Осылай болған еді…
7 сәуір күні сағат жетіге таман Жуков көшесі 21 үйдің қасында тікелей эфирге шықтым. Эфирге дейін не болды?

Мен әуелде дүкеннен нан алуға шыққан едім. Есіктің  алдында бір көзімнің қырымен байқадым, ақ жеке меншік «Нива» тұр екен, бірақ ішінде кім отырғанын қарамадым. Сәл ғана жүре берген едім, біреу атымды атады. Сүйтсем қызметкерлер екен, артымнан келе жатқан, тоқтауымды сұрады. Бұлар экстремизммен күресушілер Шадияров және Түгелов дегендер екен. Тарих ұмытпайды!  Кейін Түгеловтан белгілі болады, олар басшыларының тапсырмасы бойынша менің қай жерде жүргенімді анықтамақ екен. Шадияров бірінші болып келді, куәлігін көрсетті, бірақ шақыру қағазынсыз, өзін таныстырды. Түгелов өзін жай ғана таныстырды. Учаскелік полицей Мағзұмовты күтіңіз деп қадалып өтінді. Мен мақұл дедім де бір-екі қадым жүріп фейсбукқа тікелей эфирді қостым. facebook. https://www.facebook.com/sagutdinov.aslan/videos/595429837708819/  Эфирде Түгеловтан қызметтік куәлігін көрсетуді сұрадым, бірақ ол бас тартты. Олай болса кеттім, қажет болсам қуып жетесіңдер дедім. (Шынын айтқанда, мен оларға жақсылық жасап тоқтадым, мен біреуді күтіп тұрмын дедім, бірақ олардың маған деген пиғылдары теріс болды, неге мен олардың біреуді күтейік дегеніне келісуге тиіспін). Яғни ол жерде мен қашып тұрған жоқпын, менің оларға қуып жетерсіңдер дегенім өз қалауларың болсын дегенім болатын. Осының барлығы эфирден көрініп тұрды. Мен кейбір моменттерді нақтылап отырмын, кейін де нақтылайтын боламын, себебі бірінші бетпе-бет сөйлесу кезінде Шадияров та, Түгелов та менің көрсетулерімді үзіп-үзіп жұлмалап бұзып отырды. Эфирдің көмектескені қандай жақсы болды! Олардың айтуынша, мен қашып кетемін деппін, сондықтан мені қолымды қайырып күшпен «Ниваға» отырғызыпты — Шылғи өтірік!  Шадияров маған шақыру қағазын көрсеттім дейді — Өтірік! Артынша учаскелік  Мағзұмов келді, өзін таныстырды, қызметтік «Ниваға» отыруымды сұрады, сосын бірден ұстау хаттамасын толтыра бастады. Маған тиісті құқымды оқып берді, бірақ іспен таныстырмады. «Неге?» деп сұрадым, маған қандай іс бойынша айып тағылды дедім, бірақ жауабы жәй айтылып ести алмағандықтан қайта сұрадым. Оған жауап берген жоқ.  Мақұл, іспен таныстырмады, бірақ таныстыруға болатын еді ғой.. (анықтаушының бейне таспасы бар),жартысын толтырып телефонымды алуға сұрады. Бірақ, мен оны берген жоқпын, адвокат шақыруды талап еттім. бірақ адвокатты шақырмады, бірақ менің сынған мүлкімді күшпен тартып алуға тырысты! Менің білуімше затты алу хаттама толтырылып жатқан кезде жасалмайды және де екі куәгердің қатысуымен жасалуы керек. Олардың жасаған әрекеттерін зорлық деп санаймын. Телефонды тартып ала алмаған соң учаскелік полицейдің жүйкесі қозып кетті. Артқа шегініп періп жіберді, үнім өшіп қалды. Сосын Абай бөлімшесіне алып келді. Бөлімшеге алып келе жатқан жолда Шадияров менің телефонымды тартып алу әрекетін қоймады. Сондай сәттің бірінде, шамамен Евразия мен Мұхиттың бұрылысында мені тұншықтыруға тырысты. Шындап тұншықтырды, анықтаушының бейнетаспасы бар. Әрине, мені бұл жағдай шынымен үрейімді ала бастады!  Осы сәтте көліктің артқы әйнегін ұшырып түсірдім (әйнек сынған жоқ, кейін орнына қойылды). Осы кез мен үшін өте қорқынышты сәт еді, оған қоса, менің жасаған іс-әрекеттерім наразылықтың белгісі еді, көмекке шақыра бастадым. Осы кезде патруль  көлік келіп барлығы 6 полицей  телефонымды тартып алып қолыма кісен салды. Жеке бетпе бет кездесу кезінде Шадиаров мені тұншықтырған себебі — мен қабырғаға басымды ұрып жарамын деппін — Өтірік!  Абай бөлімшесіне алып келген соң учаскелік полицей ұстау хаттамасына қол қойды. Маған танысуға беріңдер дедім де хаттаманы алып көздерінше наразылық ретінде жыртып тастадым. Түсінемін, менің істегенім ақылды болған жоқ, бірақ хаттама адамды ұстаған жерінде куәгерлердің қатысуымен болуы тиіс, бір сөзбен айтқанда мені заңсыз ұстады.. Айтпақшы, осы жерде ғана учаскелік полицейденбілдім, мені Дана Дүйсекенованың арызы бойынша (алаңда маған тиісе бергені үшіноған «пошел на х…» дегенім үшін) майда бұзақылық жасаған деп ұстапты. Енді ғана түсініп отырмын, ол әйелдің мақсаты мені әкімгершілік жолмен емес, қылмыстық іс бойынша жауапқа тарту болған сияқты. Осының барлығы бір бірімен байланысып жатқан факторлар. Бұдан соң, неге екенін білмеймін дәрігерлік травмопунктқа бардық, ол жерде мені ешкім қараған жоқ, жәй отырдық. Сосын наркологияға бардық, өмірімде бірінші рет түтікке үрледім, әрине ештеңе тапқан жоқ. Сосын ішкі істер басқармасына барып бейне таспада не болғанын айттым — https://youtu.be/LOt6YxdsOrs . Сосын бейнекамералда унитазды, раковина мен есікті наразылық ретінде сындырдым. Адамды ұрлауға полицейлердің де құқылары жоқ. Сол себептен де мені үкімет адамдары тағыда жабатын болса ол жердегі заттардың бәрінің быт-шытын шығарамын деп уәде бергенмін, міне бейнетаспасы  — https://youtu.be/MviWAY-1eiY +  Мені полиция бастығы Мирлан Айкеновке алып келгенде мен бүгінгі ТЖ кезінде қарапайым азаматтар онлайн соттан өтуі тиіс, егер мені қамайтын болсаңдар ондағы заттардың быт-шытын шығарамын дедім. Солай етіп орындадым, мені қамады. Камерада не істегеніме өкінбеймін. Айтқанымды орындадым, бұл мен үшін абырой. Полицейлер менің диктатура туралы айтқаныма:

