Австралия парламенті Дулат Ағәділдің саяси өлтірілуіне байланысты мысалдың негізінде жеке адамдарға санкция салу мәселесін зерттейтін болды

Австралия Евродақтағы әріптестері — АҚШ, Канадамен бірлесіп адам құқын қасақана бұзушылармен күреспекші. 2019 жылдың 3 желтоқсанында Сыртқы істер министрі және Әйелдер жөніндегі министр сенатор Марис #Пэйн  Сыртқы істер жөніндегі, Қорғаныс және Сауда  Біріккен тұрақты комитетіне — адам құқы жөніндегі Подкомитетке қатынас жолдап жеке адамдарға санкция қолдануды адам құқын бұзушыларға қарсы пайдаланып күресу мәселесін қарауды өтінді.


Парламентарийлер үкіметтік емес ұйымдардан, сарапшылардан, үкімет пен парламент өкілдерінен, адам құқын бұзушыларға қарсы жеке санкция арқылы күресу механизмі бойынша тәжірибесі барларға ұсыныстар жіберіңдер деген сұрау жіберді. 2020 жылдың 24 сәуіріне Австралия парламентіне барлығы 120 ұсыныстар келіп түсті.


Адам құқын қорғайтын Ашық Диалог Қорының сарапшылар командасы және қазақстандық құқық қорғаушы  Bota Jardemalie  Ресей, Қазақстан және Молдова елдерінің мысалдарынан жеке санкцияны қолдану жайында ұсыныстарын жолдады.

Австралияның парламенті зерттеуге алған құжатта мынадай ақпараттар бар: Евроодақтың «Магнитский Заңы», Ашық Диалог Қорының жеке санкциялар жөніндегі жариялылық науқаны, адрестік санкциялау механизмінің сыртқы саясаттың құралы екендігі жайлы. Біз жеке санкциялаудың бүгінгі таңдағы қандай түрлері, оның критерийлері мен процедуралары бар екендігін, айыптыларды анықтау әдістері, сонымен бірге азаматтық қоғамның жеке санкцияларды қолданудағы рольдерін сипаттадық. ⠀

Атап айтқанда, құжат мынадай ақпаратты қамтиды:
— молдавиялық олигарх, Молдованың Демократиялық партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Плахотнюкке байланысты жеке санкциялар. ⠀
— Қазақстанда өткен бейбіт наразылықтар мен акцияларға қатысқан 6000 адамның және саяси тұтқындардың құқының бұзылуы, сонымен бірге уақытша изоляторда саяси мотивпен өлтірілген ҚДТ белсендісі блогер Дулат Ағәділ туралы.

Мұның мынадай маңызды жағы бар, қазақстандық Назарбаев жүйесінің күштеу органдарының, жоғарғы қызметкер тұлғаларын жеке санкциялау тізіміне енгізу үшін Дулат Ағәділдің отбасының және олар жалдаған адвокаттардың тарапынан тергеу істерін алға жылжытуға қандай бір болмасын ҰМТЫЛЫСТАРДЫ құжаттау қажет.

Айман Умароваға арналған сұрақтар жарияланған соң бір тәуліктен кейін мынадай жәйт анықталды. Адвокат әлеуметтік желіде Дулат Ағәділдің уақытша изоляторда өлтірілуіне байланысты тергеу ісі жөнінде өзіне нақты сұрақ қойғандардың барлығын блокқа қойып жатыр екен. Сонымен бірге жан-жақтан Дулат Ағәділдің отбасын қорқытуда деген хабарлар түсіп жатыр, сол себептен де олар 2 ай болды үнсіздікте.

Австралия парламентіндегі мәселенің қаралуы тиімді өтуі үшін қазақстандықтар не істеулері қажет:

адвокат Умароваға жариялы сұрақтар қою (сұрақтар тізімі топтың өткен жолғы постында)  #IHaveAChoiсe #ActivistsNotExtremists);

— Дулат Ағәділдің отбасына барынша жариялы қолдау көрсету және түсіндіру, егер үнсіздік орнаса Дулатты өлтіргендер жауапкершіліктен кетіп қалады.

Людмила Козловская

 

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.