Бұл  цитатаның авторы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гетерреш, оның осы сөзі Твиттерде жарияланып бұл сөзді әлемдегі ақпараттық агенттіктер дереу іліп алып таратып жатыр.

БҰҰ-ң Арнаулы баяндамасында айтылған сөздері «жіліктеп» таратылуда. Ол сөздерде көптеген елдердің  осы шектеулерді, карантиндік шараларды молынан пайдалана отырып  сол елдердегі азаматтардың құқықтарын бұзып, шектеп жатқандықтары өте айқын байқалады.

«…Бұл дағдарысқа ең дұрыс жауап — шынайы төніп тұрған қауіп қанша болса, соншалықты адамдардың құқын қорғап, тиісінше соншалықты заңдардың басымдығы болуы керек.. Пандемия қосымша қиындықтарды туғызып жатыр, ол қиындықтар азайтылмаса, жағдайды шиеленістіреді, азаматтардың арасында тәртіпсіздіктер жасауды арандатады. Оның арты қауіпсіздік қызметтерінің қатаң шараларын қолдануға апарулары мүмкін. Біз атқарып жатқан істеріміздің барлығында ұмытпайық, қауіп вирустан емес — адамдардан туындайды».

БҰҰ-ң Бас хатшысы «кейбір елдер» дегенді айтты, өз сөзінде олардың аттарын атамаған болса Халықаралық құқық қорғау ұйымы  HumanRightsWatch (HRW) ешқандай дипломатиялық сыпайылықтарды жиып қойып өз мәлімдемесінде олардық «қажеттіліктің шеңберінен шығып кеткендігін», олардың азаматтардың құқықтарын бұзып жатқандығын айтып Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдерінің атын нақтылап атап көрсетті. Аттары «станмен» аяқталатын осы елдердің барлығы жұқпалы ауруға қарсы жасап жатқан шараларын «қоғамда азаматтардың арасында молынан ақпарат таратуға тырысып жүрген немесе азаматтардың құқын қорғамақ болған журналистерді, денсаулық сақтау қызметкерлерін және басқаларды қуғындау үшін пайдаланып жатыр» деді.

Қазақстан елінің басшылығы жайлы мәлімдемеде былай делінген: елдегі істеп жатқан заңнамалар сөз бостандығын шектеуге пайдаланылуда, атап айтқанда белсенді Бағдат Бақтыбаевтың үстінен болған сот мысалға келтірілген. Оған тәртіпсіздіктерді арандаттың деп айып тағылған, оның кінәсі — әлеуметтік төлемдерді алуға тұрған адамдардың кезекте тұрған суреттерін әртүрлі инстанцияларға жолдағандығы.

Сонымен бірге жалған ақпараттарды таратқаны үшін деген айыппен Әлнұр Ильяшевтің қамалуы, Арман Шораевтың ТЖ жағдайында қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа арандатты деп ұсталуы айтылған..

Мәлімдемеде жағдайдың  «Әділ сөз» берген сараптық бағасы берілген: «Қазіргі болып жатқан жағдайға (қамауларға байланысты) түсініктемелер беру өте қиын, түрмеге жабылудан қорқып, ұнамайтын пікірлердің аузын жабу… дегеннен басқа ештеңе айта алмаймыз..»

«Қазақстандағы карантиндік шаралар ешқандай өлшемге,  шеңберге сыймайтын әдістермен жасалуда. 16 сәуірге дейінгі деректер бойынша 5000 астам адамға карантиндік ережені бұзушылық жасағаны үшін әкімгершілік айып салынған, олардың 1626 түрмеге салынған. Бұл қамаулардың заңдарға сәйкестіктері белгісіз».

«Хьюман Райтс Вотч» ақтөбелік  Ляля Исламовамен сөйлескен, бұл кісі үкімет карантиндік шараларды енгізгенге дейін өз бетінше оқшауланбақ болыпты.  Әлеуметтік желіде әзілдеп «кофе алуға шығып карантинді бұздым» дегені үшін полиция оны ұстап сот үш күндік қамауға салған. Судья шымкенттік бір белсендіні төтенше жағдай кезінде  полицияның бақылау-өткізу бекетіндегі өтіп жатқандарды бейне камераға түсіріп оны әлеуметтік желіде көрсетіпті деген айып тағып  35 тәулікке қамауға үкім шығарған».

