СҰРАҚ-ЖАУАП

Сұрақ: Сотталғандар үшін өз бетінше денсаулығын пандемия жағдайында ұстап тұруға қандай мүмкіндіктері бар?

Жауап:   Әрқайсымыз өзіміздің денсаулығымыз жайлы қам жейміз, аурудың алдын алу үшін профилактика жасаймыз. Жазасын өтеу мекемелеріндегі сотталғандар  да сондай дәрежеде өз денсаулықтары жайлы қам жеулері керек. Әсіресе қазіргі  төтенше жағдай кездерінде. Дегенмен заң баптары бойынша кейбір шектеулер қарастырылған, соларды пайдаланып денсаулықтарыңызды күтуге құқықтарыңыз бар. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2014 жылғы жылғы 17 қарашадағы № 819  «Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту жайлы» бұйрығы бойынша сырттан келетін сәлемдемелер, бандерольдар арқылы, мекеменің дүкендерінен дәрігер рұқсат еткен дәрі-дәрмектерді алуға рұқсат етіледі. Олар мекеменің дәрігерлік бөлімінде сақталады. Яғни сотталушы қарапайым дәрілерді, витаминдерді қалауынша алуларына болады.  Егер түрмеде отырған адам өз денсаулығын ойлап аурудың алдын алу  мақсатында дәрігердің рецебінсіз берілетін  дәрі-дәрмектерді алғысы келсе, ондай кісіге тиым салынбауы керек. Сот шешімі  адамды еркіндігінен айырды, бірақ оның өз денсаулығы жайлы қам жеу құқынан айырған жоқ.  Ол сырттан келетін сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы рецепсіз сатылатын дәрілерді  дәрігерлердің бақылауымен алып тұруға, қабылдауға мүмкіндігі болуы керек. Бұған қарсы нормалар сотталғандардың өз денсаулығын сақтау құқын шектейді, бұзады. Бұл мәселезаң шығаратын жоғарғы деңгейде реттелуі керек.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.