1986 жылдың 26 сәуірінің  01:23:47 секундында Чернобыльдің атом электр стансасында қопарылыс, апат болды. Бұл апат ғасырларға созылатын болады, мұндай апат Жер бетінде бұрын болмаған. 

26 сәуір – Радиациялық қопарылыстар мен апаттардың құрбандарының халықаралық күні.  Оның бірінші құрбаны  Валерий Ходемчук, Чернобыль АЭС- ң басты циркулярлық насостардың операторы болды. Басқа құрбандар  — солдаттар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, құтқарушылар, жұмысшылар… тағы, тағы толып жатқан мыңдаған адамдар, олардың санына жету мүмкін емес, себебі алғашқы сағаттарда қаншама адам радиоактивтік бұлттың астында қалды, олардың өмірі  аз ғана уақытқа созылып, қалғандары біртіндеп өле берді, қазір де қаншасы өліп жатыр, іштен туғанда ауру болғандар, Чернобыльдың адамдардың тағдырын сындырғандары қаншама…

Бүгінгі  Чернобыль – аласталған аймақ, бірнеше деңгейдегі тиым аймақтары бар: тұруға болатын, шаруашылық жүргізетін, тағы,тағы басқалар….  Бұл аймақтан көшіп кеткісі келмеген адамдар әлі де тұрып жатыр. Анда-санда ол жақтан, қатерлі «жаудың» -әртүрлі радиацияның әсерінен болған таңғажайыптар жайлы жаңалықтар түсіп тұрады. Ол қатерлі «жауды» көре алмайсың, ести алмайсың, сезе алмайсың, ұстай алмайсың….  Жуырда ол жақта болған қолдан жасалған өрт жайлы хабар жетті, ол жақтан келген түтіннің бұлты Киевке дейін жетіп қаланың үстін жапты; түтіннің қоюлығы сонша, үйден шықпаңдар деген тапсырма берілді, бір «жақсы» жері  — карантин…

Кеңес заманында КСРО-ң атом энергетикасын  әлем алдында мақтан тұтатын, энергия беретін нағыз экологиятық таза әдіс дейтін. «Әрбір үйде бейбіт атом болсын» деген үндеу — бүгінгі таңда денені мұздатып жіберетін сөзге айналды. Дегенмен атом энергетикасы жоғалып кеткен жоқ, дамып жатыр, әр елде әртүрлі, бірақ тұрақты даму үстінде. 

Менің бір шама уақыт Маңғыстау атом энергокомбинатының президентінің көмекшісі болып істеуіме тура келді. Сол кездің өзінде, тоқсаныншы жылдардың аяғында, атом реакторы ешқандай авариясыз белгіленген мерзімінен артық уақыт істеді. «Тоқтау режиміне» тақаған болатын. Комбинаттың аумағы алып бетонды блокпен қоршалған, күзет жүйесі, кіргізу, шығару, тиымдар… 

Ішінде болғаным бар. Іші — өте үлкен зал, бос, ішінде жан жоқ сияқты. Едені өте қалың қорғасыннан жасалған плиталармен төселген, олардың барлығына пломба салынған.  Бетонның астында — резервуар орналасқан, көлемі бүкіл залды қамтиды, тереңдігі 10 метрден асады, теңіздің суымен толтырылған. Маған бір плитаны ашып көрсетті: мөлдіреген Каспийдің суының астында плутоний контейнерлерінің штабельдері қарайып жатыр…   БН350 реакторы тек қана уранды қайтадан өңдеу процессімен айналыспайды, сонымен бірге  қару үшін де пайдалануға арналған, сол кездегі КСРО-ң қорғаны есебіндегі ядролық қарудың  «оқ-дәрісі» осы жерде дайындалатын… 

Ақтауда 40 жыл тұрып, комбинаттан оншақты километр қашықтықта тұрғандықтан білемін, әжептәуір қауіпсіз болатын. Сол кездің өзінде, КСРО заманында ақтаулықтар радиациялық фон жайлы хабарды үнемі алып тұратын, МАГАТЭ-ң өзі ешқандай қауіп жайлы айтпайтын. Бірақ, мен қазір Қазақстанның аймағында АЭС соғуға қарсылар жағындамын. Осы жерде маңызды ҚАЗІР дегенді айтайын. Бүгінгі мисыз, албасты билік кезінде, шектен шыққан жемқорлық, барлық саладағы біліксіздік пен білімсіздік жайлаған кезде, тәуір мамандардың кетіп жатқанында, ұлттық компанияларды ұрылардың ұлдары мен қыздары штаттарын толтырған, елді тонап жатқан кезде… Мен қазір қарсымын.

Тағы бір қарсы  себебім — «ликвидаторлар» деушілерді тіпті ұмытып кетті. Иа, оларға бірнәрселерді береді, беріп жатыр. Бірақ Өлім деген  тажал биліктің жалған көмегіне «екі» деген баға қойды. 

Осындай жағдайлар орын алып жатқан кезде,  «олар» билік басында отырған кезде, «олардың» АЭСтерінің бізге түкке қажеті жоқ. «Оларды» қалай биліктен қуып шығарамыз, көрерміз….

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.