Құқық қорғау органдары. Олар адам өмірін, денсаулығын қорғаудың, азаматтың еркіндігі мен құқын қорғаудың басты кепілі.  Олардың қызметі негізінен алғанда қоғамдық тәртіпті қорғауға, қылмыспен күресуге бағытталуы керек.  

ҚР «Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдары туралы» Заңында құқық қорғау органдарының арнайы өкілеттерінің тізімі берілген. Құқық қорғау қызметкерлеріне азаматтың өзін таныстыратын құжатын тексеруге; ішкі істер органдарына жеткізуге, ұстауға, заттарын, көлігін тексеруге;  заңды талаптарын орындамаған кезде мәжбүрлеу шараларын қолдануға, атап айтқанда арнаулы құралдарды, мылтық немесе басқа қаруды және де күрестің жауынгерлік әдістерін қолдануға болады. 

Күш қолдану заң тарапынан рұқсат етілгендіктен, ол құқық тек орган қызметкерлеріне ғана берілгендіктен, полиция қызметкерлері тарапынан күшті әсіре қолдану қаупі бар. 

Тәжірибеден талай көріп жүргендіктен, адамның қарсыласуы мен полицейдің оған қарсы күш қолдануы сайма-сай келе бермейді, мұндай кезде адам құқы бұзылады. Көп жағдайларда полиция қызметкерлері күш қолдану өкілетін қорқыту үшін, қажетті мойындайтын көрсетулерін алу үшін пайдаланады.  

Ешбір жауапкершілікке (қылмыстық, тәртіптік) тартылмайтынын білгендіктен полиция қызметкерлері адам құқын бұзып қатал азаптау, қинау әдістерін қолданады. 

Бұндай жағдай көбінесе ұстаудың алғашқы сағаттарында қолданылады, оған мысалдар жеткілікті. Мұндай кезде адамның адвокаты жоқ, өзін ұстағаны үшін жүйкесі қозған, сабырлылығын тия алмаған кезінде полицейлердің күш қолдануы жиі орын алады. Полицейлердің нақты дәлелдері болмаса, желеу табу мақсатында әдейі жүйкесін қоздырып,  арандатып шалыс қимыл жасауға итереді, адамның шалыс әрекеті полицейлерге ұстау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Мысалы, белсенді азаматтарды пәлен уақытқа дейін ұстап тұрыңдар деген  бұйрық түседі… полицейдің ол бұйрықты орындауы тиіс. 

Ұсталған сәттің  алғашқы уақытында полицейлер ұсталған адамға құқықтары жайлы ақпаратпен таныстыруы қажет: 

— заңнамалық құқық алуға, адвокат шақыруға;

— ұсталғандығы жайлы отбасы мүшелеріне хабарлауға; 

— денесінде дақ, жарақаттардың бар-жоғын тексеруге, ұстау кезіндегі қаталдықтарды куәландыруға және де қажет болған жағдайда дәрігерлік көмек көрсетуге; 

— адвокат келгенге дейін үндемеуге, көрсетулер бермеуге құқы бар екендігі. 

Полиция қызметкерлері айғақты көрсетулер мен мойындауларға сүйенетіндіктен, қамаудағы адамға зорлап мойындату немесе басқа қаталдықтар қолданулары мүмкін. 

Назар аударыңыз! Егер сізге полиция қызметкерлері тарапынан әсіре күш қолданған жағдайды дәлелдейтін мүмкіндігіңіз болмаса, онда бұл құқық бұзушылық жағдай жайлы барлық процессуальдық құжаттарда және әкімгершілік құқық бұзушылық жайлы хаттамада жазып қалдырыңыз. Содан кейінгі болатын сот процесінде  сол жазулар сіздің қорғануыңызға жақсы дәлел болады. Өйтпеген жағдайда, ол заң бұзушылықтарды тек сот кезінде айтатын болсаңыз, судья алдыңғы құжаттарда жазылмаған, жауапкершіліктен қашып отыр дегенді желеу ететін болады.   

Мына суреттерде — дәл осы сирек кездесетін жағдай, барлық қағаздарда дұрыс жазылғандықтан судья өзінің қаулысында полиция қызметкерлерінің ұсталғандарға бейбастық сөздерді пайдаланғанын  атап өтті. 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.