Евгений Жовтис, 22  сәуір 2020 жыл

Қазақстанның денсаулық министрі Е. Біртановтың сұқбатын оқығаннан кейін өз ойларыммен бөліскім келіп отыр.

  Ақпан айының соңынан бастап жаңа  COVID-19 коронавирус жайлы хабарлар көптеп беріле бастаған уақыттан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДҰ) ұйымының ресми хабарларын, атақты вирусологтар мен жұқпалы аурулар мамандарының пікірлерін, олардың пікір таластары, әлемдік жетекші ғылыми мекемелердің, орталықтардың, институттардың (ағылшын тілін жақсы білгеннің пайдасы) зерттеулері жайлы ақпараттарды үзбей оқып келемін.

Өзім дәрігер болмасам да ауырған кездерімде дәрігерге барып көрінемін, қалай емделуге байланысты кеңестер аламын, жалпы алғанда аурудың алдын алу сияқты барлық сұрақтар қойып оларды тыңдаймын. Оның үстіне жас емеспін, сондықтан біз сияқтылар мамандардың кеңесі бойынша әлсіз ауыршаңдар тобына жататындықтан, бұл коронавирус менің өміріме ерекше әсер етіп отыр. Бірнеше апта болды, оқшауланып өмір сүрудемін, содан болар осы бағытта зерттеулер жүргізіп жатқан абыройлы мамандардың  сұқбаттары мен әңгімелерін жинақтап жүрмін. Солармен, яғни жасаған кейбір қорытындыларыммен бөліспекпін.

Айтпақшы 16 наурыз күні коронавирусқа сынақтан (тестілеу) өттім. Себебі 13 наурыз күні Нью-Йорктан ұшып Франкфурт пен Стамбул арқылы елге жеткен болатынмын. Нәтижесі — теріс, бірақ 17 наурыздан бастап карантиндік талаптың барлығын орындап жүрмін. Менің тұжырымдарым зерттеулердің нәтижелеріне, вирусология мен жұқпалы аурулар жөніндегі әлемдік жетекші мамандардың және ДДҰ-ң сөздеріне негізделген.

Конспирологиялық теорияларды басшылыққа алып жүргендер — «әлемдік үкімет» құрғысы келетіндер бар екен, әлемді жаулап алу ойлары бар екен, жер шарында халық көбейіп кетті, әуелі азиялықтарды, сосын африкалықтарды азайтқысы келетіндер, бұл індет бактериологиялық сынақ қаруы екен деушілер менің бұл жазғанымды оқымай-ақ қойсын. Себебі, әртүрлі аңыздар мен мифтер, үгіт-насихаттық дилетанттық деңгейдегі пікірлер мені қызықтырмайды.  Оған қоса коронадан зәресі қалмайтын үрейшіл де емеспін, бірақ өзімді, отбасымды, өзім басқаратын ұйымдағы қызметкерлерімді тәуекелшілікке итергім жоқ. Тек қана жауапты шешімдерді қабылдағанды дұрыс санаймын, мейлі қысқа, орта мерзім уақытқа болса да.

Сонымен, айтайын дегенім:

  1. Бұл жаңа вирус. Адамзат баласы бұл вируспен бұған дейін кездескен емес. Корнавирусқа ұқсайтын бұл вирус SARS-а ұқсайды, бұл пневмонияның басқа түрі, 2003 жылы болған эпидемияға ұқсас, бірақ жаңа вирус, жаңа ауру.  COVID-19 – бұл атауы, себебі ол 2019 жылы анықталған, вирустың 19-, 18-, 17-і түрі емес. Бұл вирус жаңа болғандықтан, көптеген сұрақтарға  дұрыс жауаптар әзірше табылмай отыр. Қазіргі әлемде жүріп жатқан тоқтаусыз зерттеулер ол жайлы жаңалықтарды аша бермек.
  2. Зерттеушілердің басым көпшілігінің айтулары бойынша бұл вирус табаиғи жолмен пайда болған, сірә адамға жануарлардан келген болса керек. Дегенмен кейбір ғалымдар бұл вирус инфекция басталған Қытайдың Ухань қаласындағы лабораторияларда байқаусыз сақтық шарасын қабылдамаған жағдайда тарап кетуі де мүмкін дегенді айтады.
  3. Адамдар көп жағдайларда сандық көп мөлшерде COVID-19-пен салыстырғанда жүрек ауруларынан, рактан, тіпті тымаудан көп өліп жатыр. 2003 жылғы SARS және 2009 жылғы «шошқа тымауы» сияқты жұқпалы аурулардың да эпидемиясы болды, бірақ ол кезде ешкім ешқандай қаланы, тіпті елдерді оқшауландырған жоқ қой.

