Сасяси қамауда отырған Әсет Әбішевтің адвокаты Гүлнара Жуаспаева хабарлағанындай, Әсетті тағы да он күнге айып изоляторына қамап қойды.  Әсет Әбішев Алматы облысының Заречное селосындағы

 ЛА 155/14 мекемесінің 103 лагерінде әрі заңсыз, әділетсіз қамауда отыр. Бұл лагерь арамза дәстүрлерімен, дәл сондай қызметкерлерімен аты шыққан. Саяси қамауда болған Владимир Козлов өзімен дәл осындай жағдай болғанын еске түсіреді. 

Сөз жоқ, мекеменің әкімшілігі қазір жалғандыққа басып, бірінен соң бірі жазаларды   Әсетке таңып «нағыз асау заң бұзушы» деген атақ беріп, оны қатаң жаза бөлмесіне (СУС) қамайтын болары анық. 

СУС  деп аталатын қатаң жазалар барагы лагерьдің ішінде, түрменің ішіндегі түрме деуге болады. Онда ұсталатындар ұзақ мерзім бойы кездесуден ада болады, таксофоннан сөйлесе алмайды, қысқа мерзімді ғана кездесулер, алты айда бір рет қана сырттан зат алу мүмкіндіктері бар.  

Әкімгершіліктің өз алдына қойып отырған басты мақсаты — Әсет Әбішевтің лагерьдегі басқа сотталғандармен қарым-қатынасын болдырмау, себебі Әсет  өз құқығын әрқашан қорғап басқа сотталғандарға үлгі болып жүр…  Егер Әсет Әбішевті СУС-а  қамайтын болса, оның хаттан басқа (адвокатпен кездесуі ғана бар, ол да қазіргі карантинге байланысты тоқтап тұр) оның қолдау алатын мүмкіндігі болмайды. 

Әсеттің адресі: Алматы облысы,  Заречное селосы, ЛА 155/14 мекемесі , Әсет ӘБІШЕВКЕ.

Хатпен бірге конвертке маркалы конверт және бір парақ салыңыздар. Тапсырысты хат пен маркасы бар бірнеше конверттер, қалам, қағаз салуға болады., оған тиым жоқ. Саяси қамауда жатқан Әсет Әбішев қолдауларыңызды күтеді, ол азаматтық қарсылықтың алдыңғы шебінде. Әсетті қолдайық, бұл оған өте қажет.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.