«Назарбаев – кет!». Бұл ұранның Қазақстанның көшелерінде ұрандалып жатқанына көп жыл болып қалды. Бұл ұранды қдтышылар осыдан он жыл бұрын ұрандаған…  Бүгін біздің партиялық достарымыз сол жылдардан, сол кездегі «Алға!» ҚДТ партиясының қызметі жайлы, жаппай акциялар мен полицейлермен соқтығыстар жайлы материалдарды жіберіпті..

Бұл материалдардың құндылығы жайлы айта кеткен жөн болар. 2012 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті менің қылмыстық ісім жайлы «тергеулер» жүргізген кездерінде барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы офистерде жаппай тінту жүргізіп ол жердегі барлық құжаттарды, жылдар бойы жиналған материалдарды, олардың түп нұсқаларын компьютермен бірге алып кетті… Әрине, ол дүниелерден ештеңе қайтарылған жоқ. Әйтсе де, кейбір дүниелерді сарайлар мен шатырларда, қуыстарда тығып үлгеріп аман сақталғандары да бар. Қолжазбалар отқа жанбайды, дейді ғой мұндай кезде..

Маған сол кезде әлеуметтік араздықты қоздырдың деп айып тақты, себебі  «Алға» халық партиясы ереуілге шыққан Жаңаөзен мұнайшыларын қолдаған болатын. Үш әріптілерге маған таққан айыптары аз болып Қылмыстық кодекстің  қазіргі 174 бабын, үкіметті құлатпақ болды деп 170-і бапты, сосын ұйымдасқан қылмыстық топты басқарғаны үшін деп 235-і бапты қосты. Ұйымдасқан қылмыстық топ деп тұрғаны, бірнеше жылдан бері мемлекеттік тіркеуді күтіп отырған  «заңсыз» «Алға» партиясы. Бір қызығы, соттаған кезде «Алғаны» заңды тұлға деп соттады. Амалы жоқ, мойындауға мәжбүр болғаны емес пе..

2010 жылы 1 мамырда «Алға» партиясының Досмұхамедов көшесіндегі 77а орналасқан орталық офисінде мыңға жуық адам жиналды. Бұл жиын сол кездегі «Народовластие» блогы — «Алға» мен С. Әбділдиннің коммунистерінің (Ғ. Алдамжаровтың басқарушылығымен)  біріккен күші болатын. Көптеген адамдар басқа облыстардан келді. Біз офистен жаяу шығып бейбіт шеруді бастамақ болған едік. Әрине, ешқандай рұқсат сұраған жоқпыз, содан болар, таңертеңгі сағат жетіде біздің офисті полицейлер кордоны екі жақтан қоршап алды. Қарсы тұруымыз осылай бірнеше сағатқа созылды, біз қоршауды бұзып жарып өтпек болдық, ұран сөздерді айтып тұрдық… Көп адам тұтқындалды, мен де өзіме тиісті бірнеше күндік қамауымды алдым. Жасарал Қуанышәлин мен Ермек Нарымбаев полицейлердің озбырлығына наразылық ретінде аштық жариялады. Бірнеше күннен соң полицейлер офистің ішіне баса жара кіріп Жасарал мен Ермекті қамауға алып кетті… Кейін Ермекті полицейге шабуыл жасады деген айыппен түрмеге қамады… «Азаттық» радиосы сол кездегі оқиғалар жайлы жақсы материал дайындаған болатын, бұл материалды осы жерден оқуларыңызға болады.

2011 жылы «Народовластие» блогы наразылық акциясын бір мезгілде бірнеше облыстарда жасады, сол оқиғалардан сақталған бірнеше бейне репортаждарды көрулеріңізге болады… Сол кезде билік Назарбаевтың есімін мәңгі сақтауға референдум өткізуге дайындалып жатқан болатын, өткізуге дайындығы аяқталып қалған, бірақ наразылық ерекше күшті болып, оған халықаралық ұйымдар да қосылды… Амал жоқ, Назарбаев шегініске баруға мәжбүр болып, референдумды заңсыз деп тапты..   Өскеменде түсірілген бейнетаспада шенеуніктер мен референдумды қолдауға айдап әкелінген,  бишара сиықты студенттер тұр, бұл референдум соның алдында ғана заңсыз деп танылған еді.  

2019 жылғы Бірінші мамырда болған наразылыққа енді жаңа ҚДТ (ДВК) мүшелері шықты, бұл ұйымды үрейі ұшқан билік «экстремистік» деп тапқан болатын. Айта кетуге тиіспін, ҚДТ қозғалысының ұйымдары бұл қозғалыстың тарихында 2001 жылдан бері «экстремизмдігі үшін» бес (!) рет жойылды. 2002 жылы сол кезде ғана құрылған республикалық ҚДТ бірлестігі, 2005 жылы тіркелгеніне (жалғыз рет тіркелді) жарты жыл ғана болған ҚДТ партиясы «экстремистік мәлімдемесі» үшін жойылды. Ол мәлімдемеде біздің   «азаматтардың бейбіт наразылығын ұйымдастырамыз» дегеніміз үшін. 2007 жылы билік республикалық  «Алға, ҚДТ» бірлестігін сот арқылы жапты, 2012 жылы сот мені экстремист деп тауып, соның негізінде «Алға» ҚДТ партиясын жапты. Осы сот шешімі бойынша ондаған БАҚ-ы жауып тастады, КТК мен Хабарға тимеді.

Енді міне, 2018 жылы тіркелмеген бейресми ҚДТ қозғалысы дәл сол себеппен тағы да жойылды…   

ҚДТ –  20 жасқа жақындап қалды. Осы үш әріпті айтуға, қолдануға неше түрлі тиымдар салынып жатыр, биліктің мұншама топастығы көрініп тұр. Ұры билікке, биліктің сорақы ақымақтығына қарсы адамдардың наразылығын тия алмайсың. Наразылықтың қазанының астына билік өзі от жағып, өзі қайнатып жатыр. Қайнап жатқан қазанды тарс жабу мүмкін емес, оның қысымы қақпақтың быт-шытын шығарады.

Осы бетіңнен тайма, қазанның астына от жаға бар, билік. ҚДТ (ДВК) алдыңнан шықсын. Мереке құтты болсын!

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.