250 қазақстандық студенттерді Москвадан… бес автобуспен (!) эвакуациялап жатыр. Олар Алматыға дейін колоннамен 4000 шақырымға жуық жолды ыстық тамақсыз отырып жетпекші. Сөз жоқ, вирус жұқтырудың бұдан артық кепілі жоқ, егер біреуі ғана ауру болса бәріне жұқтырары анық.  Бишаралардың жолда сонша азап шегіп үйлеріне жететіндей қандай кінәлары бар екен, айтпақшы олар жеткен соң үйлеріне емес, екі апта карантинде болады, тағы да еш жағдайы жасалмаған бір қиян түкпірдің қуысына апарары анық. 

Мақтаулы «Біз біргеміз» қайда? Өз отбасылары мен тоқалдары үшін ең «крутой» авиалайнерлердің эскадрилиясын жалдап жеткізсе, Москвада оқып жатқан балаларымыз үшін қаржы таба алмапты. Нағыз патологиялық сығырлық деген осы болар,  ең болмаса біреуі бір жеке ұшағын немесе ұшақ компаниясынан бір ұшақты бөліп бере алмағаны….

Жан Гаскин

 

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.