 COVID-19 -ң проблемасы сол, бұл вирус екі бірдей қауіпті сипатты бойына жинаған: өте жоғары жұқпалылығы (бір адам орта есеппен 2-3 адамды жұқтырады, аурудың  тарау мүмкіндігін бақылау өте қиын, (0,9 — 1,2 шартты жұғу кезінде ғана бақылауға болады) және салыстырмалы түрде өлім жиілігі жоғары (орташа 4-5 пайыз, бұл қәдімгі тымаудан 5 есе жоғары,  тіпті Италия, Испания, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Швеция, Нидерланды, Мексика, Индонезия, Гондураста 8-15 пайыз болды).  Жүрек аурулары немесе рактан адам өлімі жоғары, бірақ жұқпалы емес. Ал SARS пен «шошқа тымауы» жұқпалы, өлім жиілігі онша жоғары емес, тарау жылдамдығы да жоғары емес. Ал тымау жұқпалы, бірақ емдеуге көнеді.

  1. Әлемде бұл вирустың тарамаған жері қалмады іс жүзінде. Бүгінгі таңда ауырғандардың саны 2,5 миллионнан асты, өлгендер саны 180 000 жуық. Бұл жерде ерекше айта кететін бір нәрсе, оның тұрақты түрде өсуі, көптеген елдерде ауруды жұқтырғандардың саны бір айдан аз ғана көп уақытта 30-500 рет өскен. 12 наурызда АҚШ-а ауырғандар саны 1600 болса, бүгін 820 000. Ресейде 13 наурызда 45 жағдай болса, бүгін 52000 асты. Қазақстанда 13 наурызда 4 жағдай болған болса, бүгін 2025. Әрине бұл сандарды белгілі бір елдердің халық санымен салыстыруға болмайды десек те, олар нақты адамдар емес пе, біреулердің әжесі, атасы, туысқандары, тіпті орта жастағы, жастар, тіпті балалар да бар. Сонымен бірге әртүрлі елдер арасында ауруды жұқтырғандар мен өлгендердің сандары бойынша айырмашылықтар өте үлкен. Айырмашылық бірнеше рет, тіпті ондаған рет. Осыдан заңды сұрақ туады, неге?

Оның бірнеше жауабы бар. Біріншіден, ауруды жұқтырғанның саны қанша екенін ешкім білмейді, ауырып жазылып кеткендердің де саны белгісіз, кейбір кезде бұл ауру еш белгісіз, кейде тымауға ұқсас белгілермен келіп кетеді екен. Біз негізінен алғанда ауруханаға жатқызылғандарды және «иа» деген белгімен сынақтан (тест) өткен нәтижелерді есепке аламыз. Сонымен бірге үйде өлгендерді немесе басқа коронавирусқа ұқсас жұқпалы аурудан өлгендерді, бірақ тестіленбегендерді де есепке алмаймыз.  Коронавирус басқа да ауруларды қоздырады, адамның өлімі сол басқа ауру деп саналынады. Екіншіден, кейбір елдерде әсіресе диктатура жайлаған немесе авторитаризм билеген елдерде олардың халықаралық ұйымдарға беріп жатқан деректері күмән тудырады.   Түрікменістанда осыдан екі апта бұрын ғана «коронавирус» деген сөзге рұқсат берілді, қазір ресми түрде бұл елде 7 ауру бар.  Үшіншіден, көп мәселе тестілеу жұмыстарының масштабына байланысты, себебі аз да болса ауру жұқтырғандардың есебі жүргізіледі, бірақ аурудың белгілері жоқтар жайлы ақпараттар жоқ. Аурудың белгілері жоқ, бірақ адам ауруды жұқтырып жүре беруі де мүмкін.  Төртіншіден, кейбір елдер аурудың алғашқы толқынының шыңдау дәрежесінен өтсе, кейбір елдер ауруға шалдығудың бастапқы шағында. Басқа да факторлар баршылық, бірақ олардың қанағаттанарлық жауаптары жоқ.

