Елена Семёнова

 Сау денесін жарақаттау  — түрмеде жатқандардың жазасын өтеу мекемелерді қадағалайтын, бақылайтын  Қылмыстық атқару жүйесінің комитетіне, Жемқорлыққа қарсы комитетке және Бас прокуратураға арыз-шағымдарын жеткізе алмай шаршағаннан соң амалсыздан жасайтын ең  соңғы іс-қимылдары.

Бірақ, осыншама сау денесін жарақаттап жанкештілікке барса да олардың көпшілігі қадағалаушы органдардың назарын өздеріне аудара алмайды, себебі қызметкерлер «бір амалын табармыз» деп болған оқиғаларды жасырады.

Міне, дәл осындай жағдайларды еске ала отырып жоғары деңгейдегі басшылықтың арыз-шағымдарды жөнелту мен сау денесін жарақаттағандар жайлы арнайы хабарларды қалай «ерекше бақылауда» ұстайтындарына көңіл аударған жөн болар.

Әрине, бұл факты бойынша сотталған адамның денесін жарақаттанғанға дейінгі арызы бойынша тексерудің болатындығында сөз жоқ, болады. Бірақ, жіберілген қатынаста  «сотталушының айтқандары нақты дәлелін таппады» немесе «бұл арыз бойынша қылмыстық іс қозғауға деректер жеткіліксіз» деген жауаптың болары анық.

Бірақ  сотталушы неге сондай жағдайға дейін жеткізілді деген сұраққа жауап іздеп тексерілу жүргізілер ме екен? Егер мекеме қызметкерлері мен медицина қызметкерлері өзін өзі жарақаттау фактысын сол уақытта есепке алып, тиісті шаралар қабылдаған болса, сотталушы сондай ашыну жағдайына дейін жеткізілмеген болар еді емес пе.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.