2020 жылдың 22 сәуірінде Астана қаласында тұратын азаматтық белсенді Назым Серікпекованың Алматы полиция басқармасымен онлайн соты (ҚР КоАП 434 бабы бойынша»майда бұзақылығы үшін») болып Назымға 5 ЕАК айып салды.

Сот Назымның талабы  бойынша Машкалова Камилла мен оның анасы Машкалова Гүлизаның үстінен  қылмыстық іс қозғау жөніндегі арызы бойынша өтті.

2020 жылдың 26 ақпанында  Назым  қамаудағы белсенділерді уақытша босатуға, Дулат Ағәділді жерлеуге қатыссын деген өтінішпен ІІМ-е арыз жазуға келген болатын. Осы жерде Назымға Гүлиза мен Камилла шабуыл жасап телефонын тартып алмақшы болды.

2020  жылдың 22 сәуірінде сот екі бөлек кабинетте Назым Серікпекова мен Камилла Машкалованың арасында өтті. Назымның айтуынша, Астана полициясының департаментінің экстремизм мен терроризмге қарсы бөлімінің қызметкері Мұрат Бекбаевты көрген. Бекбаев Машкаловалар отырған кабинетке кіріп сот процесі аяқталғанша сонда отырған.

Сонымен бірге Камилла жағынан судьяға криминалистің бейнетаспасы беріліпті, 2020 жылдың 26 ақпанында түсірілген бейнетаспада Астана ІІМ-қасында болған жағдай басынан аяғына дейін түсірілген. Бірақ сотта  Назымның өз телефоны үшін Камилламен таласып жатқан жері ғана іске тігіліпті. Осы кішкентай ғана үзінді бейне таспа Назымның кінәсінің «айғағы» болып табылған.

Осының алдында 2020 жылдың 26 ақпанында бұл бейне материал толық күйінде адвокат Ольга Витальевнаға көрсетілген еді. Мұнда Камилла Машкалованың Назымның қолынан телефонды тартып алмақ болып бірінші болып шабуылдағанын айқын көрсетеді. Судьяға бейнематериалдың тек бір бөлігі ғана көрсетілген.

Бұған қосарымыз, 2020 жылдың 22 сәуірі күні Машкалова екінші рет, бұл жолы адвокат Ольга Витальевнаға шабуыл жасады, Назым қорғаушысына телефонды сақтауға беріп жатқан кезінде.

«Мына екі әйел адвокатқа шабуыл жасап телефонды күшпен тартып алды. Телефонды тек сот процесі біткен соң ғана қайтарды, процесс бір жарым сағатқа созылды. Сағат 18-00 ғана полиция Машкаловалардан телефонды тартып алды» — дейді Назым.

Белсендінің айтуынша смартфонның қорабында 10 мың теңгелік бір қағаз ақша болған. Кейін тексерген кезде ақша жоқ болып шықты. Назым және адвокат Машкаловалардың үстінен арыз жазды.

 Біз құқық қорғау органдарының іс-әрекеттерін айыптаймыз және Назым Серікпековаға қарсы бағытталған саяси қуғындауларды тоқтатуды талап етеміз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.