  1. COVID-19 негізінен алғанда ауа-тамшы жолымен таралады, жұқтырған адам түшкіреді, жөтеледі, дем алған кезінде оған бір метр немесе одан жақын тұрған болса. Соңғы зерттеулердің дәлелдеулері бойынша ешқандай симптомдары жоқ адам ерекше қауіпті болады екен, яғни аурудың белгілерінің пайда болуынан екі-үш күн бұрынғы кезеңі өте қауіпті дейді. Сонымен бірге, вирус заттардың үстінде бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталатын көрінеді. Дегенмен неміс зерттеушілерінің соңғы зерттеулері бойынша ең басты вирустың таралу жолы — ауа арқылы, жұқтырған адаммен жақын қашықтықта тұрған кезінде.  Сол себептен де карантин шаралары, бір бірінен қашықтықта тұру, ауызды тұмшалау, қолды тазалап жуу, ауру жұқтыруды азайтады, дегенмен толық жоққа шығармайды.  Ең қауіпті аймақ ретінде өте көп адамдар жиналатын ұйымдар мен мекемелер саналады: қарттар үйі, мүгедектер үйі, басқа әлеуметтік мекемелер, түрмелер, армиялық казармалар, ауруханалардың өздері болып отыр. Оқшауландыру шаралары жасалмаған, персоналы сақтық шараларын қолданбаған мұндай жерде ауру жұқтырған бір-екі адамның болуы көптегендердің ауру жұқтыруына әкеледі.
  2. COVID-19 вирусы тек қана өкпені көздемейді, қосымша жүрекке, бүйрекке, асқазан жолдарына әсер етеді, ол органдарды да науқасқа шалдықтырады. Ауру жазылды деген сөз, ол адамның құлан таза жазылғанын білдірмейді, себебі толық жазылу ұзаққа, бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Сонымен бірге ДДҰ деректері бойынша жазылған, аурудың белгілері жоқ адам біраз уақыт жұқпалы болуы мүмкін, сондықтан ондай адамды біраз уақыт оқшаулап тексеріп отыру қажет.
  3. Әзірше COVID-19-а қарсы ешқандай тиімді ем жоқ. Бұл вирусқа қарсы вакцина табылғанша, ол вакцина көп болып шығарылғанша, оны кез келген адам пайдалана алатындай жағдай туу үшін кем дегенде бір жылдан екі жылға дейін уақыт керек. Оған дейін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек және де қалыпты өмір сүру арнасына түсуге тырысу қажет.

Сол себептен де дамыған елдерде 3 Т стратегиясын (testing, tracing, treating) ұстанып этаппен қалыпты өмір арнасына оралуы қажет: тестілеуден өткізу, адамдардың контактілерін бақылау және емделу, ауырған адамдарға көмектесу. Ол үшін мемлекеттің ресурстары мол болу мақсатында:

— аурудың белгілері бар адамдарды ғана емес, басқаларды да, қалыпты жұмысқа оралғандарды да тестілеу, олар басқаларға жұқтырмасын, олардың өздерін қорғау;
— «иа» деген оң нәтиже алғандардың немесе аурудың белгілері барлардың барлық кездескен адамдарын тестіден өткізу, қажет жағдайларда оқшаулау;
— денсаулық сақтау мекемелері штаттық режимде жұмыс атқарулары, дәрігерлердің қорғану киімдері мен жабдықтары, жасанды өкпе желдеткіштері т. б. құралдары жеткілікті болуы керек.

Адам  коронавируспен бұрын ауырған ба, жоқ па екендігін антителаға тексеріп тұру қажет, себебі адамның тестісінің нәтижесі «иа» болуы да мүмкін, бірақ бұл нәтиже ол адамның организмінде иммунитет пайда болды дегенді білдірмейді. Бұл тарапта зерттеулер әлі жүріп жатыр.

  1. Кейбір елдерде (Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Австрия) адам өлімінің саны азайып келеді, бірақ бұл жағдай коронавирустың екінші, үшінші «толқыны» болмауының кепілі емес екенін айтқан жөн. Жапония мен Сингапурда соңғы бірнеше күндерде қайтадан жүздеген адамдардың ауруды жұқтырғаны байқалып қайтадан карантин енгізілген. Бұл жағдай ел ішіндегі жүріп-тұруды (мемлекеттер арасындағы қатынасты айтпағанның өзінде) шектеуді алып тастауға кедергі жасауда, себебі аурудың жұғуының жаңа толқыны басталып кетуі мүмкін.

Зерттеулер, вакцинаны іздеу,бұрынғыдан да  тиімді стратегияны табу мәселесі жалғасуда. Түсіне білейік — бұл мәселені бақылап отыру тұрақты жұмыс, вирус бүгін және ертең жоғалып кетпейді, бұл вируспен қатар өмір сүруге мәжбүрміз. Әр адам өзінің вирусты жұқтырмауын неғұрлым азайтып, мен жаспын ғой ауруды жеңемін дегенді ойдан шығару қажет, себебі ол басқа адамды, құрдастарына ауруды жұқтырады, ал ол достарының басқа да аурулары болуы мүмкін, олар өздерінің туысқандарын, қарияларының өмірлеріне қауіп төндірулері мүмкін. Осылай  дерт қаупі жалғаса беруі мүмкін.    Жалпылап айтқан тұжырымдарым осы…

Spread the love

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.