 «Қамаудағы ұсталған адамдардың денсаулықтарының қалай қорғалып жатқандары белгісіз. Орал қаласындағы құқық қорғаушының айтуынша әкімгершілік айып бұзғаны үшін жазаланғандар әр камерада 4-6 адам жатады, араларында әлеуметтік қашықтық жоқ дейді.  Белсендінің айтуынша медициналық изоляторлар да жоқ көрінеді. Қамауда жатқандардың арасында Covid-19 вирусының таралуын болдырмау мақсатында үкімет  карантинді немесе коменданттық сағатты бұзды деп адамдарды ұстай берудің орнына қамалғандардың санын азайтқаны жөн».

«Кем дегенде Қазақстанның екі қаласында шенеуніктер  Covid-19 шыққан екі тұрғын үйдің подъездерін жауып тастаған. Бір жағдайда белсенділер мен елдегі адам құқын қорғаушы уәкілдің сынынан соң салынған құлып алынса керек. Павлодар облысының ақпарат құралдарының айтуынша облыста кем дегенде 11 кіру есіктері жабылған, іште қалған тұрғындардың тағдыры еріктілерге қарап қалған, еріктілер оларға өз ақшаларымен тамақ, басқа көмектер берген. Басқа қалаларда үйді, үлкен ғимаратты  қоршап  сыртынан полицейлерді күзетке қойған. Жаңалықтар таратушы агенттіктердің айтуынша билік мұндай шараларды неге жасап жатқандарын тұрғындарға түсіндірмеген және мерзімін айтпаған».

 Хьюман Райтс Вотчтың айтуынша, тұтас бір үлкен тұрғын үйді вируспен науқас болғандығы үшін жауып тастау, тұрғындарға үйлерінен шығуға тиым салу өте өрескел ақтауға болмайтын шара.  Covid-19 қарсы, оны болдырмау мақсатында жасалып жатқан мұндай шаралар нақты қажеттілікке сәйкес келмейді, керісінше вирустың тұрғындар арасында тарап кету қаупін туғызады.

Сонымен бірге Қазақстан билігі адвокаттар мен құқық қорғаушыларға жазаларын өтеу мекемелеріндегі сотталушылармен  кездесуге барынша кедергілер жасап жатқандығы белгілі.  Осы орайда «…25 наурызда БҰҰ-ң азаптау жасаулардың алдын алу жөніндегі Подкомитеті (бұл комитет келісім-шарттың орындалуын қадағалайды) хаттаманы орындаушылардың барлық жақтарына арналған Жетекші құрал шығарды. Онда өте айқын жазылған, ресми бақылаушылар «коронавирус пандемиясы кезінде   қазіргі әлеуметтік кездесулерге қойылған заңды шектеулерді ескере отырып өздеріне жүктелген мандатты атқарулары тиіс».

«.. Азаптаулардың алдын алу мәселесі бәрінен де маңызды, абсолютті міндет саналады, мейлі төтенше жағдай кезінде болсын, бақылаушыларға қамауда отырғандармен кездесуге толық тиым салынбайды, олар бұл жұмысында ұсталғандармен конфиденциалды электронды және бейне байланысты қолдануларына болады. Белсенділердің айтуынша мониторингтерге тиымның салынуы азаптау жағдайларының көбеюіне әкелулері мүмкін»- дейді Комитет.

Біздің байқауымызша, адам құқы жөнінде тұрақты мониторинг жүргізіп отырған БҰҰ- да, халықаралық құқық қорғау ұйымдары да, атап айтқанда  – HRW ұйымы, диктаторлық режимі бар елдердегі жағдайларға, атап айтқанда Қазақстандағы пандемия кезіндегі адам құқы мәселесіне көңілдері толмайды.

Олардың беріп отырған бағалары объективті нақтыланған деректерге сүйенеді. Бұл бағалар қазақстандық билік пен оның құлдық санадағы айналасындағылардың былшылға толы демагогиясын быт-шыт етіп отыр.  ш налоговый подарок может помочь остановить нарушения прав человека и спасти жизни людей во всем

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.