Алматы қаласының азаматтық белсендісі Диас Молдалимов Қазақстанның билігінің тарапынан саяси қуғынға ұшырады. «Шындыққа жуыспайтын ақпаратты таратқаны үшін» ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабының 2 бөлімімен айыпталып отыр.

Ол 2020 жылдың 27 наурызында пандемия мен дағдарысқа байланысты үкіметтің іс-қимылын сынағанжәне талаптар қойған бейне таспаны жариялаған болатын.

Бұл бейне таспадабірнеше өткір мәселелер қойылған еді, атап айтқанда 42500 теңгелік (~95$)  әлеуметтік төлем мен жұмыссыздық жайында айтқан еді.

Диас 28 наурызда Алматы полиция департаментіне жеткізіліп онда тергеушінің кабинетінде кезекші прокурор мен екі штаттық киімдегі адамның (ҰҚК-қызметкерлері болса керек) қатысуымен тергеу жүргізілді.

Бүгінгі таңдағы Диастың мәртебесі — қорғануға құқы бар куәгер». Оның телефонын тартып алған, тергеу әрекеттері  31 наурызда,8 және 16 сәуірде жүргізілді.

Диас Молдалимовтың ісі жайлы халықаралық құқық қорғау ұйымы Human Rights Watch  өз есебінде,сөз бостандығын шектеу деп аталатын бөлімінде айтып өткен (сілтеме төменде).

Біздер, азаматтық қауымдастықтар мен шетел елшіліктерін  Диас Молдалимовқа  жұртшылық алдында қолдау көрсетуге  шақырамыз.

Істі Алматы полициясы департаментінің тергеушісі Абдуллаев Владин Ивуллаевич жүргізуде. Бұл тергеушінің сұрауы бойынша наурыз айында 15 алматылық белсендінің банкілік есеп шоттарына заңсыз түрде шектеулер салынған болатын.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.