Азаматтық белсенділер Талғат Аян мен Макс  Боқаев 2016 жылдың 24 сәуірінде  үкімет ұсынған жер реформасына қарсы өткен  орасан үлкен масштабтағы митингілерден соң сотталған еді. Бұл реформа бойынша  шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін ұзақ мерзімге жалға беруге және сатуға рұқсат етілетін болған..

 2016 жылдың қараша айында Макс пен Талғатқа бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Екеуі де саяси желеудегі айыпты мойындамады.

Бірнеше митингілер мен наразылықтардан соң билік жер мәселесі бойынша қоғамдық комиссия құруға келісті. Макс бұл комиссияның құрамына кіруден бас тартты. Оның қамалуының басты себебі осы бас тартуы болса керек.

Кейін билік бұл мәселе бойынша «қозғалыс» жасап уақытша реформаны тоқтатып, жер кодексіне түзетулер енгізуге мораторий жариялады.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Макс Боқаев пен Талғат Аянды «саяси тұтқындар» тізіміне кіргізді.

Максты баяғыдан білемін, осыдан он жыл уақыт бұрын, анық. Екеуміздің басымыздан өткен жағдайларда ортақ ұқсастықтар көп. Мені қамаған кезде ол менің босатуымды талап еткендердің арасында болды, көптеген шараларға қатысты. Маған сот үкімі 2012 жылдың қарашасында жасалса, Максқа 2016 жылдың қарашасында  оқылды… Екеумізге тағылған айып бабы да бірдей — әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін, біз «экстремистерміз». Осындай ортақ нәрселеріміздің болғанын мақтаныш етеміз. Екеуміз де темір шарбақтың ар жағында жүріп құқық қорғаушылар болып қалдық.

«Біздің еліміз — үлкен дәу зона. Азаматтары — қамауда отырғандар. Бұл зонаның әкімшілігі бар — ол билік,түрмедегі сияқты паханы, сыртыңнан аңдып домалақ арыз жазатынжылмақай бақылаушылары, белсенділері, бұйрық келсе болды аямай ұратын ұрдажықтары бар. Бір ғана өзгешелігі — масштабы әртүрлі… » дейді Макс Боқаев лагерьден жазған хатында.

— Назарбаевтық жүйе үшінжастардың көшеге шығуы күтілген жағдай, заңды құбылыс.

Жастар үлкен кісілермен салыстырғанда өзгерістердің көп болғанын қалайды. Жастар ата-аналары сияқты бүкіл өмірін болашақтан жақсылық күтуге жұмсағысы келмейді. Өмір бір ғана рет беріледі. Қанша уақыт күтуге болады?! Зонада жастар өте көп, менімше түрмеде отырғандардың жартысы 90-ы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында туғандар. Олардың басым көпшілігі ауылдан шыққандар. Олар жастық шағында не көрді ?  Көргендері жоқшылық, азып-тозған ауыл. Сол бір жылдары мектептері жоқ ауылдар да болды. Мен бұл жерде оқу-жазуды білмейтін жас жігіттерді көрдім. Қараңғы сауатсыз, бірнеше рет  арыз-шағымдарын жазуға көмектестім….

Макс бауырым,  бүгінгі күніңмен!  Сенің шартты түрде мерзімінен бұрын шығудан бас тартып отырғаныңды білемін — мейлі, бәрібір саған бостандықтың мүмкіндігінше тезірек келуін қалаймын. Кез келген қадіріңді түсірмейтін жолмен келсін. Бұл жағынан алғанда жұмыс ұшан теңіз.

Хат жазу үшін:Ақтөбе, .Чекалин көшесі,  44. КА-168/2 мекемесі, жалпы режим 160702. Макс Боқаевқа.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.