Әкімгершілік ұстау ( КоАП 787 бап), яғни жеке тұлғаны, заңды тұлғаның өкілін, қызметтік тұлғаны құқық бұзушылықты болдырмау үшін немесе істі одан әрі қарай жүргізуді қамтамасыз ету мақсатындағы ұстау.

Сізге келген қызметкер Қазақстан Республикасының  2014 жылы 23 сәуірде шыққан № 199- V ЗРК  «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңының 19 бабы, 5 тармағына сәйкес міндетті:
1) жеке тұлғаларға өзін таныстыруға және қызметтік куәлігін көрсетуге;
2) жеке тұлғаға оны ұстауға негіздерді хабарлауға;
3) Қызметкер сонымен бірге Миранда ережесін оқып беруге тиісті (Сіздің үндемеуге құқыңыз бар, сіздің барлық сөздеріңіз сізге қарсы пайдаланатын болады. Сіздің өз адвокатыңызбен байланысуға құқыңыз бар. Адвокатқа төлеуге пұлыңыз болмаса, мемлекет сізге адвокат ұсынады. Сізге құқықтарыңыз түсінікті ме?)
Сонымен бірге » Ішкі істер министрлігі органдары туралы» заңының 19 бабы 5 б тармағы бойынша полицей заңды тұлғаның ұсталғаны жайлы оның жақын туыстарына, ұсталған орнын хабарлауы тиіс;
ҚР Қылмыстық кодексінің 414 бабының 4 тармағына сәйкес, қызметкер ұсталу себебін айта отырып оның қай жерде екендігін және ұсталғандығын туысқандарына хабарлауға міндетті. Ұсталған адамның туысқандарына немесе адвокатына деректер беруден бас тартуы, ұсталған жалған уақытын көрсеткені үшін қызметкер қылмыстық жауап тартады.  Полиция қызметкері ұсталған адамды хаттама жазатын жерге жеткізуіне, әкімгершілік құқық бұзушылық істі одан әрі қарай жалғастыру (ҚР КоАП 786 бабы 2 т.) үшін апаруына болады.  Жолда жүрудің барлық уақыты ұсталған кез бен бостандығы шектелген уақыты 3 сағаттан аспауы тиіс (ҚР КоАП 789 бабы 1 т.).
Бұл процедуралардың орындалмауы заң бұзушылыққа соқтырады, тиісінше адамның ұсталуы және одан кейінгі жасалған іс-әрекеттер заңсыз деп саналып қызметкер ҚР ҚК 414 бабы бойынша жауапқа тартылады.
Есте сақтаған жөн, ҚР Конституциясының 16 бабы 3 т. бойынша ұсталған адам сол сәттен бастап адвокаттың көмегін алу құқы бар.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.