Бүгінгі хабарлар мен парақтарда  Шалдың үлкен қызы, биліктің екінші адамы — Дариға Назарбаеваның  Қазақстан парламентінің спикерінен қуылғандығы, енді тіпті сенатор да болмай қалғандығы жайлы әңгімелерге толы.

Көпшілік  хабарды  алғаш рет Ақорда сайтынан оқыған кезде «сайтты біреулер бұзып жазып кеткен шығар» деп ойлады. Кім ойлаған, кеше ғана жұрт алдына шығып халықты таңдандырған ұсыныстары мен тірліктері (сенат талқылауында «Тоқаевтың тізіміне» қарсы шығуы) Дариғаның билік олимпіне шығуға бар күшін салып жатқанын, елде бір өзгерістер болып қалады-ау деген үмітті тудырған еді…

Қазір Ақорда сайтынан бұл хабардың атауы ғана қалған, қалған мәтінін толық алып тастаған. Мұның өзі бұл хабардың шын екенін дәлелдейді.

Осы оқиғаның ең қызық жері мынау сияқты — 2002 жылы болған жағдайға ұқсайды,  сол кездегі екі басты кейіпкер Назарбаев пен Тоқаев қана қалып отыр. Әрине, біз бұл жерде «тәуелсіз Тоқаев» деген болжамнан аулақпыз, себебі олай деуге ешқандай негіз жоқ,  өмір бойы режимге, диктатордың жеке басына ғана қызмет етіп келген адам тәуелсіз бола алмайды.

Сол кездегі жағдайға ұқсап Тоқаев тағы да осы жерде Назарбаевтың қолшоқпары болып отыр. 2002 жолы ол шоқпарымен ҚДТ (ДВК) ұрған болса, бұл жолы шоқпарын таққа ең жақын отырған отбасының адамына сілтеп отыр. Тағы бір ұқсастық жері бар, сол кезде билікке ұмтылған,  Дариғаның бұрынғы күйеуі, Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің фальстартын айта кеткен жөн болар.

Бұл тақырып жайлы жақсы хабардарлар білер болар, Әлиев атасының  ашуына қатты тиіп Эмиратқа қашқан кезінен  (бұл жайлы кейін білдік) бұрын баспасөз кеңістігінде Назарбаевты  сыбап жамандау мәселесінде біраз жұмыстар жасаған екен. Көп адамдар сол кезде жұртшылыққа танымал «АЗИОПА» деген сайтты оқитын. Міне, сол сайтта Әлиев мемлекеттің бірінші адамының өміріндегі жұрт білмейтін «тірліктерін», Назарбаевтың көлеңкелі тірліктерін (Дариға мен Рахаттан басқалардың) жариялап отырған.

Сол кезде ҰҚК қомитетінің басшыларының бірі  болған Рахат Әлиев, өзінің қарамағындағы КТК, Хабар мен Караван арқылы өзін өзі пиарлау  (арасында оппозицияны да ұрып отырды) мәселесінде барынша үлгеріп жатты.  Кейін бұл мәселені Назарбаевқа көрсету үшін арнайы тексергенде, «АЗИОПАДА» (сайт Қазақстаннан тыс жерде тіркелген) қызмет етушілердің барлығы Рахат Әлиевтің адамдары екендігі анықталған…

Рахат Әлиевтің бұл тірліктерінің мақсаты — құдіретті атасына қолынан келгенше жамандық жасау, мұқату болатын. Сөз жоқ, бұл тірліктердің барлығын Рахат әйелі Дариғадан жасырып істеуі мүмкін емес еді; тіпті Дариғаның бағытымен жасауы да мүмкін… олай дейтін себебіміз, ол көпке белгілі нәрселер, Назарбаевтың үлкен қызының мінезі  серілік өмірді жақсы көретін Рахаттан өзгеше; Дариғаның азуы құрсаудай, қадалған жерін жұлып алады, төңірегіндегілерді жаппай бақылауда ұстайтын адам болғандықтан күйеуінің не істеп жүргенін білмеуі мүмкін емес болатын… Бұдан кейінгі болған оқиғалар бұл болжамымызды растап отыр.

Ал енді Назарбаевтың өзіне келер болсақ — ол мұндай күтпеген кенеттіктерге өте қатал аяусыз жауап береді. Мұндай қатал аяусыз мінез, тағынан айрылудан қорқатын барша диктаторларға тән. Қызы мен күйеу баласының оның тағына өте жақын келгендігі сонша, қол созым жерге кеп қалған еді..

