Жүргізушінің қалтасында өзімен бірге болуы керек және полиция қызметкерінің  54 бап, 3 т. 1т. талап етуі бойынша көрсетуі тиіс:

  1. көлік құралын жүргізуге құқы бар екендігі жайлы жүргізушінің куәлігі немесе оның орнына уақытша берілген жүргізушінің  куәлігі , ол жеке куәлігімен  расталуы тиіс.
  2. көлік құралының мемлекеттік тіркеуде тұрғандығын растайтын куәлік немесе көлік құралының жеке меншік мүлкі екенін растайтын құжат;
  3. жол қағазы, алып келе жатқан жүгі үшін құжаты (тауарлы-көліктік құжат) немесе көлік құралына ҚР басқа заңнамалары бекіткен құжаттары;  

Сақтандыру полисы және көліктің техникалық байқаудан өткендігі жайлы куәліктің бүгінгі кезде қажеті жоқ, полиция қызметкерлері бұл деректі онлайн базасы арқылы анықтайды.    

Ең маңызды құқықтар ҚР Конституциясында жазылған.

  1. Жүргізушінің ҚР аймағында емін-еркін жүруге құқығы бар (ҚР Конституциясының 21 бабы).
  2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. ( 20 бап 2 т. ҚР Конституциясы)  
  3. «Жол қозғалысы туралы» Заңның 53 бабы 3т. бойынша барлық қатысушылар мынадайларға құқықтары бар:

1) жол қозғалысындағы жүруге қауіпсіз және ыңғайлы шарттардың орындалуы,жолдардың, көшелердің, алаңдар мен темір жол өткелдерінің жүру қауіпсіздігі талаптарына сәйкес болмағандығынан  жасалған шығындарын толтыруға;

2) мемлекеттік органдар мен қызметтік өкілетті орындарындағы адамдардан жол қозғалысының нақты жағдайы туралы нақты ақпаратты, бағыттың өзгеру себептерін, жол қозғалысындағы уақытша тиымдар мен уақытша шектеулер,өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің сапалары, жол қозғалысы үшін жауапты тұлғалардың міндеттері мен құқықтары жайлы ақпарат алуға;

3)жол және көлік оқиғалары кезінде  жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдар мен тұлғалардан кепілдік шеңбері көлемінде беруге тиісті тегін дәрігерлік, құтқару жұмыстары және басқа да қажетті көмек алуға; 

 4) Қазақстан Республикасының заңнамалары бекіткен тәртіпте жол қозғалысы жұмысында мемлекеттік реттеулер жүргізетін, басқаратын және бақылайтын мемлекеттік органдар мен олардың қызметтік тұлғаларының іс-қимылдарына (ештеңе істемеулеріне)шағымдануға;

5) Қамсыздандыру  ережелері бекіткен немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сүйеніп, егер адамның денесіне жарақаттар түскен кездерде және де көлік құралдарының бұзылуы (сынуы), жүгіне немесе жол апатының себебінен басқа заттарына материалдық шығындар жасалса шығындарының өтелуіне.

Енді жол қозғалысына қатысушының жол полициясы қызметімен бірлесіп ие болатын құқықтары:

  1. Заң бойынша жол патрульдық қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бейнетаспаға түсіруге телефоннан немесе регистратордан рұқсат («Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 54 бабы, 2 т, 3 тармақшасы) берілген.
  2. В случае остановки сотрудником полиции водитель имеет право знать причину остановки, а также требовать предъявления служебного удостоверения сотрудника полиции.
  3. Тоқтаған кездерде жүргізушіге көліктен түсуіне болмайды, бірақ жолаушылар полиция қызметкерінің рұқсатынсыз түсулеріне болады («Жол қозғалысы туралы» Заңның 54 бабы, 3т. 3тш.).
  4. Жол полициясының қызметкері көлікті таяқшасын көтеріп қолымен белгі беріп тоқтатады және сол мезгілде ысқырықпен немесе патрульдық көліктің дыбыстық және жарық белгісін пайдалануы керек.
  5. Полиция қызметкерлеріне көлік құралдарын тоқтату «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының 52 бабы белгігеген негіздерде ғана жасалынады:

Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің талабы бойынша көлік құралдарын тоқтатуға мына негіздер саналады:

1) көлік құралының жүргізушісінің осы Заңның немесе ережелерінің талаптарын бұзған жағдайларында, сонымен бірге  сертификатталған арнайы техникалық құралмен және прибормен анықталған жол қозғалысының бұзушылығы болса;

      2) ұрланған, айдап алып кеткен көлік құралдарын іздестіру, сонымен бірге жол көліктік апаттарын жасап сол жерден қашып кеткен кездерде, көлік құралдарын пайдаланып жасалған басқа да қылмыстарды іздестіру  кезінде;

      3) осы Заңның 54 бабы 3 тармағы 7 тармақшасында көрсетілген жағдайларда көлік құралының қажеттігі туған кездерде;

