Елена Семёнова

 УК-161\4 мекемесінде жатқан  сотталғандарға,  олардың туыстарына  маған телефон соғуға тиым салынғанына қарамастан маған өтініштер, шағымдар (әртүрлі амалын тауып) түсіп жатады.

Кеше мен бүгін сотталғандардың туысқандары маған ТАКСОФОН арқылы телефон соғып мүгедектердің жағдайын хабарлады. Мүгедектердің біріне осыдан аз уақыт бұрын пышақпен ДПА ұмтылған болатын (ол жөнінде хабар жарияланған), міне бүгін сол мүгедек өзіне өзі қол салмақ болып пышаққа кесілген, бұған дейін аузын тіккен болатын.
Тағы бір мүгедекті Тәртіп изоляторына (ДИЗО) жауыпты, басқа сотталғандардың айтуынша енді оны СУС-а (өте қатаң бақылауда ұстайтын орын) жібереді дейді.
 

Жақында «тарқатылып» жіберілген мүгедектер отрядындағы су жылытатын 50 литрлік «Аристонды» мекеме қызметкері алып қойыпты, «Аристонды» мүгедектер өз ақшаларына сатып алған болатын. Басқа отрядқа «жер аударылған» мүгедектер жаңа отрядқа 50 литрлік су жылытқышты қондырмақ болған екен, бірақ мекеменің қызметкері оны тартып алып өзінің кабинетіне қойған (өзіне душты қосып алу үшін), оның орнына мүгедектерге 25 литрлік су жылытқышты берген.
Неге мұндай істер болып жатыр? Неге өз құқықтарын бұзғандығы жайлы шағымданған мүгедектерге қарсы «соғыс»  (басқа сөзбен айту мүмкін емес) жарияланып отыр?

Мүмкін оның себебі — Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті, жемқорлыққа қарсы комитет, Бас прокуратураның қимылсыздығынан болар? 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.