КТК арнасында болған долылыққа толы айқай есімізде,  Дариға мен Рахаттың бас сауғалап белгісіз жаққа қашқаны да есімізде… Содан бері біраз уақыт өтті, көп нәрселер уақыттың қойнауына көмілді. .. Бірақ көңілде көп  күдік пен күмән қалды..

Рахат аз-кем уақыт Назарбаевтың  жеке күзетін басқару қызметінде болды  (өз бақылауында ұстап тұру үшін), сосын Қазақстанның ЕҚЫҰ-ы елшілігіне жіберілді.. Бірақ айналып келгенде, бәрібір бітісе алмады, оның аяғы түрмеде асылып өлуімен тынды…  Дариға жұрт алдында заң тәртібін бұзып некеден бас тартты, біраз уақыт жұрт көзіне түспей жүрді, сосын рұқсат берілгеннен кейін оралып қайтадан билікке ұмтылысын бастады.

Дариға басқа жолды таңдады. Қысқа мерзімде  «шағын істермен» айналысатын «Асар» партиясын құрып, тіркеуден өткізіп  басқарды. Қазір бұл партия жайлы ешкім есіне де алмайды, бірақ 2003-2006 жылдары «Асарды» ауыздарынан су ағып мақтаушылар көп еді. Әкесінің қолдауына қайтадан ие болған Дариға билікке тез өрмелей бастады, «Асарға» бүкіл студенттерді айдап жинады, партияның алқызыл бояулары экраннан түспеді..

Бірақ…   Нұрсұлтанқызы Дариға мақсатқа «тез және бірден» жетуді ұнатады.  Дариғаның партиясының  саяси белсенділігі мен саяси амбициясының алысқа көз тастағаны соншалықты, әкесі  «асау байталға» дереу кісен салып байлап… қазы, қарта, жел, жаяға шалып жіберді. 2006 жылдың маусымында «Асар» ешбір тыпырламай «НұрОтанға» сіңіп жоқ болды…

Бұл  Дариғаның өміріндегі екінші саяси фальстарты болатын. Сол кезден бастап Нұрсұлтан Әбішұлы үлкен қызына онша сене бермейтін болды, қызын ұзын арқанда алыстатып ұстап келеді. Бірақ жасы келіп қартая бастаған, сахнадан қалайша қауіпсіз  кетуді ойлап, сенімді мұрагер таба алмай амалсыздыққа тіреліп қиналған диктатор, резервте ұстап келе жатқан қауіпті қызын тағы да еске алды…

Сенат спикерінің орнын алған Дариға армандаған билікке өте жақын тақап келген еді. Таққа Дариғаны сол заматта орнатудың реті болмады, қызына «күш үрлеп» жинап, жан-жағындағы бәсекелестерден тазартып, ешкімнің таққа деген ұмтылысы түгіл ойы да болмайтындай етіп дайындаумен диктатор өте ыждағаттықпен айналыса бастады… Бірақ…

Сабыр мен шыдамдылықтың жоқтығы — Дариға Нұрсұлтанқызының ең осал қасиеті. Қол жетім жерде тұрған таққа тез жетпек болған Дариғаның айналасында дау-жанжал жиі бола берді, Дариғаның өзіне, отбасына қатысты тергеулерді қажет ететін халықаралық деңгейдегі істер көбейді. Оған қоса, жұрт алдында ойланбай сөйлейтін баяғы әдетіне басып  халық аузында күлдіретін, қорқытатын анекдоттық кейіпкерге айналды… Президент Тоқаевты Дариғаның жетекшілігімен сенаторлардың жұрт алдында «шапалақпен» ұруы, сірә Назарбаевтың шыдамын тоздырып, тағы да қорқытқан болса керек.  Сүйтіп, Назарбаев  Дариғаның өміріндегі үшінші саяси фальстартын жасады, алып тастаңдар деп команда берді. Әрине, Дариғаны билік орбитасынан алып тастамасы анық, жақындау орындардың біріне ығыстырып «рокировка» жасайтын болар  деп ойлаймыз… 

Шыны банкіге салынған бүйілердің достары болмайды, туысқандары да, ешкімге сенбейді, жұрттың бәрінен қорқады. Бір бірлерінен күтпеген тұстан қастандық күтіп отырады. Олардың біреуі ғана тірі қалуы тиіс. Себебі — бұл диктатура…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.