ҚР ІІМ ҚАЖ-ң комитеті, Коррупцияға қарсы комитет, Бас прокуратура жедел түрде Қостанай қаласының УК/ 161/4 мекемесінде болып жатқан жағдайларға байланысты шұғыл шаралар қабылдауларыңызды сұраймын.

Не болып жатыр? Неге еш қимылсыздықтарыңыздың арқасында Сіздер өз қызметкерлеріңізге озбырлық жасауға жол беріп отырсыздар? Президенттің жемқорлыққа және азаптауларға қарсы ешқандай ымырасыздықпен күресу керек дегені неге сөз жүзінде қалып отыр?

Жемқорлыққа қарсы комитет осы кезге дейін ешқандай шаралар көрмеген, сотталушы мекемеде жемқорлық фактілері жөнінде бірнеше рет арыздар жазған, қызметкерлердің кабинеттерінен сотталушылар туысқандарына телефон соғып пәленбай сомадағы ақшаны әртүрлі шығындар үшін аударуды не себептен сұрайды. Бұл ақшалар «жақсы отыру үшін, соттан өту үшін, жақсы «мінездеме» алу үшін» т. б. талап етіледі екен. Сотталушы айтады, айғақтар бар, бірақ жариялай алмаймын дейді. Сотталушы айтып отырған осындай жемқорлықтың мысалдарын дәлелдеу қиын да емес, ықлас пен ниет болса.

Прокуратурадан сұрайтыным, неге Сіздің атыңызға сотталушылар өз арыздарын жібере алмайды?  Қалайша сотталушының Бас прокурорға жазған хатына байланысты келесі күні прокурордың көмекшісі мекемеге келіп, қолында арыздың көшірмесі, мен арызды тексеруге (бір кештің ішінде) келіп отырмын дейді? Қалайша бас прокуратура бір кештің ішінде сотталушының арызын қарап оны қайтадан жібере алады? Қалайша бас прокуратураға жіберілген арызға байланысты ешқандай шара қабылданбайды және ешқандай жауап берілмейді?

Қылмыстық атқару жүйесінің комитеті (ҚАЖК), ҚАК, сіздердің комментарийлеріңіз бойынша бәрі заңмен, бәрі ішкі тәртіп ережелеріне сай, барлық арыз-шағымдар электрондық форматпен жіберіледі дейсіздер, шын мәнінде айтқандарыңыздың барлығы неге өтірік болып отыр?

Не себептен бұл мекемеде    СПП төрағасы «басқарушы» болып отыр?

Не себептен сотталушы шағым хат жазған соң оған қарсы «репрессиялық» әдістер қолданылады?
Кеше ғана мекемеде болған жағдайды, сотталған мүгедек наразылық ретінде аузын тікті депжазған едім, ал бүгін таңертең тағы екі мүгедек ауыздарын тігіп аштық жариялаған, түс мезгілінде сотталушылардың туысқандары олардың халдері нашар деп телефон соғып жатыр, бұл қалай?

Өз құқықтарын қорғап суицид жасауға тырысқан, арыз-шағым жазған мүгедектердің 3-і отрядын кеше тапсырма түсіп әртүрлі отрядтарға таратып жіберген, сотталушылардың көпшілігін туберкулез изоляторына жапқан. Бір сөзбен айтқанда, қазір мекемеде мүгедектер отряды жоқ, ол «жойылды».

Осындай әдіспен сотталған мүгедектердің үнін шығармайын дегені ме? Айтылған деректерді тексеріп сотталғандардың қауіпсіздіктерін мекеме қызметкерлерінен және ДПА-дан  қамтамасыз етуді талап етемін.

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.