ІІМ  Атқару жүйесінің Комитеті, Бас прокуратура, Жемқорлыққа қарсы комитет неге бұлай болып жатыр?

 Мекеме қызметкерлері шағымдар мен арыздардың берілулеріне тосқауылдар жасап қоймайды, сонымен бірге, аяусыз қатал жазалау фактілерін жасырып келеді, ал медицина қызметкерлері осы деректерді  — дақ, жарақаттарды жасырып отыр, дәрігерлік көмек көрсетпейді.

 ЕЦ-166/5 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Бектұрсынов Қуаныштың айтуынша, арыз-шағымдарын мекемеден жіберу үшін сотталғандар неше түрлі амалдарға  — аштық жариялау, өз дене мүшесіне зақым салуға дейін барады. Тәжірибе көрсеткендей, сотталғандардың арыз- өтініштеріне назар аударылмайды, қызметкерлер заң әрпіне емес, өз қалауынша жасайды.

Келесі сотталушы Ф. Түсіпбаевтың айтуынша, оны 16 сәуір күні жедел қимыл қызметкері ұрған, дәрігерлік көмек сұрап барғанда дәрігер қабылдаудан бас тартқан, себебін ДПНК қатысуы тиіс деп түсіндірген, сосын ДПНК шақырған, оперативтік бөлімнің қызметкері келген, бірақ олар ауруды тіркеуге асықпаған, сотталушыға болған жағдайды тіркемейік, жазбайық деп үгіттеп сансыз уәделерді үйіп төккен, амалсыздан сотталушы дәрігердің кабинетінен кетуге мәжбүр болған.

Мекеме қызметкері мен дәрігердің жасағандары заңды ма, не істейміз?

Іс жүзінде қызметкерлер заңның тәртібі бойынша емес, өздері қалай ойлаған болса, солай жасап отыр. Мекемеде заң тәртібі бойынша атқарылатын жұмыстар — арыз, шағым, өтініштер жіберу, таксофонмен сөйлесуге апару, дене дақтарын белгілеу, ЕРДР тіркеу тағы басқа шаралардың заң бойынша атқарылады деп айта алмаймыз. Себебі бұл істердің бәрін атқару олардың міндеті емес, мекеме қызметкерлерінің сотталушыларға жасайтын жеңілдіктері сияқты.  

Осындай істердің нәтижесінде, қадағалайтын, бақылайтын органдар өздерінің «ішкі  сенімдеріне» ғана сүйенеді, заңмен емес «ұятымен» ғана өз міндеттерін атқарады, жұмысымызды жақсы атқарып жатырмыз деп санайды. Басшылары қызметкерлеріне нормативтік актілерді орындау міндетті деп санамайды, керісінше олардың әрқайсысы, бұл актілерді қаласам орындаймын, қаламасам рұқсат бермеймін деп санайды.

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.