Үндемей отырған кезінде  Абаевты нағыз ақылгөй деп ойлайсың, соған ұқсап кетеді.
Қазақстанның ақпарат министрі, екі мырзаның жарапазаншысы Абаев, тағы да  жараспайтын мінез көрсетті — ақылгөйсіді.

Халықаралық журналистердің  «Шекарасыз репортерлер»  ұйымы баспасөз бостандығы бойынша әлемдік рейтингіні жариялаған соң, Абаев  ренжіген сыңаймен аузын бұртитып «шынайылыққа келмейді» деп өзінің  үйреншікті   сандырақтау тақырыбына бұра тартты.
Шынтуайтқа келгенде бұл рейтингті  Абаев мырзаның жуыну бөлмесіндегі айнасындағы бейнесі, яғни екі мырзаның басқаруы кезіндегі болып жатқан ұятсыз әрекеттері деуге болады — нақтылап айтар болсақ, Қазақстандағы «еркін баспасөз» бен «адам құқының» («шыншыл Абаевпен» қоса) парадокске толы қисынсыздығы деуге болар…
Қазақстанның  ақпарат министрі үшін осындай кездерде өз пікірін білдірудің ең үйреншікті және оңай әдісі — негативті шындық   мәселенің мағынасы жайлы «былшыл сөздермен», мылжың езумен жауап беру. Өзіне ұқсас реакционерлік көзқарастағы  біреуді мысалға алады да, «біздің қараңғы көзқарасымыз пәленшенің  қараңғы көзқарасынан әлдеқайда тәуір, сондықтан да бізді пәленшенің құйрығында деген деректер  шындыққа жуыспайды» дейді.
Министрліктің атынан сөйлеген, баспасөз бостандығы үшін жауап беретін Абаев бұл жолы Қазақстанның 180 елдің ішіндегі рейтингісі 157 болғанына ашуланып қалды. Әсіресе оның шамына тигені, Өзбекстанның Қазақстаннан бір саты алда тұруы — 156-ы орын…

Осы жерге келіп, мұнан соң ештеңе айтпай-ақ, ештеңені түсіндірмей-ақ, үндемеуі керек еді (онысы тіпті артық болар еді); Абаевтың данышпандығы тіпті керемет, бір ауыз сөзбен өзін тыр жалаңаштандырып көрсете алады. Оның тыр жалаңаштығы біздің қандай орында екендігімізді көрсетеді…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.