Украинаның Жоғарғы Радасындағы «Слуга народа» партиясы 2020 жылдың аяғына дейін бюджеттен алатын қаржыдан бас тартатындығын мәлімдеді. Үндеу  Коррупцияны болдыртпаумен айналысатын ұлттық агенттікте тіркелді. Бұл жайлы «Слуга народа» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Евгения Кравчук хабарлады.
Үндеудің мәлімдемесінде  партия бюджеттен берілетін бұл ақшаны медицина қызмекерлеріне және вирустан қорғану үшін қажетті заттарды сатып алуға аударатыны айтылған.
Депутаттар сонымен бірге өз жалақыларынан да бас тартқан болар деп отырмыз…
«Слуга народа» — Жоғарғы Рададағы ең ірі партия. Президент Зеленскийді президенттікке әкелген партия.
«Нұр Отан» да билік партисы, үлкен және кіші президенттердің партиясы. Бірақ   «Слуга Народа» сияқты партия болу қайда оған, көптеген көрсеткіштер бойынша.  Мысалы, «Слуга народа» партиясы көптеген Зеленскийдің ұсыныстарына қарсы дауыс беріп жүр, осының өзі көп нәрсені көрсетіп отыр емес пе. Біздегі екі палаталық парламенттің БІРДЕ БІР ДЕПУТАТЫ  ешқашан президентке қарсы дауыс беруге шамасы жеткен емес.
Әйтсе де, дегенмен  коронавирус кезінде пандемиямен  күресу мақсатында мемлекет қаржысынан мүмкін бас тартар…?  Әй, қайдам.. керісінше олар дәл қазір бюджеттен молырақ қаржы асап қалу мәселесін талқылап жатыр, жүдеп қалмас үшін..

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.