Иа, қазақстандық сенаторлар қараңғылық пен қаталдылық баптары жайлаған бейбіт митингілер туралы заңды қуаттап қабылдады. Қоғамда бұл заң жайлы көп айтылды, әжептәуір талқыланды, Қоғамдық сенім мүшелері де көп ұсыныстар берген еді. Әртүрлі қоғамдық ұйым өкілдері депутаттар ұсынған заң жобасын түкке тұрғысыз етіп, оның орнына  ондаған жаңа баптар ұсынған болатын. 

Айтпақшы, бұл сенат кеше ғана Дариға Назарбаеваның бастауымен президент  ұсынған мемлекеттен көмек сұраған олигархтардың ұсынысын быт-шытын шығарып қабылдамаған  сенат болатын. Бұл Қазақстанның, оның сенатының тарихында алғаш рет болған жағдай еді. Бірақ бұл жерде «шапалақ» жеген президент БАСҚА президент, үлкен президентпен ақылдаспаған президент еді. Сондықтан да бұл жағдай президент Тоқаевқа сабақ болған болса керек. 

Әділеттігіне көшейік, бұл жерде мәселе тек сенатқа ғана тіреліп тұрмаған еді, төменгі палата да — Мәжіліс дептутаттары митинг туралы заңды бір ауыздан қабылдады, ешкім қарсы болған жоқ. 

Төменгі палата депутаттары алдында сөйлеген Халықаралық адам құқы жөніндегі сарапшы  Евгений Жовтис бірнеше беттен тұратын, нақты дәлел, айғақтармен дәлелденген аргументтері мен дәйектерді келтіріп,  депутаттардың әлемдік стандартқа сай деген заң жобасын быт-шытын шығарған баяндамасына мәжілістік депутаттар «өзің ақымақсың» деген сипатта қолдарын бір сілтеді де заңды бір ауыздан қолдап жоғарғы палатаға жіберді. Ал Жовтисқа қарсы билік әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде «асыранды» блоггерлерін айдап салды. Әрине, «осылай болары әу бастан белгілі, солай болады деп айтқанбыз…»  осылай талай рет болған. Осы кезге дейінгі айтылып келген «тоқаевтық реформалар»  деген көзқарасқа басқаша қарайтын уақыт жеткен шығар, қалай ойлайсыздар?  Бұл режиммен «конструктивті қарым-қатынас жасауға тиіспіз» деушілер не айтар екен? Мұндай жағдайдың осы кезге дейін қанымызға сіңуінің себебі — қорқақтығымыз. Басымызды жауып, көзімізді жұмып, ештеңе болып жатқан жоқ қой деп өмірге баға беру әдетіміз кеңес заманынан бері жалғасып келеді. Түйеқұс басын жерге тығып дұшпанынан тығылады екен. Кеңес заманында журналда шыққан мынадай карикатура еске түседі. Зообақта мынадай хабарландыру жазып қойған: «Түйеқұстарды қорқытпаңдар, еден бетондалған!»  Иа, басымызды тығатын еденіміз баяғыдан темір бетон. Бірақ біз әлі күнге дейін қорқамыз..  

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.