Баспасөз бостандығының рейтингі

«Шекарасыз репортерлер» ұйымы  өзінің «Баспасөз — 2020 бостандығының әлемдік индексін» жариялады.

Қазақстанның  позициясы шамалы тәуірленіпті. Ол 158 орынынан 157 орынға жылжыпты, жинаған баллы 54,11 (2019 жылы 52,82 жинаған болатын). Әйтсе де баспасөз бостандығы картасында бұрынғыша, баспасөз бостандығы «жаман» елдердің қатарында.

«2019 жылы маусымда өткен президент сайлау біршама еркін пікір бостандығына жол ашқандай болып еді: азаматтық қоғам бұрын-соңды болмаған наразылық акциялары өткізді, интернеттегі жаңалықтардың сапасы жақсарды, оларды оқитындар саны артты, үкімет өзінің реформалық бағытына жұртшылықтың сенім артуын қамтамасыз ете бастады. Бірақ, сүйте тұра, мемлекет репрессивтік әдістерді модернизациялап интернетті бақылауды күшейтті, қазір интернет жаппай бақылуда; жаңалықтар мен әлеуметтік сайттар, жаңалықтармен алмасу қызметтері әлсін-әлсін «тиімділік мақсатында» сөндіріліп тұрады, блогерлерді түрмеге қамау немесе жындыханаға жатқызулар жағдайлары кездеседі» — делінген түсініктемесінде. 2018-2019 жылдары Қазақстан рейтингі бойынша 158 орында болған еді. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанды мына елдер артқа тастаған:

Өзбекстан – 156-і орын,

Беларусь – 153-і орын,

Россия – 149-ы орын,

Украина – 96-ы орын,

Молдова – 91-і орын,

Қырғызстан – 82-і орын,

Армения – 61 орын.

Украинада жағдай жаман емес сияқты, жағдай жөнделіп келеді — сөз еркіндігі бойынша алғаш рет жүздікке енді — 96 орын.

Әйтсе де бұл көрсеткіш Украинаның өзінің көрсеткіштерінің жақсарғанын білдірмейді. Реитингтің басты көрсеткіші — алған орыны емес, жинаған баллдары. Ол неғұрлым көп болған сайын, жағдайы нашар.

Украина  2019 жылы 32.52 балл — 2018 жылы 32,46 балл жинады, яғни жағдайын 0,6 баллға нашарлатқан. Ал жүздікке кіруінің себебі, басқа елдердің өз көрсеткіштерін нашарлатып алғандығынан.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.