау шаралары туралы Ережелері (Бангкок ережесі)».

Бас Ассамблеяның 2010 жылғы 21 желтоқсандағы 65/229 резолюциясымен қабылданған.                 20  ереже

Тыр жалаңаш шешіндіріп тінту жүргізудің орнына тексерудің балама жолдары, адамның жүйкесіне жарақат салмау мақсатында сканерден өткізу және инвазивтік жолмен тінту. Біріккен Ұлттар Ұйымының сотталғандарға байланысты  минимальдық стандарттары (Манделаның ережесі)

 51  ереже

Тінтулер үрей туғызу, қорқыту,  сотталушының жеке өміріне ретсіз қол сұғушылық  үшін пайдаланылмауы керек. Есеп беріп тұру мақсатында түрме әкімшілігі жүргізілген тінтулер жайлы есеп жазбасын сақтауы керек, атап айтқанда толық шешіндіру, дене қуыстарын тексеру, камераларды тінту жайлы есептерде тінтудің не мақсат үшін жүргізілгені, кімдер жүргізгені жайлы , оның нәтижесі туралы ақпарат болу керек.

 52 ереже

  1. Интрузивтік тінтулер, соның ішінде толық шешіндіру, дене қуыстарын тексерулер өте қажеттілік жағдайда ғана жасалуы тиіс. Түрме әкімдігіне тінту жүргізудің балама жолдарын яғни интрузивтік емес басқа түрін табу ұсынылады. Интрузивтік әдістер жабық есік жағдайында жүргізіледі, тінтуді жүргізушінің жынысы сотталушымен бір жыныста болуы қажет.

 

Егер нормативтік акт (бұйрық, жарлық, пәрмен және басқа) Сіздің ойыңызша Сіздің құқыңызды бұзады десеңіз не істеу керек?

Нормативтік құқық актісін шығарған органға оны жетілдіру жайлы ұсыныс жазу

Қазақстан Республикасының жеке және заңды  тұлғалардың қатынастарын қарау тәртібі туралы Заңның 11 бабы 1 тармағына сәйкес,  қатынас хат дегеніміз — тұлғаның заңды немесе нормативтік заң актілерін, мемлекеттік органдардың қызметін, қоғамдық байланыстарды дамытудың, әлеуметтік-экономикалық және басқа мемлекеттік салалар мен қоғамның   қызметін жақсарту жайлы ұсыныстары. Тиісінше Сіз де өз құқыңызды қорғау мақсатында құқықтық нормативтік актіні қабылдаған органға  нормативтік құқықтық актіні алып тастау немесе өзгерту жайлы ұсыныс жазуыңызға болады.

Прокуратураға:

«Прокуратура туралы» ҚР заңының 4 бабына сәйкес оған адам мен азаматтың құқы мен еркіндігін қорғау, қалпына келтіру, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау жүктелген.

Адам құқы жөніндегі уәкілге.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі «Адам құқы жөніндегі Уәкіл қызметін белгілеу» жөніндегі № 947 Жарлығы бойынша  Уәкілдің басты мақсаты  —  өзінің өкілеттік шеңберінің аумағында адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігінің сақталуын бақылау, адам мен азаматтың бұзылған құықтарын қалпына келтіру шараларын жүргізу. 

Нормативтік құқықтық актінің заңдылығы жайлы сотқа шағыну  

ҚР Азаматтық процессуальдық кодексінің 298 бабы 1 тармағына сәйкес нормативтік-құқықтық актінің күші Азамат немесе заңды тұлғаға қатысты болса, қабылданған және заң тәртібі бойынша жарияланған нормативтік құқықтық актіде құқығы мен заңды мүдделері Конституция мен ҚР заңдары кепілдік еткен адам құқықтары бұзып отыр деп санайтын болса, сотқа арыз жазып сол нормативтік-құқықтық актіні заңға толық немесе белгілі бір бөлімдері сәйкес емес деп мойындауды талап етіп арыз жазуға құқығы бар. Арыздың берілуі нормативтік құқықтық актінің істей беруін тоқтата алмайды.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.