17  ақпанда, бейбіт жиындар жайлы заң жобасы шыққаннан кейін біз Төреғожинамен бірге (бұл кісі БҰҰ Комитетінде Қазақстанның Үкіметіне қарсы адам құқын бұзушылыққа байланысты бейбіт жиындар мәселесі бойынша үш істі ұтып алған адам есебінде) екеуміз осы заң жобасы жайлы қатынасымызды ағылшын тіліне аударып Арнаулы процедураға (осылай аталады) — БҰҰ жиын және ассоциациялар бостандығы бойынша Арнаулы баяндаушысына, яғни БҰҰ осы мәселе бойынша бас сарапшысына жібердік. Осы мәселе бойынша назар аударыңыздар деп өтіндік. Процедура бойынша Арнаулы баяндаушы өз пікірін тиісті мемлекеттің басшылығына жібереді.

21 сәуірде ол Президент Тоқаев мырзаға жіберген және тағы да процедура бойынша оны БҰҰ сайтында жариялады. Қызығушылар, ағылшынша білсе мына жерден таныссын:  https://spcommreports.ohchr.org/…/DownLoadPublicCommunicati…

Мен екі сағатымды жұмсап, оны орысшаға аудардым, төменде беріп отырмын. Арнаулы баяндаушы өз хатын Мәжіліске түскен заң жобасы негізінде жазғандықтан, Мәжілісте жасалған өзгертулерді еске алмаған. Оның хатында ұйымдастырушыларды жасы мен бейбіт жиындардың қатысушыларының жастары бойынша шектеулер айтылған, кейінгі версияда бұл шектеуді алып тастады. Сондықтан да ол барлық жерде рұқсат берілгені жайлы ештеңе айтпайды, тиым салынған орын мен жалғыз адамның пикетінен басқа.   

Бұл жері онша принципті емес,  себебі Арнаулы баяндаушының тұжырымы біреу ғана: заң жобасының  көптеген жерлері халықаралық стандарттарға сай емес, өзгертуді талап етеді. Сонымен бірге бірнеше жерде халықаралық стандарттарға сәйкес еместігі жерлерін көрсеткен, олар жайлы сол сөздермен мен де айтқан болатынмын.

Оған қоса, Арнаулы баяндаушының хатын оқи отырып сіз түсінесіз, не себептен мен бірнеше рет қайталап айттым, бұл заң жобасы концептуалдық тұрғыдан алғанда бейбіт жиындарға байланысты халықаралық құқықтың негізгі ережелеріне идеологиялық тұрғыдан қарама-қайшы.

Мен не себептен халықаралық сараптамаға беруді ерекше қуаттадым. Себебі сол кезде ғана айқындалар еді.

Шыдамсыздық  танытып,  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мамандарына, ішінде министр мырзаға да, халықаралық құқық жөніндегі, осы мәселе бойынша «жетекші» сарапшыларға және Мәжіліс депутаттар тобына, бұл заң жобасы халықаралық стандарттарға толығынан сай келеді дегендерге жалынды сәлем жолдауға асығып отырмын. 

Өздеріңіз оқып шығыңыздар, сөздер көп, жәй сөздер емес, бірақ өкінбейсіздер.

ҰЛТТАР  САРАЙЫ,  1211 ЖЕНЕВА 10, ШВЕЙЦАРИЯ

Арнаулы баяндамашының бейбіт жиындар мен ассоциацилар бостандығы құқығы мәселесі бойынша Мандаты.

( ресми емес аударма, орысшаға Адам құқы мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстанның халықаралық бюросы  аударған)

REFERENCE:
OL KAZ 1/2020 21 сәуір 2020 ж.
Жоғары Мәртебелім,

 Бейбіт жиындар мен ассоциациялар еркіндігі құқығы бойынша Арнаулы баяндаушы мәртебесінде, Адам құқы кеңесінің 41/12 резолюциясын орындауға байланысты  Сізге осы хатымды жолдаймын.

