Осыдан бір-екі жыл бұрын мен бірнеше адамдармен сөйлескен едім, олар өз жоспарларында интернет-ресурс ашып онда погонды қылмыскерлер мен олардың қолшоқпарлары жайлы деректерді сұрыптап жинап отырсақ деген ойларын айтқан еді. КСРО-ң бұрынғы республикаларынан шыққан бұл кісілер қазір посткеңестік елдер кеңестігінен аулақта өмір сүруде. Қазір олар өз ресурстарын жасап іске қосып жұмыстарын атқарып жатыр. Оған өз ақпараттарын салып толтыруда. Бұл ақпарат — фактілерге толы, құжаттармен расталған үлкен дүниелер. Кейін өз істеріне жауап беру сағаты туған кезде «мойындарына» салып береді. ..
Жақында әлеуметтік желіде бір топ бұрын погон таққан азғындар мен олардың жұмсайтын құлдарының (түрмеде оларды «белсенділер», «ешкілер» деп атайды) үстінен сот ісі болғандығы жайлы хабар болды. Олар 2017 жылы Шахтинск лагерінде сотталушы Валерий Чупинді әбден азаптап қинап өлтірген. Тергеу ісі бір жылға жуық жүрді, 2018 жылы олар әртүрлі мерзімге сотталды, өте сирек болатын жағдай…
Сол ресурсты толтырушылар бізге үкімнің толық мәтінін берді. Бұл құжатта істің егжей-тегжейлері майда-шүйдасына дейін жазылған, сондықтан ескертеміз, оны оқу өте қиын. Бірақ, онда жазылғандардың барлығы Қылмыстық атқару жүйесінің комитетінде болған шын жағдайлар. Сол жағдайлар әлі күнге дейін жалғасуда….
Үкім қағазынан бар болғаны бірнеше парақтың скринін ұсынып отырмыз, барлық парақ саны — 51. Оқыңыздар. Өте ауыр, бірақ пайдалы.
Пагон таққан қылмыскерлер жайлы ресурстың сілтемесі:
Үкімнің сілтемесі: : https://mega.nz/file/AkthHISa#7azPDfn192FhMDvZG_plujAVdvQjUv4rUSDU2kfCAno