COVID-19 жайлы не біліп жатқаным жайлы пікір бөлісуімді жалғастырамын..

Жексенбінің таңертеңіне Қазақстандағы ауырғандар саны  2652  (шамамен бүкіл халықтың 0,013%), сауыққандары 646, өлгені 25, соның ішінде мен тұратын Алматыда, тиісінше 842, 90, 8. Мынадай жәй сұрақ қояйын: Жалпы халықтың санының ауырғандарға қатынасы осындай кезінде, салыстырмалы түрде өлгендердің саны аз кезінде мұндай толық карантин крек пе?

Біріншіден,  карантиннің енгізілуіне қарамастан, оның енген уақытынан бастап ауырғандардың саны 260 рет өсті. Ауырғандардың барлығы тест сынағынан өткендер, ауруханаға жатқызылғандар немесе оқшауландырылғандар. Бұдан басқалары, симптомы жоқ адамдар, жеңіл түрде ауырғандар, ауруларының  COVID-19 екендігін байқамағандар. Сол себептен де ауырғандардың саны әжептәуір көп болуы керек. Бірақ ол жағынан әзірше хабарсызбыз.

Екіншіден, бұл өзі «пирамида». Нью-Йоркте жасалған тестілеулер бойынша, бұл қалада күніне 20 мыңға дейін адам тестіленеді, жақын күндері бұл көрсеткішті 40 мыңға жеткізбекші, жұқтырғандардың саны бірнеше есе көп.  Бұндағы тестілеу тікелей  COVID-19 жасалады, симптомдары жоқ 3000 адамды антителаға жаппай тестілеуден өткізген. Тестілеулердің нақтылығы айқын болса, онда әрбір бесінші адам бұл аурумен ауырған және одан өзі хабарсыз болған.  Яғни Нью-Йорк штатының халқының 20 пайызы ауырған, ауруханада бірақ жатпаған және өлмеген.  Егер бұл дерек нақтыланса, онда бұл жақсы жаңалық, себебі ауырғандармен салыстырғанда өлгендер мен ауыр науқас болғандардың саны аз. Бірақ оған қарамастан осы жағдайдың өзі ауруханалардың толып кетуіне, жылжымалы әскери госпитальдарды және т. б. шараларды жасауға мәжбүр етіп отыр. Айтпақшы, кеше Дүниежүзілік денсаулық ұйымы ауырып сауыққандардың қайтадан ауруды жұқтырмасына айғақтар табылған жоқ деп мәлімдеді.

«Пирамида» деген сөзіме оралайын. Біріншіден, ауырып жазылғандар мен ауырғандар бар, бірақ ешқандай симптпомсыз ауырғандар. Олардың қанша екенін біз білмейміз, себебі бізде халықты түгел тестілеп шығуға күшіміз жетіспейді, тіпті түгел тестілеп шығу мүмкін емес.

Басты проблема, тестілеу үшін тестілер (реагенттер және оған қажеттілер) жеткілікті мөлшерде болуы керек, тестілеу жасайтын, нәтижесін алатын жеткілікті лабораториялар саны, биоматериалдарға (мұрыннан, таңдайдан алынатын жұғындылар болуы мүмкін, антителаларға — қанның құрамдық талдауы, оларды қоятын, сақтайтын, жеткізетін) орындар керек.    Нью-Йорк штатында,  әлемде ең көп ауру жұқтырғандар осы жер болып отыр, 300 жуық  тестілеу жүргізетін  лабораториялар бар, енді олар барлық дәріханалар мен медициналық мекемелерде қызметкерлері биоматериалдарды тестілеуге алатын болсын, лабораторияларға жеткізетін болсын деген мақсат қойып отыр. Ойлап көзіңізге елестетіп көріңізші, күніне жүздеген, бірнеше мың адамнан биоматериал алудың қандай екендігін. Мысалы, Алматының жағдайында күніне 1000 адамды өткізудің өзі қисынға жуымайды, қала халқының жартысының өзін тестілеуге 3 жылдай уақыт кетеді.

