COVID 19 карантиніне байланысты шаралар, нақтылап айтар болсақ, биліктің қисынға келе бермейтін кейбір «тірліктері» халықтың ашу-ызасын тудырып жатыр.

Мысалы, 42500 теңгелік көмекке байланысты ойланбай жасалған істері, атап айтқанда ол ақшаны алуға байланысты топастыққа толы тосқауылдары, оны айтасыз, алушыларды соттаймыз деп қорқытқанының өзі не тұрады. Көмек ақша алушыларды бір жерге жиналмаңдар деп жүруге салған тиымы.. Осындай және басқа тиымдар халықты шаршатып қана қоймады, сонымен бірге жүйкесін шаршатты, нәтижесінде ана жерде, мына жерде адамдар қарсылық көрсетіп наразылыққа шығуда. 

Адамдар карантинге дейін күнделікті күнкөрісін үлкен мегаполистер арқылы өлместің күнін кешіп келді. Енді карантин кезінде Алматы мен Астанаға кіруге тиым салынғаннан бері адамдар күнделікті нан пұлынан айрылды; әлеуметтік желіде көмек сұраушылар толып кетті, үміті мен шыдамы таусылғандардың жан айқайы шығып жатыр. 

Ең жоғарыда отырғандар, сірә тапсырмаларын береді де сонымен болды деп ойлайтын болса керек. Ол тапсырмалар орындалып жатыр ма , жоқ па онымен жұмыстары жоқ. Сол тапсырмалардың орындалуын мыңдаған адамдар күтіп отыр, ол мәселелерді дереу шешу қажет..

Мына бейне таспада — Қараөткел ауылының тұрғындары, көлік жүргізушілер, олардың Астанаға кіруге рұқсаттары бар, бірақ қаруланған полицейлердің шебі жібермей тұр.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.