2012 жылы «Алға!» ҚДТ (ДВК) партиясы сот шешімімен жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті барлық құжаттарымызды, мұрағатымыз бен материалдарымызды тиеп белгісіз жаққа алып кетті. Мақсаты — бұл партия жайлы, біздің диктатураға қарсы  күресіміз туралы ешқандай  дерек, құжат, белгі қалмасын дегені еді. 

Бірақ  жылнамалар отқа жанбайды деген сөз бар ғой, және де қазір басқа заман емес пе. Интернет, әлеуметтік жүйе, зат сақтайтын сарайларымыз бен шатырларымыз да бар. Көп заттарды әлі де сол жақта жинап жүрміз. 

Осы орайда бұл тақырыпқа байланысты материалдар циклын жарияласақ па деген ойымыз бар, себебі сол жылдардан сақталған  «Алға» партиясы мен ҚДТ қозғалысы жайлы біраз жаңа құжаттар табылып жатыр.  Осы артефактілер — бейнетаспалар, қолжазбалар сол кездегі партияның белсенділікпен атқарған іс-қимылдарын көрсетеді, бұл құжаттар қазір де актуальдығын жоғалтқан жоқ, Назарбаев пен оның құлдарына қарсы күресуге пайдасын тигізері анық. Иа, құлдарына қарсы, себебі диктатордың жақтаушылары ешуақытта болмайды, олар жандармдар мен малайлары. 

 «Алға» партиясының жастар қанаты болған еді, оның өз мақсаты, өз жоспары болған. Мына бейнетаспада жас автор Ирина Суворова өлең оқып тұр, бұл өлеңнің маңыздылығы қазір де жоғалмаған…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.