Сондықтан да жаппай тестілеуді ешкім жүргізейін деп жатқан жоқ, ең бастысы ауыршаң топты: аурумен күресіп жатқан — дәрігер, медбике, аурухананың басқа қызметкерлерін, жүргізушілерді т. б., күрделі сырқаттылар мен қарттарды, суық шалған белгілері барларды, бір сөзбен айтқанда  COVID-19 ұқсас симптомдары барларды назарға алу қажет.

Сонымен ауырып жазылғандар көп дедік, бірақ кім еш симптомсыз ауырды,  симптомдары бар адамдар болуы мүмкін, бірақ олар ауруханаларға бармайды, себебі COVID-19 деп ойламайды, ол адамдармен карантин кезінде байланысымыз болмағандықтан ауру жұқтырмаймыз.

Тестілеу жүргізілетін болса, адамның таза екенін айқындаймыз, бірақ ол ауру адаммен жақындағанша ғана таза. Карантинді алып тастайық, ешқандай кепіл жоқ. Жұқтырған болса, онда адамды медицина мекемесінде оқшаулап кіммен жанасқанын, бірге болғанын анықтау  керек. Мұндай адам құрғақ шөп сияқты, лау ете қалып, ауру ошағы пайда болады. Алматыдағы екі ауруханада болған жағдайды естеріңізге түсіріңіздер.

Енді келесі кезекте ауруханаға барғандар, кімнен COVID-19 тапқандар, оқшауландырылған емделушілерге келейік. Бұл жерде дұрысы емделушілер емес, науқасты бір жағдайда ұстап тұрғандар, себебі дәрі жоқ. Оларды оқшаулап бір қалыпты жағдайда ұстау үшін ауруханаларда орын мен персонал жеткілікті болуы қажет. Өздеріңіз көріп отырсыздар ғой, Алматыдағы персоналдың өзі жаппай жүздеп жұқтырып жатыр. 

Мұнан соңғы кезектегілер — жағдайлары ауыр кісілер, олар жан сақтау бөлімдерінде жатыр, оларға арнайы құрал, тәулік бойы бақылау қажет. Бұны жасау үшін көп орын, көп персонал керек. Ең ауыршаңдар —  дәрігерлер мен аурухана қызметкерлері болып отыр, әзірше олар ауруханаға жатқызылғандарды қарауға үлгеріп жатыр, әзірше.

Қариялар, иммунитеті нашарлаған жастар, күрделі хроникалық аурулары барлар туралы айтар болсақ, олардың жазылу мәселесі «елу де елу» сияқты, жазылуы да, өлуі де мүмкін. Бұл мәселеде, оларға ауруханада қандай көмек беріліп жатқанының да маңызы зор, себебі көп адамдар үшін бұл ауру өте ауыр, адамның  қалыпқа келуі ұзаққа созылады.

Басқа жағынан алар болсақ, экономикаға жол ашу қажет, себебі адамдарға жұмыс керек, мыңдаған адамдардың күнкөрісі қиындап барады, отбасыға, бала-шағаға тамақ керек, халыққа көмектесу мемлекеттің тікелей міндеті. Елдің жағдайын дағдарысқа жеткізбей, мүмкін күштердің бәрін пайдалану қажет.

Бұрынғы қалыпты өмірге оралып жағдайды жөндеу үшін көп уақыт қажет (бұл вирус жайлы белгісіздіктер анықталғанша, оған қарсы вакцина табылғанша) болып отыр, өміріміз басқа қалыпқа көшу үшін — бетті тұмшалау, сақтық, мүмкіндігінше көп адамның жиналмауы және т. б. сақтық шаралары үшін бірнеше шарттар орындалуы тиіс:

— аурудың ошағын тез тауып бақылайтын тиімді жүйе;

-ауру ошағымен жанасқандарды тез тауып оқшаулау;
-тестілеудің жеткілікті көлемі;

— жұқтырғандардың саны өскен кездегі денсаулық жүйесінің оған сай дайындықта болуы.

Ең бастысы — қоғамымыздың бұл мәселенің қаншалықты күрделі қауіп төндіріп отырғандығын түсінуі. Және де айтарым, мамандардың айтуынша қысқа таман, жыл сайынғы тымау басталған кезінде қайталануы мүмкін деген болжамдары бар.

Әйтсе де бұл айтылғандар пессимизм ғана болсын, оптимизмдік болжамдар да жеткілікті. Айтарым осы ғана.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.