Sanzhar Bokayev

Мемлекеттен қай салаға, қандай негізде қолдаулар көрсетіліп отыр?

Мемлекеттен қолдау алатын елдің жүйелік негізін құрушы мекемелердің тізімін қарап шықтым.

Ең бірінші байқағаным — салалық ауытқу. Құрылыс – 60%, сауда мен қозғалмайтын мүлік – 24%, көлік – 7%, энергетика – 4%, өңдеу өнеркәсібі – 3%, тау-кен өнеркәсібі  – 2%.

Екінші — көптеген компаниялардың құрылтайшыларының арасында атақты фамилиялардың көптігі. Жиі кездесетіндер:  А.С. Лаврентьев — 20 жуық компания, Н. Смағұловтың компаниясы 15-н астам ұйымдар, 60 жуық компаниялар   BI Groupe брендіне жататындар немесе онымен байланыстылар. Боранбаев, Бекетаев, Балагута және басқа өте көп қызық фамилиялар кездеседі. 

Үшінші — үкімет өңдеу өнеркәсібі дегенде нашар түсінеді екен, бұл салаға тек автопромды қосыпты. Бәріміз де жақсы білеміз ғой — бұл дегеніміз дайын агрегаттарды алып келесің де үлкен бөлшектерді жинап құрастырасың.  Мұның қай жері өңдеу өнеркәсібі? Тізімде халық тұтынатын тауарларды шығаратын бірде бір мекеме жоқ. Тізімде сонымен бірге жеңіл, тамақ, химия, медицина өнеркәсібіне жататын бірде бір компания жоқ. Аталған салалар барлығы жиналып өңдеу өнеркәсібінің негізін қалайды емес пе. 

Төртінші — аталған мекемелер қандай критерийлер бойынша еліміздің жүйелік негізін құрайтын мекемелерге жататындығын айғақтайтын методологиясы берілмеген.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.