Бір біріне ұқсас карантиннің  күндерінде еліміздің жаңа тарихында БҰРЫН-СОҢДЫ болмаған бір оқиға белгісіз, ескерілмей, жұртқа байқалмай өте шықты. Шынында да бұл оқиға ерекше, Назарбаевтың басқару тарихында болмаған нәрсе еді.  Сенаторлар алғаш рет президенттің ұсынысына «мә саған» деп тылағын көрсетті! 

Әрине, бұл жерде сенаторларды мақтап, ерлік жасады дейтін ештеңесі жоқ. Осыған дейін  қуыршақ болып келген сенаторлар, сол күйінде сахнадағы қуыршақ әртістер болып қалды. Мысалы, жақында талқыланған митингілер жөніндегі заңды алайық, бірауыздан қолдады, бірде бір сенатор қарсы шыққан жоқ.  

Сенаторлардың президенттің ұсынысына қарсы шығуын Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен болған «көтеріліс» деуге де болмайды. Сенаторлар осы кезге дейін қандай бишара бейбақ болып келсе, сол күйлерінде қалды. 

Мәселе бұл жерде кімнің кім екендігінде, елдің «басты сенаторының» кім екендігінде. Басқа сөзбен айтар болсақ, елдегі басты сенатор — уақытша президенттің үстінен қарап отырған, оны ауыстыруға дайын отырған адам. Уақытша президенттің желкесінен төніп тұрған, әкесінен қуат алып отырған Дариға Нұрсұлтанқызы бәрін бақылап отыр, әкесі мен өзінің мүддесін қорғап отыр. 

Сірә, бұл ұсынысын Тоқаев белгісіз себептермен  ақылдасуды ұмытып кеткен болса керек, әрине мұндай жағдай Шалды ашуландыратыны анық, сол себептен де қуыршақ сенаторларды айдап салып Тоқаевтың ұсынысын тас-талқан етті.

Формальды түрде алғашқы себепке желеу болған нәрсе — «мемлекеттік көмекке мұқтаждардың тізіміне» олигархтардың кіріп кетуі  еді. Міне осы жерде Дариға Нұрсұлтанқызы ашуға басып мемлекеттік бюджетпен ойнауға болмайды, ол олигархтардың талан-таражына түсетін ақша емес, бұл халықтың ақшасы, кешіріңіздер «бұл қожайыны бар» бюджет деп үстелді бір-ақ ұрды..

Сенатта болған осы оқиға елдегі кімнің өкілеттілігінің күшті екендігін көрстетті. Елде «қос билік» орнаған деген сөз біраз шенеуніктердің бастарын қатырып жүр. Елде екі президенттің екі әкімшілігі, екі командасы бар, шенеуніктер оның біреуіне басын жерге дейін иеді, екіншісіне беліне дейін иіледі.. Бар болғаны сол..

Миллиардарлер мен күштеу органдары бұрынғыша бір адамға бағынады, қалғандары «көн етіктілер» баяғы таз қалпында жүр.  Мүмкін мұның бәрі уақытша болар, күтпеген сәтте күтпеген нәрселер болып қалар. Бірақ, әзірше сахнадағы басты кейіпкерлер бұрынғылар, арасындағы жалақы алып жүрген бір мұңлы сайқымазақты есепке алмағанда… 

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.