Qaharman.kz

 2020 жылдың 22 сәуірінде,  Ақтөбе облысының Мәртүк селосының азаматтық белсендісі Роман Рейхерт тергеуші А. Е. Зұлқарнаеваға (ҚР ҚК 405 бабы) қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде шақырту алды. Айыбы — 2018 жылы жабық сотта «экстремистік» деп танылған тіркелмеген ҚДТ ұйымының жұмысына қатысқандығы.

Романнан тартып алынған мобильді телефон арқылы психологтық және филологиялық сараптама жүргізіліп, сол арқылы Романды ҚДТ «қозғалысының қатысушысы» деп танығандығы белгілі болды.

Тергеулік іс-қимылдар жасалынып болған соң Романға 2020 жылдың 23 сәуіріне күдікті мәртебесінде келесің деп қолына шақыру қағазын ұстатқан. Романның айтуынша ол 2020 жылдың 23 сәуірінде тергеуші екеуі прокурорға барады екен.

Роман Рейхерт  онлайн акцияларға, челлендждарға, бейбіт митингілерге қатысушы, бейне таспаға үндеулер жазады, Қазақстанның билігіне сын айтады, талаптар қояды, басқа азаматтық белсенділерді қолдайды. Сол үшін саяси қуғындауға, қысымға, қорқытуларға түсіп жүр, 13 ақпанда 2 тәулікке қамалған.

2019 жылдың 14 наурызындағы адам құқысы жөніндегі  резолюциясында Европарламент ҚДТ-ы «бейбіт оппозициялық қозғалыс» деп атады, Қазақстан билігінен саяси қуғындар жасауды тоқтатуды және ҚДТ қолдаушыларын қуғындамауды сұрады.

Құқық қорғау органдарынан Роман Рейхарттың тарапына жасалынып жатқан заңсыз әрекеттерді тоқтатуды сұраймыз.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.