— Біз бәрін түсініп отырмыз, бірақ ол біздің жұмысымыз. (Жиі айтылатын пікір, полицейлер Дулат Ағәділдің өлімін осылай ақтап отыр ма?).Учаскелік полицей Мағзұмовтың (ТЖ кезінде379 УК РК бағынбады деп менің үстімнен рапорт жазған) әділ болғанын айтуға тиіспін, үлкен донер  алып берді, екеуара сөйлесіп отырдық. Оның мені жазалауға құлқы болған жоқ, айып таққан жоқ. Бірақ маған қарсы рапорт жазу жөніндегі бұйрықты орындады.
Айтуға тиіспін, жергілікті билік маған қарсы үлкен істі ойластырған сияқты. ҚР Қылмыстық кодексінің 379  бабы бойынша іс қозғаған — ТЖ кезінде билік өкіліне бағынбағаны үшін. Екі жылға дейін бас бостандығымнан айырулары мүмкін.

Полицей
— Дуйскен деген бұрын болған майорды білесің бе?
— Білемін фамилиясы есімде қалыпты, мені тергеген болатын. Дүйсекеновқа ұқсайды екен.Неге бұрын БОЛҒАН?
— Оны шығарып жіберді, сен үшін.
— Қалай, мен үшін?
— Қамаудан қашқаның үшін
— ?
Мемлекеттік адвокат Римма Марленованың және анықтаушы Жангереевтің айтулары бойынша маған 379 бабқа қосымша камерада сындырған заттарым үшін, хаттаманы жыртқаным үшін қылмыстық істер қосылмақшы екен. Қазір лингвистикалық сараптамада менің сөздерімді тексеріп жатыр, ҚР ҚК 378 бабы, билік өкілін  «мусорлар — елдің ұятсыздары» деп айтқаным үшін.

Анықтаушы бірінші рет мемлекеттен бөлінген адвокат Римма Марленоваға телефон соқты.
— Сәламатсыз ба, бір кісіге адвокаттың көмегі керек болып тұр, пәлен жерге келіп кетесіз бе?
— Отырғызасыз ба? (сөзі маған естіліп тұр)
Келген соң қорғаушыдан сұрадым, бұл қандай сұрақ, отырғызуды сот шешпей ме?
— Қазір бұл бап бойынша бәрін отырғызып жатыр.
…Қорғаушы осы бір сөзімен мені «өлтірді»…
бетпе бет болған кездесу кезінде қарсы жаққа қалай өз ойын дұрыс айту керектігі жөнінде ақыл беріп жатты. Мен ескерту жасадым, қоймайды, жалғастыра берді. Кімнің адвокаты екенін білмеймін..

Қазір менің өз қорғаушым бар, мемлекеттен емес. Сабырлы болып келе жатқан сияқтымын, сөздеріне рахмет!  Айтпақшы, бетпе бет кездесу екі рет болды. Екі ретінде де экстремизммен күресуші қызметкерлер Түгелов, Шадиаров және учаскелік полицей Мағзұмов әртүрлі көрсетулер берді. Қазақстанда жақын күндері өзгерістердің болатынына, өмірдің өзгереріне сенемін!

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.