      4) осы Заңның 54 бабы 3 тармағы 1 тармақшасында көрсетілген жағдайларда жүргізушінің құжаттары тексеріледі, полицияның стационарлық бекеттерінде, жылдам-профилактикалық іс-шаралар өткізілген кездерде;

      5) полиция постары мен бақылау-тексеру бекеттеріндегі құжаттарды тексеру. Арнайы іс-шаралар өтіп жатқан кезеңдерде полиция бекеттерінен тыс жерлерде де көлік құралдарын тоқтатып жүктерінің құжаттарын тексеруге рұқсат етіледі;

      6) уәкілдер мен мемлекеттік органдардың шешімдерін немесе қызметтік тұлғалардың қозғалысты шектеу немесе тиым салу жөніндегі  шешімдерін орындау;

      7) жүргізушілер немесе жолаушылар арасынан сұраулар салу қажеттігі туа қалса, көліктік жол апатының, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстар жайлы куәгерлер болғандардан жағдаяттарын білу мақсатында сұрап білу қажеттігі туса;

      8) жол қозғалысын реттеу қажеттігі туса;

  1. Көлік құралын тоқтатқан жағдайда қызметкер КЕШІКТІРМЕЙ сіздің көлік құралыңызға жетіп келуі тиіс («Жол қозғалысы туралы» Заңның 52 бабы 3тармағы 1 тармақшасы).
  2. Әкімгершілік материалдарды толтыру кезінде аудармашының, қорғаушының заңнамалық кеңестерін пайдалануға, әкімгершілік құқық бұзушылық жайлы жазылған хаттамамен танысуға, хаттаманың көшірмесін алуға (ҚР КоАП 748, 749, 750 баптары) құқыңыз бар.
  3. Жүргізуші хаттамаға қол қоюдан бас тартуына құқы бар, оның қол қоймағандығы үшін ешқандай заң бұзушылыққа жататын салдары жоқ. Қызметкер құқық бұзушы қол қоюдан бас тартты (ҚР КоАП 803 бабы) деп хаттамаға жазады.
  4. Жүргізуші ҚР ІІМ бірыңғай сенім 1402 телефоны бойынша телефон соғуға құқы бар, сонымен бірге жүргізуші полиция қызметкерінің заңға қайшы істері жайлы 102 телефонымен немесе коррупция қызметінің бірыңғай  1424 сенім телефонына хабарлай алады.
  5. Жүргізуші әкімгершілік заң бұзушылық жайлы толтырылған хаттаманың мазмұнына ескерту жасауға құқы бар, одан үзінді алуға, көшірмесін алуға құқы бар. Полиция қызметкері әкімгершілік және басқа да заң бұзушылық жөнінде хаттама, процессуальдық басқа құжаттарды толтыру кезінде оған куәлардың аты, жөнін, мекенжайы мен телефондарын жазуы тиіс, себебі қажет кезінде куәлар куәгер есебінде шақырылулары мүмкін.
  6. Жүргізуші дәрігерлік куәландырудан өтуден бас тартуға құқы бар, ол жөнінде құқық бұзушылық жөніндегі тиісті хаттамада жазылады, оның салдары жүргізушілік куәліктен айыруға апарады.
  7. Полиция қызметкері жүргізушіні тоқтатқаннан кейін оны өзінің қызметтік көлігіне шақыруға құқы бар. Жүргізушінің бас тартуға құқы бар, міндетті емес.

Жол патрульдік қызметкеріне қойылатын талаптар

  1. Жол полиция қызметкері қызметтік көлікпен немесе жаяу болуы мүмкін.
  2. Қызметкер қызметін атқару кезінде жол қозғалысының қатысушылары көре алатын аймақта болуы тиіс.
  3. Қызметкер кезекшілікке түсер алдында қызметтік жетонды алады, оны және қызметтік куәлігін жүргізушінің сұрауы бойынша көрсетуі керек.
  4. Қызметкер жүргізушіге маршруттық парағын көрсетуге міндетті емес, себебі ол ішкі қызметтік құжат болып саналады. Қандай ОПМ екенін, постың картасы немесе постың ведомосты қызметтік құжаттар саналады, жүргізушілер онымен таныстырылмайды.
  5.   Қызметкер өзін таныстырып неге тоқтатқанын айтуға тиісті.
  6. Көлік құралын тоқтатқан соң қызметкер дереу оған келуі тиіс.

 

 

Көлік құралын арнайы тұраққа (айыптұрақ) қоюдың себептерінің «Әкімгершілік құқық бұзушылық жайлы» кодексінің 797 бабында толық тізімі бар.

Төменде  автокөліктерге қатысты баптар:

—  506 бап. Күзеттік нысандарға заңсыз кіру

 510 бап. Шекара аймағында шекаралық режимді бұзу және белгілі бір жерлерде тұру тәртібін бұзу

 511 бап. ҚР Қарулы күштерінің арсеналдар, база және қоймалары орналасқан тиымдық  аймаққа кіру, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен жасақтарының  тиымдық аймақтарында орналасқан шектеу белгілерін бұзу.

513 бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекетінің режимін бұзу. 

