Полицейлердің  ғимараттарының бірінде өлтірілген азаматтық белсенді Дулат АҒӘДІЛДІҢ атының әлеуметтік желіден ұмытылып бара жатқандығы өкінішті әрі әділетке қайшы. Жүргізіліп жатқан тексерулер жайлы ақпараттың үнсіздігі (сол тексерулер жүргізіліп жатыр ма, жоқ па?) бүгінгі күннің құпияларының бірі болып отыр. Әлде ол жайлы ақпарат таратпаңдар деген Бас Прокуратурадан ашулы айқай түсті ме, әлде үн көтергендерге қарсы қылмыстық іс қозғаймыз деді ме, жалпы алғанда бұл қалай, неге, не себептен?  Дулат соңғы жылдары азаматтық белсенділігімен жарқ етіп көрінген, наразылық бастамалардың символына айналған адам еді. Дулаттың ісін тексеру Бас Прокуратураның «қарамағында», Бас Прокуратура оның қандай жағдайда өлгендігі жайлы қорытынды шешім шығаруы тиіс. Шығарылған қорытынды қарапайым да, нақты түсінікті дәлелдермен көрсетілуі керек. Бас Прокуратураның бұл мәселе бойынша үндемеуіне қарағанда ондай қорытынды жасай алмай жатса керек.

Дулат АҒӘДІЛДІҢ денесін жуған адамдар досының денесінен не көргендерін, оның жәй өлім емес екендігіне көздері жетіп, көргендерін айтқаны үшін қазір қудаланып жатуы әбден мүмкін. Оларды ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабына, қазіргі кездегі карантиндік қудалаудың «модасына» айналған «..таратқаны үшін» деп қорқытып жатқан болар, себебі бұл бап қазіргі диктатуралық билік кезінде экстремизм деп саналады..  Қазіргі күнде көп адамдардың   «шындықты таратқаны үшін» қуғындалып жатқанын білеміз. Мұндай қуғындауды өзім басымнан кешірдім.  

АҒӘДІЛДІҢ достары —   Дархан және Динара ӨМІРБАЕВТАР, Қайрат СЕЙТҚАЛИЕВ, Медет АРЫСТАНОВ «қорғану құқығы бар куәгерлер» боды, айыпкер болулары бір сәтте…

Қылмыстық істі қоздыруға негіз болған арызды, марқұм Дулат АҒӘДІЛДІҢ туысқандарының бірі, анасы емес, құқық қорғаушыларға  жазған. Естеріңізде болар, дәл осындай жағдайда Евгений Жовтис сотталған еді.  

Ол жағдайда, жол апатынан өлген адамның анасы кінә тақпаймын деген, тіпті  Жовтистің қорғаушысына куә болды, ал Жовтис болса оқиғаның алғашқы сәтінен адами тұрғыдан өзін жақсы ұстады, отбасына қолынан келгенше көмек жасады.

Көп жағдайда зардап шеккен жақ қарсы болмаса, адамды түрмеге отырғызу бола бермейді, заң бойынша. Бірақ ол кездегі сотта өлген адамның анасын істен «ысырып» тастап,  алыс туысқаны «зардап шегушіге» айналды…Сол жолы өлген жігіттің анасын Талдықорғанда болатын сотқа көлікпен апара жатқанымызда полиция жолда Бюроның адамдары мен өлген жігіттің анасы отырған көлікті қайта-қайта «құжат тексеруге» ұстап, тексеру әрбір 10 шақырым сайын қайталанып отырды.  Жоспарланған операция деген осындай болады екен.. Көлікті үшінші рет тоқтатқанда біреу көлігімізді артымыздан келіп қасақана соқты. Көлігіміздің төртеу-бесеу болғаны жақсы болды. Басқа көлікке отырып сотқа жетіп үлгердік, әйтеуір.   

Өтіп кеткен сол оқиғаны еске түсіріп отырған себебім — бұл жолы да дәл соған ұқсастықтың, арнайы тапсырыстың бар екендігі. Ол жолы тапсырыс беруші сөз жоқ ҰҚК болды, адам құқын қорғап жүрген Жовтиске  ескертуді «тыңдамағаны үшін»  жақсы сабақ бермекші болды. Иа, «ескерту болғаны» рас, сол оқиғаға дейін Жовтис көлігінің артқы әйнегінен газетке оралған есірткі тапқан болатын. Ол есірткінің көлемі үшін берілетін жаза, Жовтистің сот шешімі бойынша алған мерзіміне сай келеді.

Бұл жолғы жағдайда Дулат АҒӘДІЛДІҢ ерекше оппозициялығы мен саяси бағытын — бейбіт жолмен режимді құлатуға батылдығын көрген ҰҚК Дулаттың көзін жою мәселесіне араласпауы мүмкін емес болатын…, қай уақыттан бастап кірісті екен? Жүргізіліп жатқан тексерулердің, істің майда-шүйдасына дейін  «құпиялылығы», адвокаттардан «сөз шықпасын» деген қолхат алу  — мұның барлығы бұл мәселедегі ешқандай ашықтықтың, жариялылықтың және әділеттіліктің жоқтығына көз жеткізетін шаралар.

Әртүрлі болжамдар мен алыпқашпа әңгімелердің шығу заңдылығы бар — егер мәселеде  ресми ақпарат болмаса, ол ақпараттың орны ресми емес әртүрлі жел сөздермен толтырылады. Бұл диалектика, «дауыс шығарушы болмаңдар!» деген жекіруге жауап.

Аталмыш оқиғадан, тек қана жалғандық пен өтірік арқылы өмір сүруге бейімделген, ешкімге сенуден қалған билік бұл жолы қандай  сорақы өтірікті «тудырып» ортаға салар екен?

Дулаттың қасында болған, бірге жүрген достары, замандастары үшін Дулат АҒӘДІЛ полицейлердің қолынан қаза тапқан,  диктаторлық режиммен күресуші күрескер болып қалатындығы анық…

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.