Ақтөбелік азаматтық белсенді Берік Ноғаевтың туысқандары бүгін 27 сәуір күні сағат 10-30-а құқық қорғау органдарының қызметкерлері Берікті үйден алып кеткенін және Ақтөбенің Қандыағаш аудандық бөліміне апарғанын хабарлады.
Ұстау себебі — Фейсбукте пост жариялағаны үшін деп айтады.
Ноғаев Берик соңғы рет 2020 жылдың 20 наурызында бейне үндеу жариялағаны үшін саяси қуғынға ұшыраған болатын. Ол бейнетаспа 18 наурызда Сағындық Бекеев пен Асылхан Жұбатыровтың үстінен болған әкімгершілік соттан кейін жазылған еді.
Сол бейне үндеуі үшін Берік Ноғаев полицияның Сазды бөліміне жеткізілген болатын. Кейінірек Берікті босатып жіберді, оған 14 ақпанда «Көше партиясы» қозғалысын қолдағаны үшін 50 ЕАК айып тағайындалды.