Осы орайда, Жоғары Мәртебелім,  «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» (заң жобасы) Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  (АҚДМ) дайындаған, 2020 жылдың 7 ақпанында  www.legalacts.egov.kz вебсайтында жарияланған  және «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу жайлы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» («өзгертулер жайлы заң жобасы) маған түскен ақпаратқа Сіздің Үкіметіңіздің назарын аударғым келеді.

Жоғары Мәртебелім, Сіздің Үкіметіңіздің 1995 жылдан бері істеп келе жатқан жиындар туралы заңға өзгертулер енгізудің орнына жаңа заң дайындау жөніндегі шешімін құттықтаймын.  

Бұл шешім маған дейін осы жұмысты атқарған әріптесімнің елге барған сапарынан соң туындаған ұсыныстарына 97 (а) сәйкес келеді, онда былай мәлімденген: «Арнаулы баяндаушы компетентті органдарды шақырады: … нақты белгіленген мерзімде және азаматтық қоғамның қатысуы мен жариялы жиындар жөнінде заң қабылдау, бұл заң халықаралық құқық нормаларының адам құқына сәйкес болуы тиіс. Жаңа заңда мемлекеттен жиын өткізуге алдын ала рұқсат сұрау процедурасын алып тастау қажет, жиын өткізуге тиым салынатын орындардың қысқа аз сөзбен анықтамасы берілуі керек; айқын көрсету керек — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек қана мемлекеттің міндеті және де «заңсыз жиынға қатысқаны үшін» (ҚК 400 бабы) жазалау алынуы тиіс (A/HRC/29/25/Add.2).

Дегенмен, бұрынғыша мазасыздық жағдайдамын, заң жобасының бөлімдері менің пайымдауымша, адам құқы жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес емес, нақтылап айтқанда, бейбіт жиындар құқықтарына, бұл құқықтар Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пактінің 21 бабымен кепілденген [МППГПП], бұл пактыны Қазақстан Республикасы 2006 жылдың 24 сәуірінде ратификациялаған. Сонымен бірге айтуға рұқсат етіңіз, жиын құқығы әртүрлі құқықтарды жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды, сөз бостандығы, бірігу бостандығы және адамның құқын қорғау құқығы. Оған қосарым, мемлекет жиын өткізетін жеке адамдардың құқын бұзушылықтан бас тарта отырып, сол жиынға қатысушылардың құқығын, олардың мүдделерін де қорғауды қамтамасыз етуі тиіс және де ол жиынның жақсы өтуінің шарттарын орындауы қажет.  (A/HRC/31/66 para.13).

Заң жобасында тек қана Қазақстан азаматтары ғана жиындардың ұйымдастырушысы және қатысушысы бола алады делінген. Бұл ұсыныс  МПГПП 2 бабы 1 тармағының дискриминацияламау принципін бұзады, бұл жағдай да жиын бостандығына қатысты.  Сонымен бірге, заң жобасы ұйымдастырушылардың   жасы кем дегенде 18 толуы керек дейді. Бұл жағдай балалардың жиындар ұйымдастыру құқығын бұзады (балалардың құқы жөніндегі Конвенция 15 бап).

Жиын жайлы алдын ала ескерту жөніне келер болсақ,  ол жиынның түріне байланысты, 5 немесе 10 күн бұрын ескертуді қажет ете ме, жоқ па. Бұл мәселе жөнінде мынаны айтқан болар едім, ескерту процедурасы жиынның қажеттілігінің бағасы болуы керек, яғни оның мақсаты тек қана бейбіт жиындар құқығының бостандығын дамытуға, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге, басқа да құқықтарға әсері болуы тиіс. Мемлекеттік органдар жағынан дайындықты қажет етпейтін, мысалы қатысушылар саны аз, қоғамдық әсері онша емес жиындар жайлы  ескертіп қажеті жоқ.  (A/HRC/31/66 paras. 21 & 22). Бұған тағы бір қосарым, алдын ала ескерту тәртібі жағымсыз нәтижеге әкеп соқтыруы мүмкін, күтпеген жерден пайда болатын шерулерге тиым салуға.

