Таныс болыңыздар, Қазақстанның жаңадан «оянған» азаматы Ахметжанов Нүркен Рахимжанович. Қарағанды облысының қарапайым такси жүргізушісі, мемлекеттен кішкентай ғана көмек сұрағаны үшін 9 сәуір күні ТЖ режимін бұздың деп айыпталып отыр.

«Мен оппозиционер емеспін, енді оппозиционер болып отырмын, себебі біздің елде біздермен күрес жүріп жатыр, тамақ жегіміз келгені үшін ең соңғы заттарымызды тартып алуда».

Нүркен өзінің бейне таспа арқылы үндеуінде бірнеше рет «менің тамақ жегім келеді» деп айтқан, ал оның елі оған және жұмысшыларына  көмектесудің орнына Нұркенді 15 тәулікке қамағысы келеді.

«Бұлай үндеу жасағаны несі, мынау өзі экстремист болар» деп ойлапты арнайы қызмет орындары.

Прокурор Ахметжанов Нұркенге 15 тәулік беруді сұрады, бірақ  сот 27 800 теңге төлесін деген  үкім шығарды.

Бүгін таңертең учаскелік полицей Нұркенге телефон соғып тірек бекетіне келуді сұрады, себебі полицейлерге Нұркенді жалған айыппен «күшпен» қамаңдар деп тапсырма берген. Қойған айыптары: Ахметжанов Нұркен сол күні яғни 9 сәуірде блокпостыға барып адамдарды заңсыз тасыпты — мыс.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.