Қазір Семейде азаматтық белсенді Даная Қалиеваның үстінен сот жүріп жатыр. Ол қылмыстық бап бойынша «полицейге тіл тигізгені үшін» деп айыпталуда. 

Мәселенің мәні былай, осы жылдың 22 ақпанында Даная штаттық киімдегі кісілердің өздерін таныстырмай тағы бір белсенді Шәрбат Қаржаубаеваны дөрекі күш қолданып қарапайым көлікке  салып жатқанына куә болады. 

Сырттан қараған адамға бұл нағыз адам ұрлау еді, сондықтан да бәрін көріп тұрған Даная мұндай зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатында тоқтатыңдар деп оларға тіл тигізіп, түсірген бейнетаспаны интернетке салды. 

Кейін белгілі болды, өздерін қылмыскерлер сияқты көрсеткендер полиция қызметкерлері болып шықты, мұндай бейнетаспаны көрген соң олар ашуланып жындары қозып кетті. Олардың ашу-ызалары, оған қоса уайымдары  тіпті тасып кетіп, әділет іздеген полицейлер сотқа жүгінді. Куәлердің айтуынша сот жабық режимде өтті. Иығында погоны бар әйел ұрлаушылар  Даная қамалсын деп талап қойды. Сот процесін назарда ұстап отырмыз. Зорлықшы полицейлер — Алматы қаласының Жетісу аудандық полиция бөлімінің зорлықшы полицейлерінің  (Жомартов пен Бәйменов) жағдайын білеміз. Әділеттің таразысын ұстап отырған судьялар не дер екен.. 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.