Қазақстан билігі COVID-19 пандемиясын наразылықтарға қарсы заңдарды қабылдау үшін пайдаланып жатыр

Қазақ елінің басшылығы  пандемия вирусын наразылықтарға қарсы заңдарды қабылдау үшін пайдаланып жатыр.

22.04.2020
Норвегияның Хельсинки комитеті және Европаның ынтымақтастық жөніндегі қауіпсіздік ұйымының 24 басқа құқық қорғау ұйымдары Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат дайындап, онда  азаматтардың жиын бостандығын шектейтін шала дайындалған заңға қарсы наразылығын білдірмек. Қазақстан қазіргі таңда әлемнің басқа елдері сияқты Covid-19 жағдайында отырғанына қарамастан заңның қабылданатын түрі бар..

Қайта қаралған Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу жайлы заңды сарапшылар мұқият талдап өз ұсыныстарымен заң шығарушыларға ұсынған болатын. Қазақстандағы жиын өткізу бостандығы көптен бері келе жатқан проблема деді аға кеңесші Ивар Дейл.

— Біз бірнеше рет жұртшылықтың  наразылық білдіру құқығының бұзылып жатқандығы жайлы  айтқанбыз, елде бейбіт жиынға шыққан белсенділердің құқтарының талай рет бұзылғандықтарына куә болдық. Қазақстанға бүгінгі демократияға бет бұратын кез жетті. Жиындар мен одақтардың еркіндігі демократияның бұзылмас бөлігі деді ол. Тоқаевқа жіберілген хат сонымен бірге БҰҰ адам құқы жөніндегі Жоғарғы комиссарына, БҰҰ бейбіт жиындар мен одақтар еркіндігі жөніндегі арнайы баяндамашысына, БДИПЧ\ОБСЕ директорына да жіберілмек.

Түпнұсқа мына сілтеме бойынша: Statement-Draft-Law-FoA.pdf

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.