Сонымен бірге, заң жобасындағы алдын ала ескерту тәртібі іс жүзінде бұл процедураны алдын ала бекітуді талап ететін болады, билік жағы жоспарланып отырған бейбіт жиынды өткізуге қарсы көптеген негіздер тауып бас тартуы мүмкін. Сол себептен де Мәртебелім, Сіздің Үкіметіңіздің есіне салғым келеді, алдын ала ескерту жүйесі жасалатын болса, ол жүйе бейбіт жиындарға жол беріп дамытатын болуы керек, іс жүзінде алдын ала рұқсат алу үшін пайдаланылмауы тиіс.   (A/HRC/31/66 para.28).

Астын сызып айтқым келеді, жиындар жайлы билікті ескертпеу жиынды заңсыз етпейді, сондықтан да ескертпегені үшін жиынды қуғындауға негіз бола алмайды. Дәл осы тұжырымның кенеттен, ойда-жоқта болған, ескертуге ешқандай мүмкіндік болмаған, ұйымдастырушысы жоқ, оны табу мүмкін емес жиындарға да бірдей қатысты екенін айтқым келеді (A/HRC/31/66 para. 23).  Шеру жөнінде билік ескертілмеген жағдайда ұйымдастырушыларға қылмыстық немесе әкімгершілік айып  немесе қамау санкциялары салынбауы керек.  (A/HRC/20/27 para.29). Алдын ала ескерту талабын, биліктің рұқсат беретін алдын ала бекітуі деп шатаспаған жөн, мұндай тәртіп заң жүзінде бекітілмеуі немесе биліктің әкімгершілік тәжірибесінде (қоғамдық орындар жөнінде айтылып отыр) болмауы тиіс.

Заң жобасы бойынша ескертуді қажет ететін пикет, жиындар мен митингілер деп және рұқсат берілуі тиіс демонстрациялар мен шерулер деп екіге бөліп айырмашылық қойған. Бейбіт жиындар бостандығы — берілетін жеңілдік емес, адамның құқығы, сол себептен де бұл мәселе биліктің алдын ала рұқсат беру құзіреті емес.

Жиындар өтетін қоғамдық орындар жағдайына келетін болсақ, мен заң жобасы қарастырып отырған  шектеу  тәртіптері бойынша жиындардың үкімет немесе жергілікті парламент (мәслихат) бекіткен «арналып дайындалған орындарда»  ғана өтетіндігіне мазасыз жағдайдамын.  Қайталап айтсам ба деп отырмын,  жиындар үшін қоғамдық орындарды пайдаланудың заңдылығы, сауда жасау немесе көлік құралдарының, жүргіншілердің жүрулері сияқты заңдылығынан еш айырмасы жоқ. Жұртшылық  алдына шығуға мүмкіндік беретін кеңістікті пайдалану әртүрлі мүдделерді қорғау мақсатында белгілі бір дәрежеде үйлестіруді қажет етеді, бірақ қоғамдық орындарды пайдаланудың көптеген заңды жолдары бар. Жиындар тудыратын  —  өмірдің қалыпты ағысының белгілі бір кезеңдерінің  бұзылуына көнуге тура келеді (жол қозғалысының бұзылуы, коммерсанттардың ренжулері, тіпті коммерциялық қатынастарға тигізетін зияны), бұл құқық өз маңызын жоғалтпауы үшін (A/HRC/31/66 para.32). Жұртшылық алдындағы кеңістікке жол беру дегеніміз — ұйымдастырушылар мен қатысушылардың қоғамдық көше мен жолдарды, алаңдарды бейбіт жиындар (қозғалатын және қозғалмайтын) үшін пайдалану мүмкіндігін айтады. Танымал ғимараттардың, президент сарайы, парламенттер мен мемориалдардың жан-жағындағы аймағы жұртшылық қа арналған кеңістік деп танылып, бейбіт жиындардың осындай жерлерде өтулеріне рұқсат берілуы тиіс.   

