СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақ — мен жақында мерзімінен бұрын шартты түрде түрмеден босанған едім. Пробация қызметінің қызметкерлері карантин жағдайында үйге келіп сыртқа сөйлесейік деп шақырады..  COVID19 карантині кезіндегі олардың бұл іс-әрекеттері қаншалықты заңға сай келеді? 

 

ЖАУАП: -ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 169 бабы бойынша шартты түрде түрмеден босанғандардың тұрып жатқан орны жайлы ақпарат алу және тиісті бақылау  шараларын қамтамасыз етудің тізімі жазылған. 

Бұл тізімде шартты түрде босанған адамның да және ІІМ пробация қызметінің қызметкерлерінің де құқықтары мен міндеттері жазылған (8 б.).

Атап айтқанда, қызметкерлер босанған адамның тұрып жатқан жерін бақылау үшін электрондық тексеру құралдарын пайдалануға құқылы, оның тізімін ҚР үкіметі бекіткен. 

Бұндай жағдайда, өте сирек кезде ғана қолданылады, егер, шартты түрде босанған адам 1996 жылдың 15 шілдесіндегі ҚР «Жазалау орындарынан шыққандарды әкімшілік бақылауға алу туралы» заңның 2 бабы подпункт «В» жататын болса, яғни сот шешімі бойынша бұл адам әкімшілік қадағалауға жатса, осы заңның 12 «б» бабы бойынша  кісіге  тұрған жерінде үнемі әкімшілік бақылау жүргізіледі».  Карантин мен ТЖ нормалары жоғарыда көрсетілген заң нормаларына әсер ете алмайды. Осы орайда, пробация қызметі мен полиция қызметкерлерінің карантин кезіндегі үйге келіп атқарған істері дұрыс. 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.