Азаматтық белсенді Даная Қалиеваны полицейлер тарапынан қуғындау хикаясы жалғасуда. Бұл хикая бүгінгі сотпен аяқталмасы анық, бұл тартыстың шын мәнінде басқа да азаматтық белсенділер үшін пайдасы мол болатын түрі бар.

 Ең біріншіден айтарымыз, бұл оқиғада жұртшылыққа  қалай «соққыға» қарсы тұра білу, соққыны қаймықпай қабылдай білудің айқын да жарқын, позитивті үлгісі көрсетіліп отыр.   Иығында погоны бар қызметкерлердің көзіңді бақырайтып қойып айтқан өтіріктеріне, күштілігін көрсетіп бетіңе қарап қорлаған мазағына, өте сауаттылықпен (осы жағы ерекше маңызды) қарсы тұрудың үлгісін көрсетті.   Полицейлер мен сот жүйесінің ашықтан ашық жасап отырған қысымына қарсы тұра білудың куәсі болдық.. 

Бұл жерде Данаяның ер азамат емес,  қыз бала екенін айтқанымыз жөн. Осындай нәзік жанның бойынан  қайсар да қайратты мінезі мен қажырлылығын көріп таң қалуға болар. Бүгінгі Қазақстандағы белсенділердің көпшілігі Даная сияқты қыз-келіншектер. Ал оларға қарсы тұрғандар — қыздардың  қолдарын бұрап, оларды полиция бөлімдеріне апарып жатқандар, еркек деген атақты қорлап жүрген погон таққандар. 

 Бұл мысалды бүгінгі күнге ғана тән, соңғы саяси үдерістің белгісі емес, заңдылығы деген дұрыс болар, себебі мен басқарған 2007- 2011 жылдарғы «Алға! (ДВК) партиясында облыстық ұйымдардың көпшілігінің жетекшілері әйелдер мен қыздар болды. Олар сол кездің өзінде ержүрек, қайсар, сауатты  белсенділер болды. Онан соң да, партияны сот шешімімен жойып, партия мүшелерін аяусыз қуғындағандарына қарамастан, белсенді қыз-келіншектер қоғамдық жұмыстарын тоқтатпады.  

Даная ҚАЛИЕВА алдына қойған мақсаты мен қиын жағдайлардан қалай шығудың  іс-қимылдар тізбегін рет-ретімен орындау сауаттылығымен, яғни алгоритмдігімен,  қайтпас қайсарлығымен, сауатты іс-қимылдарымен азаматтық белсенділердің барлығына үлгі болып отыр.  Данаяның іс алгоритмі айқын, тура. Бұл режиммен күресуге тек осындай қарсы тұра білетіндер ғана шыдай алады.   Жарайсың, Даная! Біз сені қолдаймыз!

 

Даная Қалиева

ҚР Бас прокуратурасы:  Қоғамдық пікір                                                                   
ҚР Бас прокуратурасының назарына 
 Алматы қаласының прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы             
Алматы қаласының Жетісу ауданының учаскелік полицейдің көмекшісі Байменов Мұхамедәліні №207500031000269  іс бойынша сотта шындыққа жуыспайтын көрсетулер бергені үшін жауапқа тартуды сұраймын. Байменов Мухамед-али Жетісу сотының сот мәжілістерінде өткен қылмыстық істер қаралған кезде, сәуірдің 17-28 аралығында мен ешқашан атымды Жандос деп айтқан емеспін деп бірнеше рет айтты. Бірақ Шәрбаи Қаржаубаевада болған тікелей эфирде ( Шарлин Шарлин) 2020  жылдың 20 ақпанында (тікелей эфирге сілтеме:  https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=224660198702276&id=100034748931626 )  оның «Мен ғой, участковый Жандос, Жандос!» дегені анық естіледі.  Оған қосымша, Шәрбаттың қойын кітапшасында ол өз қолымен мобильдік телефонының нөмірін жазып бергені бар, астына Жандос деп жазған. Тиісті сараптама болса оның дауысын және қолын тексеріп дәлелдейтіні ақиқат. 

 Жетысу ауданының судьясы  Тилепова Айгерим Акылжановна  осы дәлелді айғақтар іске қосып тігілсін деген өтінішімді  «оның іске қатысы жоқ» деп қабылдамады. Полиция қызметкерінің жалған көрсетулер беріп отырғаны дәлелденіп отыр емес пе!  

Не себептен полиция қызметкері  қызмет бабы кезінде жалған атты пайдаланады?Зачем вообще сотруднику полиции, если он при исполнении называться ложным именем? Канат ТаймерденовҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК  жауап беріңіздерші!

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.