Тұрғындардың тұрмыс жағдайларының деңгейін әртүрлі жолдармен салыстыруға болады.  Бірақ, солардың ішіндегі ең дұрысы — бұл елдің зейнеткерлерінің тұрмыс деңгейлерінің қандайлығы. Осылай салыстырсаң қателеспейсің. 

Европа елдерінде болғандар мынадай көріністердің куәгері болған шығар: қаудіреген кемпір мен шал қол ұстасып паркте қыдырып келе жатыр, екеуі балконында көфе ішіп отыр, күнде кешке екеуі қол ұстасып кафеге барып тамақтанады. Олардың өмір салты сондай, мереке емес біз ойлағандай. Немесе туристік автобустан түсіп жатқан қариялар мен кемпірлер, қолдарында фото, бейне камералар, топырлап келіп ресторандарда тамақ ішіп жатыр.. Мысалы, Жапонияда зейнеткер, егер жақсы жұмыс істеген болса, ауқатты кісілердің қатарына жатады, ол жыл сайын айлап әлемді қыдырып сапар шеге алады…

Мен бұл жерде АҚШ, Франция, Германияның  зейнеткерлерін айтып отырғаным жоқ. Олар зейнеткерлікті жаңа бақытты өмірдің басталуы сияқты күтеді… ешкімге ештеңе берешек емессің, өміріңді бақытты ететін зейнетақың бар… 

Өмір бойы маңдай терін төгіп, денсаулығын шашып зейнетке шыққандардың … қазақстандық зейнеткерлердің тұрмысы жайлы айтып жұрттың көңілін «жылатып» қажеті болмас. Тек цифрлар. Цифрларды оқып, мұздатқышыңды ашқандай  бірден бәрін түсінесің. 

Әртүрлі елдегі зейнеткерлер қанша жасқа дейін өмір сүреді және қанша зейнетақы алады. 
 Украинада соңғы деректер бойынша 11,3 млн зейнеткер, оның 2,6 млн жұмыс істейді.  Орташа зейнетақысы айына 3 мың гривеннен артығырақ (117 евро). Өмірлерінің ұзақтығы орташа 75 жас шамасында.
 АҚШ-а орташа өмір ұзақтығы 80,9 жас, зейнетақысы орташа 1,2 мың евро.
 Францияда орташа өмір жас ұзақтығы  – 84,5 жыл. Орташа зейнетақысы – 1,4 мың евро.
Германияда – зейнетақысы 782 евро, орташа жас ұзақтығы  – 82,4 жыл.


«…1 сәуірден бастап Мемлекет басшысының тапсыруымен зейнетақылар мен жәрдемақыларға 10 пайызға (бір жылға) индексациялау жүргізілетін болды. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2020 жылдың 1 сәуіріне 40 441 тенге болатын болды…»  100 долларға жуық!  Осындай ақшаға 73 жасқа дейін өмір сүргің келе ме, жоқ па?  Қазақстандық 2 миллионға жуық зейнеткерлерді қандай өмір күтіп тұр…
 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.