Заң жобасында жиынды ұйымдастырушыға арналған оның көптеген міндеттері мен жауапкершіліктері тізілген. Әрине, ұйымдастырушылар заңдылықты сақтауға, жиынның бейбіт жағдайда өтуіне барлық саналы ықпалымен әсер етуі  тиіс болса да, ұйымдастырушылар басқа адамдардың  құқық бұзушылық  тәртіптеріне жауап берулері тиіс емес. Бұлай етпейтін болсақ, бұл жағдай жеке құқықтық жауапкершілік принципінің бұзылуына, жиынның ұйымдастырушылары мен қатысушыларының және биліктің өзара бір-біріне сенімінің, ынтымақтастығының әлсіреуіне, жиынды ұйымдастыруға  қабілеті бар адамдардың өз құқын пайдалануынан бас тарттырады.  Ешбір адам бейбіт наразылық шеруін ұйымдастырғаны, оған қатысқаны үшін қылмыстық, азаматтық немесе әкімгершілік жауап тартпауы керек.  (A/HRC/31/66 paras. 26 & 27).

Жиынның бейбіт сипаттылығы жөніне келер болсақ, заң жобасында қатысушылар күш қолдану қимылдарын қолданар болса, бұл жағдай жиынды тоқтатуға негіз бола алады делінген. Мен бұл жөнінде мынаны астын сызып айтпақпын, күш қолдану критерийлері түгел жиынға емес, жекеленген адамдарға қолданылуы тиіс, себебі бейбіт жиын құқығы, ол барлық адамдарға қатысты.  Кейбір қатысушылардың қолданған оқшау күш қимылдары ұйымдастырушылардың немесе басқа қатысушылардың жауапкершілігін тудырмайды.  Мұндай кездерде, жекелеген қатысушылары, жиынның бір бөлігі 21 МПГПП бабы бойынша қорғанады да,  жиынның басқа қатысушылары қорғанбайды. Жиынның бейбіт сипаты тоқталады, егер күш қолдану түгел толық жайылса және күрделі  күштерді қолдануға айналса.  Әр кезде, бейбіт жиын барысында  күш қолдану орын алған кездерде, құқық сақтау органдарының қызметкерлері  күш қолданушыларды оқшаулауға міндетті, сүйте тұра, олардың өмір сүру құқы мен денесіне қол тигізбеу құқын силаулары тиіс. Кейбіреулердің жасаған күш қимыл актілері жиынды бейбіт емес жиынға айналдырмайды  (A/HRC/31/66 para.61).

Сонымен бірге, заң жобасы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге жиынды тоқтата тұратын көптеген бұлдырлы негіздердің тізімін келтірген. Бұл жағдай, жиынды шектеудің пропорционалдыққа сәйкес келмейтін  жолы, құқықтық белгісіздіктерге жетелеп апаруы мүмкін нәрсе.

Заң жобасында мені мазасыздандырған бір жәй — ереуілшілерге бетін тұмшалайтын перде немесе басқа заттарға тиым салынуы, себебі шалма және противогаздар осы заттардың тізіміне кіреді, бұл заттар арқылы олар шерушілерді қуғындаған кезде  көз жасын ағызатын газдардан қорғану үшін қажет. Сонымен бірге, бүгінгі таңдағы  COVID-19 байланысты дағдарыс  кезінде Қазақстанда қоғамдық жерлерде заң тәртібі бойынша бет перделер тағу міндетті. Келешек уақытта ереуілші азаматтар өзінің және басқалардың денсаулығын сақтау мақсатында бет перделер  тағулары мүмкін.

Бұл мәселе бойынша мазасыздануымның тағы бір себебі, мұның аяғы бетті тұмшалағандарға, ұйымдастырушыларға  қарсы қылмыстық санкциялардың көбеюіне немесе жиынды қуғынмен таратуға әкеп соқтыруы мүмкін.  Әрине, түсінуге болады, бұл шектеудің мақсаты ереуілшілердің кім екенін анықтауға байланысты болар. Бұл жерде Мәртебелім, Сіздің Үкіметіңіздің есіне салғым келеді, мұндай шектеулер қажеттіліктен туындап, қойылған мақсаттың мүддесіне пара-пар болуы керек,  бетін тұмшалау заттарына бланкеттік тиым салуды — шеруге шығушыларды қылмыстық пиғылмен шығады деп күні бұрын кесіп пішкендік.  Ескерте кетейін, бетті тұмшалауға қолданылатын заттардың адамды бетінен  тануына тосқауыл жасамайды, бет пердені қылмыстық  тәртібіне байланысы адамды ұстаған кезде алып тастауға болады. Оған қоса  айтарым, жариялы шерулер кезінде бандан, тұмша, капюшон, кепка, рюкзак және басқа да күнделікті өмірге қажетті  заттар жиі пайдаланылады.  Бұл заттарды күш қолданудың нақты белгілері деуге, оларды негізге алып шерушілерді қуып тарқатуға, ұстауға басқа да жазалау түрлерін қолдануға болмайды.

