Біз  Жеміс Өтегеновна Тұрмағамбетова екеуміз Әлнұр Ильяшевтің білгілі қылмыстық ісі бойынша оның сотқа дейінгі жасалып жатқан ісінің қорғаушылары емеспіз. 

Дегенмен екеуміз ойласып осы істі сотқа дейінгі қимылдарын жасап жатқан Алматы қаласы полиция департаментінің алдына тілек-өтінішпен шығып оның «қамауда ұстау» шарасын өзгертіп  біздің жеке кепілдігіміз бойынша  қамаудан босатуды  сұраймыз. Біз оның жақсы тәртібінің болатындығына және қылмыстық ісін жүргізіп жатқан органның шақыруына барып тұратынына кепіл боламыз. 
Заң  (ҚР ҚПК 142 бабы) кез келген қылмыс бойынша, күдіктіге оның ауырлығына қарамай осындай шара қолдануға рұқсат береді. 


142 бап. Жеке кепілдік 
1. Жеке кепілдік сенім мүмкіндіігіне жарамды адамға жазбаша кепілдік міндеттеме арқылы беріледі яғни олар күдіктінің, айыпталушының жақсы тәртібі үшін және қылмыстық істі жүргізуші органның шақыруымен барып тұратындығына кепілдік береді. Кепілге алушылар екеуден кем болмауы тиіс. 
2. Жеке кепілдікке алу жолымен шара қолдану тек қана кепілдікке алушылардың жазбаша тілек-өтініштері арқылы және кепілдікке алатын адамның өз келісімімен жасалады. 

 

  1. Кепілдікке алушы жеке кепілдікке аламын деп қолхат береді, ол берген қолхатында кепілдікке алып отырған күдіктінің мән-жайы,  күдіктінің, айыптының  жасаған істері үшін жауапкершілікті екендігі, күдікті үшін салынатын ақшалай айып жайлы түсіндірілгенін растайды. 

4.Кепілге алушы қылмыстық іс жүргізіліп жатқан кезде, кез келген уақытында кепіл болудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда күдіктіге, айыптыға байланысты бас тарту сәтінен бастап осы Кодекстің 136 бабы бірінші бөлімінің талаптарын еске ала отырып басқа жаза шара қабылдануы тиіс. 
Күдікті, айыпталушы жеке кепілдікке шығуды пайдаланып іс-қимылдар жасаған болса, онда әрбір кепілдікке алушыға осы Кодекстің 160 бабында қарастырылған ақшалай айып салынуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу істерін атқарып жатқан орган, прокуратура мен тергеу соты  біздің кепілдікке алушылар ретінде Заң талап ететін  Сенімге Толық Жарамды кісілер екенімізге күмәнданбайды деген ойдамыз. 
Екеуміз де Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы адам құқы жөніндегі Комиссияның мүшесі (ол жөнінде мемлекетіміздің тиісті Жарлығы бар) екеніміз біраз нәрсені аңғартатын шығар. Бұл жарлықтың тізіміне кірерге дейін екеуміз де тиісті компетентті органдардың тексеруінен өткенбіз. 

Бірден айта кетейік, жеке кепілдікке алу туралы шешімді екеуміз де өз бетімізше қабылдадық, Әлнұр Ильяшевтің өз тарапынан немесе қорғаушылары, туысқандарының тарапынан өтініштер болған жоқ. Әлнұрдың өзі бұдан хабарсыз. 

Мен оны ертеректе танитынмын, Жеміс Өтегеновна ол ұсталып қамалғаннан кейін танысып кең отырып сөйлесіпті. 

Әлнұр Иьяшевке байланысты соттың қаулысының күшке енгенін, оған «қамалу жазасы» шарасының қолдануына күмән келтірмейміз. Оның шағымдануы, егер келіспесе,  өзінің және қорғаушыларының жеке еріктері. 
ҚР К 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік жөніндегі іс жүзінде қолданылып жүрген  тәжрибелік практикаслар жайлы пікірімді жұмыс істеп жатқан заңгер және адвокат ретінде Фейсбук беттерінде жарияладым. Сілтеме төменде: https://www.facebook.com/photo?fbid=3119173861446554&set=a.493527467344553
https://www.facebook.com/vitaliy.voronov.54/posts/3123888620975078).

Біздің жазбаша тілек-өтінішіміз А. К. Ильяшевті қорғап жатқан адвокат РахмановНұрлан Даирбекұлына ҚР ҚПК нормаларына сәйкес пайдалану үшін тапсырылды. 
Күдікті  Ильяшев А.К. заң талаптары бойынша біздің кепілдік болуымызға келісімін берер деген үміттеміз.  Ал сотқа дейін тергеу жүргізіп жатқан органдар, прокуратура және сот біздің өтінішімізді қарауға және қанағаттандыруға негіздер табатын болар. 
#advocateVoronov    #закон_справедливость_порядок
#правосудие_для_всех#закон_справедливость_порядок
#правосудие_для_всех

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.