 514 бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының режимін бұзу

 515 бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз зат алып өту

 516 бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау міндетін атқарушы әскердің заңды қызметін атқаруға байланысты бұйрығына немесе талабына бағынбау

517 бап. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның миграцияға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарын орындамауы

571 бап. Жолаушыларды, жүктерді және багажды тасу ережелерін бұзу

 571-1 бап. Автокөлікпен тасу кезінде жүк тасушының тауар-көлік құжатын (өлшеу актісі), жол қағазын көрсетпеуі

572 бап. Жолаушыларды, жүк немесе багаждарды тасу кезінде жүргізушілердің еңбек және демалу режимін бұзу

573 бап. Қазақстан Республикасындағы халықаралық көлік қатынасындағы автокөлікпен тасудағы рұқсаттық жүйенің Ережесін бұзу

 575 бап. Қазақстан Республикасының аймағында шетелде тіркелген автокөлік құралдарымен жүк тасуды қолдану  

 589 бап. Көлікте өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу

 590 бап. Көлік құралдарын пайдаланудың ережелерін бұзу

593 бап. Жолаушылар мен жүк тасу кезінде жол қозғалысы ережелерінде көрсетілген талаптарды орындамау (қауіпсіздік белдігі немесе мотошлемді пайдалану)

597 бап. Көлік құралдарының тоқтау немесе тұраққа қою ережелерін бұзу

608 бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткі немесе токсикоманиялық мас кезінде жүргізуі, өзінің көлік құралын алкогольдік, есірткі немесе токсикоманиялық мас адамға жүргізуге беруі.

612 бап. Көлік құралын құжатсыз және жүргізуге құқысыз айдау 

613 бап. Ішкі істер органының (полиция) қызметкерінің талаптарын орындамау, Қазақстан Респбуликасының мемлекеттік шекарасындағы автокөліктерді өткізу бекетіндегі көлікті бақылау  және Қазақстан Республикасындағы көлік бақылауы, әскери полицияның постарынан өту кезіндегі заң бұзушылық, алкогольдық, есірткілік және токсикоманиялық мастыққа тексеруден өтуден бас тарту.  

654 бап. Әкімгершілік заң бұзушылық ісіне қатысушылардың жауапкершіліктері (төмендегі баптар):

591 бап. Жүргізушінің автокөлікті жүргізу кезінде телефонды немесе радиостансаны қолдануы

592 бап. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін

593 бап. Жол қозғалысы ережелерінде қарастырылған жолаушылар мен жүк тасу, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемді пайдалану талаптарын сақтамау 594 бап. Көше қиылыстары мен жолдың көлік жүретін жерлерінен өту ережелерін бұзу

595 бап. Маневр жасау ережесін бұзу

596 бап. Көлік жүретін көшенің бойында көлікті қою, қарсы келе жатқан көлікпен жол бөлісу немесе көлікті басып озу ережелерін бұзу

 597 бап. Көлік құралының тоқтау немесе тұраққа қою ережелерін бұзу

598 бап. Жедел және дыбыс және жарық белгілері қосылған арнайы қызмет көліктеріне артықшылық бермеу

599 бап. Бағдаршамның қызыл белгісіне немесе жол реттеушінің тиым белгісіне қарамай  қозғалыс жасау

 600 бап. Жаяу жүргіндерге немесе жол қозғалысының басқа қатысушыларына артықшылық жасамау

601 бап. Жол белгілерінің тәртібіне немесе жолдың жүру бөлігіндегі белгілерге бағынбау

602 бап. Көлік құралдарының жүргізушілерінің сыртқы жарық және дыбыстық белгілерді, апаттық белгілерді қолдану ережелерін бұзуы

603 бап. Көлік құралына арнайы жарық немесе дыбыстық белгілерді орнату ережелерін немесе жедел және арнаулы қызмет көліктерінің  түстік графикалық схемаларын өз көлігіне заңсыз орнату

 606 бап. Жол қозғалысына қатысушының жол ережесін бұзуы нәтижесінің апаттық жағдаятқа әкеп соғуы

607 бап. Темір жол өткелдерінен өту ережесін бұзу

610 бап. Көлік құралының жүргізушісінің жол ережесін бұзуының нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиян әкелуі, көлік құралының немесе басқа мүліктің зақымдануы

 611 бап. Жүргізушінің көлік-жол апатының оқиғасына байланысты өз міндеттерін орындамауы

 

476  бап  тізімі бойынша төтенше жағдай режимін бұзу деген жоқ, тиісінше автокөлікті айыптұраққа қою деген де жоқ. 

Пайдаланылды 

— Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі  № 194-V ЗРК «Жол қозғалысы туралы»  Заңы  

— 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы

— Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235- «Әкімгершілік заң бұзушылық туралы» Заңы

—  «Жол қозғалысыны Ережелерін бекіту жайлы, көлік құралдарын пайдаланудың негізгі ережелерін бекіту, жедел және арнаулы қызметтерінің көліктерінде жарық және дыбыстық белгілердің, арнайы түстік графикалық схемаларын орнатуға рұқсат берілген көліктердің тізімін бекіту»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысы

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.