Саяси қамалушы Әсет Әбішевпен түрмедегі болып жатқан жағдайлар оның түрме қиындықтарын үлкен қажырлылықпен атқарып жатқанын көрсетеді. Мекеме әкімдігінің Әсетке бірінен соң бірін мойнына іліп жатқан айыптар мен жазалары оның батырлығы мен қайратына, қайсарлығы, сабырлығы  үшін беріп жатқан медальдар сияқты. 

Әсет жатқан түрмеде саяси тұтқынның  әрбір «адам құқы», «сотталушының құқы» деген сөздері мекеменің қызметкерлерінің ашу-ызасын тудырады, олар Әсетті осы сөздерді айтқаны үшін жазалап жатыр. 

Орын алған осы нақты жағдайда  мекеме әкімдігі бірнеше нормативтік заң ережелерін бұзды. Біріншіден, соталушы, өзіне салынған айып жаза шыққан қаулыны қолына алуы тиіс, ол күмәнсіз.;  оның екінші данасы осы құжатпен таныстыру кезінде қолына берілуі тиіс, бұл да міндетті орындалуы тиіс процедура, бірақ көп жағдайда орындалмайды. Екіншіден, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 106 бабы былай нақтылайды: адвокат сотталушымен ешқандау шектеусіз  сотталушымен кездесуге құқы бар. Сотталушы аштық жариялаған кезде әкімдік арнай рапорт жазып оны тек өз басшылығына ғана емес, арнайы прокурорға да жолдауы тиіс.  Сосын арнайы прокурор арызданушымен кездесіп шағымның мән жайын анықтап өз шешімін шығаруы тиіс,  

Заңдылық көрер көзге дөрекі бұзылып тұр, қадағалаушы прокурордың араласуы тиіс. 

 

Гүлнара Жуаспаева 

Саяси сотталған Әсет Әбішев телефон соқты. Кеше Әсетті ауруханаға ауыстырыпты, ол 7 күннен бері айып изоляторында құрғақ аштық жариялап жатқан болатын.    

Әсетке екі рет жаза қолданған, 15 және 10 күнге, карантин кезінде сақтану құралдарын талап еткені үшін. 

Оған шағым жасау үшін қаулыны бермеген, тек қана адвокатқа және туысқандарыңа ғана береміз деген желеумен бас тартқан. «Ал егер адвокатым жоқ, жетім болсам ше?» деген сұрағына колонияның әкімдігі жауап бермеген. 

Ла 155 /14 мекемесі заңдарды білмейді және карантинді пайдаланып сотталушы мен оның адвокатының құқын бұзып отыр.
Осыдан бұрын Әсет Әбішевпен бейне таспа арқылы кездесуді сұраған өтінішіме рұқсат бермеді,  оның кездесуге құқы жоқ дейді. 

Қапшағай аудандық халық сотына жіберген шағымымды сот қараусыз қалдырды.  Карантинде отырғандар  Әсет үшін басқа тағы не істей алады?

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.