Заң жобасында «экстремизм»,  «экстремистік қылмыстарға» көптеген сілтемелер жасалған. Бір параграфта былай деп жазылған, Қазақстанның азаматтарына, олардың  «күшін жоймаған экстремистік қылмыстары үшін» соттылығы болса  жиындар ұйымдастыруына болмайды деген.  Осы орайда бұл мәтінге байланысты, қам жейтінімді айтқым келеді. Терроризммен күресу жағдайында адамның құқын қорғау және марапаттау мәселесі бойынша Арнаулы баяндамашы өзінің Қазақстан еліне барған сапары жайлы баяндауында айтып өтті, «экстремизм» деген термин халықаралық-құқықтық нормалар бойынша атқарылуға міндетті болып саналмайды, себебі бұл сөз қылмыстық-құқықтық категория болып саналатындықтан, адам құқына байланысты  негізгі қағидаларына сәйкес келмейді.  Баяндаушы атап өтті, азаматтық қоғамның белсенділеріне қарсы жиі пайдаланылып жүрген Қылмыстық Кодекстің 174 бабы әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық, нәсілдік немесе діни араздықтарды қоздыруға қарсы кең мөлшерде қылмыстық  жауапкершілікті бекітеді, бір ерекшелігі, олардың сипаттамаларында бұлдырлық басым (A/HRC/43/46/Add.1 para.15).  Мен Арнаулы баяндаушының мазасызданған жайына қосыламын, әсіресе жаңа  заң жобасының осы мәтініне байланысты. Сол себептен де Мәртебелім. сіздің Үкіметіңіздің есіне салғым келеді, терроризмге және «экстремизмге» қарсы күресетін заңдарды легитимдік аясындағы, халықаралық құқық қорғап отырған бейбіт жиындар сияқты істерге қарсы қолдану мемлекеттің қол қойған шарттардың міндеттемелеріне сәйкес емес.

Тағы бір бапта қарастырылған, шетелдік қаржыландырудың кез келген түрі бейбіт жиын өткізуге тиым салуға негіз болады дегенді де мазасыздықпен қабылдап отырмын.  Мәртебелім, Сіздің Үкіметтің есіне салғым келеді, осыған дейінгі баяндаулардағы мандат бойынша, шетелдік қаржыландыруларға  жалпы тиым  МПГПП-ң 22 бабының 2 тармағына сәйкес келмейді, онда көрсетілген:  «осы құқықты пайдалану [бірлесу еркіндігі құқығы] ешқандай шектелуге жатпайды, заңмен белгіленгендерден басқа және олар демократиялық қоғамда мемлекеттік және қоғамдық  қауіпсіздік үшін, қоғамдық тәртіп үшін денсаулықты сақтау және халықтың және басқалардың құқығы мен имандылығын қорғау үшін қажет (ordre public).  Кез келген шектеулердің шарттары бірін бірі толықтырады, яғни жоғарыда аталған шектелген мүдделер  мотивацияланған, олардың құқықтық негіздері бар және «демократиялық қоғам үшін қажеттілік» деп саналады (A/HRC/23/39 para.19).  Сонымен бірге, адам құқы жөніндегі Кеңестің  22/6  резолюциясы мемлекеттерді «бір де бір заңның ішінде адам құқын қорғауға байланысты қаржылардың қайдан шыққанына байланысты криминалдандыру немесе делегитимизациялаудың болмауын қамтамасыз етуге» шақырады.  

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.