«Но пасаран! – Стоп, таракан! – Белсенділерге бостандық!  Шенеуніктер түрмеге!» -… Бұл Беларусь елінде Бресте болып жатқан жағдай. Вируске байланысты карантинге қарамай адамдар наразылыққа шықты. 

Белорустар Брест қаласында салынып жатқан аккумулятор зауытының құрылысына қарсы наразылық жасауда. 2018 жылдан бері наразылық болып жатыр, халықтың наразылығының арқасында ғана қазір зауыттың құрылысы тоқтап тұр.

 2018 жылдың наурызынан бастап адамдар әр жексенбі сайын көшеге шығады — алаңда кептерлерге тамақ береді, ұрандарын айғайлайды, бір бірлеріне қол соғып құттықтайды. Өткен жексенбіде билік үш ұйымдастырушыны тұтқынға алды — халық қайтадан шықты, бұрынғы айқайлаған ұрандарына «Белсенділерге бостандық — шенеуніктер түрмеге!» деген ұранды қосты…

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.