Адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесінде соттардың тарапынан  әділетсіздіктер көп жасалуда. 

Әсіресе  шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған тілек-өтінішке және жазаның қалған мерзімін жазаның жұмсақ түрімен ауыстыруға байланысты соттардың бас тартқан қаулыларына дау-наразылықтар жиі кездеседі. 

Сот актілерінің дәлелдемелері әртүрлі. Мысалы сот мынадай желеуді алға тартады: сотталушының қылмыс жасағаныма өкінемін, бәрін түсіндім дегені жеткіліксіз,  түзелуге бет алғанын нақты дәлелдемеген т. б. айтады.

Осындай аргументтерді алға тартатын судьялардың Қаулыларын оқи отырып олар қандай критерийлерді басшылыққа алады екен деген ойға тап боласың. Әлде біз білмейтін, басқа жасырын критерийлер бар ма екен..

Осы орайда нормативтік құжаттарға жүгініп көрелік. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы № 6  «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның қалған мерзімін жазаның жұмсақ түрімен ауыстыру, жазаның нақты мерзімін қысқартудың сот тәжірибесі жайлы» қаулысын алсақ. ҚР Жоғарғы сотының қаулысы былай дейді: Бұл мәселені шешу барысында сот  әр адамға әр жағдайда нақты  тиянақты көзбен қарауы тиіс, әрбір нақты адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға және оның жазасын жұмсақ жазамен ауыстыруға болатын деректерді нақтылап, олар жеткілікті ме жоқ па, сотталушының мінезінде жағымды өзгерістердің бар жоғын анықтауы тиіс. Атап айтқанда: ішкі күн тәртібін сақтау, мекеме бастығының талаптарын орындау, мекеменің қоғамдық іс-шараларына, тәрбиелік маңызы бар іс-шараларға қатысуы, марапаттары, алған айып, жазалары, туғандарымен байланысы, оқу-білімге оң не теріс көзқарасы, жасалған шығынды толтыруы, жеңілдетілген шартты жағдайға ауыстырылуы және тағы басқа жағдайлар сотталушының түзеліп келе жатқандығын айқындайды. 

Көптеген судьялар осы нақты талаптарды назарға алмайды, оларды орындау сотталушының міндеті, түзелу мәселесіне жатпайды деп санайды. 

Мұндай пікірді даулы  деген дұрыс емес,  нағыз қателік. Сотталушы дегеніміз — сот үкімімен еркіндігінен, өзін өзі айқындау құқынан айрылған, қоғамнан оқшауланған адам. Себебі ол барлық қоғам мүшелеріне ортақ ережелер мен нормаларды бұзды. Егер ол жазасын өтеу орынында өз тәртібімен, ішкі тәртіптерді орындауға деген үлгісімен көріне білсе, ол бұл адамның заңды орындауға деген құлшынысын, ұмтылысын көрсетеді, осы өлшемдерге қарап оның түзеліп келе жатқанын көрсетеді, яғни мұндай адамды әрі қарай еркіндігінен айыру жазасын тоқтатуға болады.  

Мұндай мәселелер жөнінде қолымызда бар өте жиі кездесетін судьялардың жемқорлық тәжірибесін білеміз, оған дәлелдер қолымызға жиі түсіп тұрады. Сол себептен де бұл мәселеде, осындай әділетсіз бас тартулардың ар жағында судьяның жемқорлығы көрініп тұр деп сеніммен айта аламыз. Сондықтан да әрбір сотталушының мерзімінен бұрын шартты түрде босануды сұраған немесе жеңіл жазамен ауыстыруы  қанағаттандырылмаған әрбір  өтінішін судьяның субъективті әділетсіздігі және оның құрамында жемқорлық бар ма, жоқ па деген тұрғыдан тексерілуі қажет. 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.